gazeta august 2012

 

Embed or link this publication

Description

gazeta

Popular Pages


p. 1

«Конституция қоғам мен мемлеКетті әлеуметтіК жаңғыртудың негізі» атты халықаралық ғылымипраКтиКалық Конференция основной заКон - гарант благополучия отандық тарих ғылымын жаңғырту - заман талабы сапалы оқулық- уақыт талабы білім беру жүйесіне енгізілетін жаңа пәндер хақында мемлеКет тарихы институтының қызметКерлері запастағы офицерлерге арналған бір айлық әсКери жиынға қатысып Келді КазахстансКие археологи всКрыли могилы воиновКочевниКов в павлодарсКой области обнаружен мавзолей знати времен золотой орды мерейтой құттықтаймыз! 1 3 5 8 9 10 11 12 «Конституция қоғам мен мемлеКетті әлеуметтіК жаңғыртудың негізі» атты халықаралық ғылымипраКтиКалық Конференция Нұрсұлтан Назарбаев форум қонақтары алдында сөйлеген сөзінде халықаралық форумның Бейбітшілік және келісім сарайында өтуінің символдық мәні барын атап өтті. - Конституция - мемлекеттік құрылымның барлық пирамидасының іргетасы. Бейбітшілік пен келісім - XVIII ғасырда алғаш рет енгізілген саяси-құқықтық инновация үшін бекітілген құндылықтар. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықтың әл-ауқаты мен құқығын үйлестіруге ұмтылған ұлы бостандық қағидаттарына негізделген. Бұдан 17 жыл бұрын қазақстандықтар Негізгі Заңды референдум арқылы қабылдауға дауыс бере отырып, даналықтың, топтасқандық пен бірліктің үлгісін қөрсетті. Бүгін біз 1995 жылғы Конституция қазақстандық табыстың басты факторына айналды деп мақтанышпен айта аламыз, 1 Қазақстан республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылдың 30 тамызындаМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған халықаралық ғылымипрактикалық конференцияға қатысты. Конференцияға Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың делегациялры, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері және 20-дан астам елдің құқық қорғау мекемелерінің өкілдері, көрнекті отандық және шетелдік құқықтанушы-ғалымдар қатысты.

[close]

p. 2

Конституция –мемлеКеттің - деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның негізінде жаңа заманауи мемлекеттің ғимараты тұрғызылғанын атап көрсетті. Біз әлемнің дамыған демократиясының көп қырлы тәжірибесін шығармашылықпен қолдандық. Биліктің барлық институттарының халыққа есеп беруі, сайланатындығы, адам құқығы мен бостандығын іске асыру - біздің мемлекеттік құрылыстың негізгі базасы, - деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Конституцияда экономиканы дамытудың базалық қағидаттары туралы мәселе тиімді шешімін тапқанын айтты. Халық пен барша қоғамның игілігіне бағытталған экономикалық өсім негізгі ережелер қатарынан саналады. - Мемлекетіміздің әлеуметтік сипаты туралы конституциялық ережелер біздің экономикамыздың ең қуатты жаһандық дағдарыстың салдарларына шыдап беруіне табысты септігін тигізген базаға айналып отыр. 2010 жылдан бастап, елімізде 440-қа жуық жаңа индустриялық нысан пайдалануға берілді, таяу 5 жылда тағы 250-ден аса кәсіпорын салынатын болады. Ол кәсіпорындарда 150 мыңға жуық қазақстандық жұмыс істейді. Соңғы он жылда білім мен ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларын қаржыландыру бірнеше есе артты. Ең озық технологиямен жабдықталған ондаған ірі медициналық орталық салынды. Жақында Қазақстан донорлық жүректі ауыстырып салу операциясын сәтті жүзеге асырған әлемнің 22 елінің біріне айналды. Біз 2016 жылға дейін 400-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысанын салуды жоспарлап отырмыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент сондай-ақ Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың басты мақсаты Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру болып табылатынына тоқталды. 2 негізі қағидат емес. Ол тірі механизм, оған қоғам жаңа жағдайларға және қазақстандық өмір сапасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік инновация енгізілуін қарастыруы қажет. Мен Қазақстанның әлеуметтік заңнамасының кешенді тізімін жасау, сондай-ақ жаңа заңдарды әзірлеу міндетін қойдым. Біз бүгінде мемлекеттік органдардың ақпараттық қоғамның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы азаматтармен тығыз байланыс жасау тетіктерін дамытуға ерекше назар аударып отырмыз. XXI ғасырдағы табысты қоғам - заңды сауатты білетін адамдар қоғамы. Заңды сауатты білу негізі, ең алдымен, Конституцияны терең білу. Сондықтан халықты құқықтық мәдениетке тәрбиелеу әлеуметтік жаңғыртудың маңызды мәселесі, - деді Мемлекет басшысы. Конференцияда Еуропалық Венеция комиссиясының президенті Джанни Букиккио, Армения Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы, жаңа демократия елдері конституциялық бақылау органдары конференциясының төрағасы Г. Арутюнян, Ресей Жоғарғы Сотының төрағасы Вячеслав Лебедев сөз сөйледі. // ҚазАқпарат 30 тамыз.- 2012 ж. - Соңғы елу жылда әлемде орныққан «Тұтынушылар қоғамының тұжырымдамасы» елеске айналды. Бірқатар елдер үшін бұл терең әлеуметтік дағдарысқа соқтырған, жұтып жіберетіндей факторға айналып барады. Бұндай ортада еңбек құндылығы жойылады. Ал еңбек бостандығына қатысты құқықтың кейбір жерде ауқымы тар және мемлекеттің көмегі есебінен өмір сүру «мүмкіндігі» пайдакүнемдік ретінде әдетке айналған. Сондықтан мен Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын әлеуметтік арқа сүйеушіліктің артып бара жатқанына және еңбек етпестен «жылдам ақша жасаушылық» әдеттеріне балама ретінде көремін, - деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев заманауи мемлекеттің әлеуметтік саясаты әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар санатын қорғаумен қатар, халықтың жұмысқа қабілетті тобына қолдау көрсетуді қарастыруы қажеттігіне тоқталды. Қазақстан Президенті ел Конституциясының әлеуметтік әлеуетін толықтай іске асыру жаңғыртудың басты мазмұны саналатынын мәлім етті. - XXI ғасырда біздің Конституциямызды жаңаша оқу қажет. Негізгі Заң - қатып қалған құқықтық

[close]

p. 3

Конституция-основа государства основной заКон - гарант благополучия действующая Конституция республики Казахстан была принята 30 августа 1995 года на всенародном референдуме. о том, как это происходило, что дала Конституция независимому Казахстану и его народу, рассказывает член национального совета рК, директор института истории государства мон рК, доктор исторических наук, профессор, академик буркитбай аяган был признан официальным языком страны. Это создало необходимый баланс. Прошло более 33 тысяч коллективных обсуждений проекта Главного закона страны, в которых приняли участие более трех миллионов казахстанцев. Это стало определенным этапом становления гражданского общества в Казахстане. Все пункты и статьи Конституции подвергались тщательному анализу со стороны населения. Благодаря этому в Основной закон страны внесено 1100 поправок и дополнений. - Какую роль сыграло это событие в истории независимого Казахстана? - Конституция может стать причиной раскола общества, но может сплотить народ и дать мощный толчок для дальнейшего развития, как это произошло в нашей стране. Сейчас даже трудно представить, но в Казахстане в 1995 году экономика практически не работала, шла миграция из страны некоренного населения, в обществе была некая растерянность. В этих условиях власть взяла на себя полную ответственность, став локомотивом реформ. Перелом же наступил примерно в 1998 году, через три года после принятия Конституции. Конечно, были критические замечания о том, что власть сосредоточена в руках исполнительных органов. Однако история других государств доказывает, что в условиях транзитных эпох, когда происходят глобальные изменения, власть должна быть сосредоточена в руках исполнительных органов. Вот яркий тому пример. В России после самоотречения царя Николая Романова власть перешла к Временному правительству. Но оно не смогло провести четкие преобразования. Представители Временного правительства занялись демагогией, пространными рассуждениями. Как позже говорил Ленин, «власть увязла в грязи». Большевики же, воспользовавшись моментом, просто захватили власть. То, чего Казахстан достиг сейчас, - стабильный тенге, существующая экономика, политическая стабильность, государственные программы, направленные на улучшение социального положения казахстанцев, даже наши достижения в спорте, - все это является результатом принятия Конституции в 1995 году. «Конституция как основной закон, страны отражает волю народа Казахстана, его стремление к утверждению страны «в качестве демократического, светского, правового и социального государства, высшими ценностями которого являются человек, его жизнь, права и свободы». нурсултан назарбаев - В действующую Конституцию вносились поправки... - Да, за время, прошедшее с момента принятия действующей Конституции, изменения и дополнения в нее вносились трижды: в 1998, 2007 и 2011 годах. В 1998 году были внесены изменения и дополнения в 19 статей Основного закона. Изменения коснулись сроков и полномочий Президента, депутатов Сената и Мажилиса, был снят предусмотренный ранее верхний возрастной предел для государственного служащего. Кроме того, поправками 1998 года было предусмотрено, что 10 депутатов Мажилиса избирают3 Буркитбай Гелманович, расскажите о том, как принималась действующая Конституция. - В тот период я занимался политикой и принимал участие в референдуме как сотрудник аналитических служб. Непосредственно занимался проведением социологических опросов, различных брифингов, встреч с населением. Были опасения, что эта Конституция вызовет возмущение населения, протесты, потому что вводились совершенно новые для того времени нормы. Например, частная собственность провозглашалась неприкосновенной. Это то, что советская власть всегда отрицала. Теперь же человек мог стать владельцем собственности в полном смысле этого слова. Несмотря на кардинальные изменения, более 90 процентов населения поддержали новую Конституцию. Был определенный процент, который не принимал эти новшества. Они не могли отказаться от классовой идеологии. А в Конституции говорилось, что мы строим демократическое государство. Согласно новой Конституции, государственным языком провозглашался казахский язык, что также могло вызвать недовольство среди некоренного населения. Однако наравне с казахским русский

[close]

p. 4

Конституция –мемлеКеттің ся на основе партийных списков по системе пропорционального представительства. Существенные поправки в Конституцию были приняты в 2007 году. Их суть сводилась к переходу к пропорциональной избирательной системе, укреплению статуса Парламента за счет введения нормы об утверждении Премьерминистра парламентским большинством и процедуры консультаций Президента с партийными фракциями при назначении главы Правительства. Кроме того, Ассамблея народа Казахстана была наделена конституционным статусом и получила право делегировать своих представителей в Мажилис и Сенат Парламента согласно установленной квоте. В феврале 2011 года в Конституцию были внесены изменения, направленные на установление конституционных основ назначения и проведения внеочередных выборов Президента страны. Думаю, что поправки нисколько не изменили, а, наоборот, улучшили наш Основной закон. В мировой истории очень редки случаи «идеальных» Конституций, которые не дополнялись бы и не менялись. Дело в том, что и Основной закон страны может устареть и не соответствовать требованиям времени, мешая развитию экономики и страны в целом. Если же подобное происходит, нужны кардинальные меры - изменение базового закона. - Согласно Конституции, Республика Казахстан утверждает себя демократическим, светским, правовым и социальным государством, высшими ценностями которого являются человек, его жизнь, права и свободы. Что это значит? - Современная, вобравшая идеи и концепции конституций развитых демократий мира, Конституция Республики Казахстан закрепляет основные общечеловеческие и демократические ценности. Во главу угла она ставит человека с его правами и свободами. Являясь демократическим государством, негізі уровня. Об этом Нурсултан Назарбаев говорил в своем программном выступлении. Года три назад, когда весь мир оказался в тисках мирового экономического кризиса, государство взяло управление экономикой в собственные руки, не уповая на то, что со временем рыночные отношения все расставят по местам. Это очень важный момент. В соответствии с Конституцией частная собственность является неприкосновенной и государство не вправе вмешиваться в деятельность частных банков, строительных компаний и так далее. Но в сложный для частных структур момент Правительство страны оказало необходимую поддержку. В частности, государство поправило дела строительных компаний и банков, находящихся на грани банкротства, что было с пониманием встречено населением. Учитывая сложившиеся обстоятельства и интересы многотысячных дольщиков и вкладчиков, это было просто необходимо. Статьями Конституции также закрепляются право каждого на свободу труда, право на отдых, охрану здоровья, бесплатное среднее образование. Например, в Малайзии государство оплачивает только начальное образование - до четвертого класса. Остальное приходится оплачивать родителям школьников. Есть ряд государств, которые не обеспечивают и этого. Поэтому бесплатное получение среднего образования в Казахстане - это большое достижение. Другой вопрос - высшее образование. Тут государство предоставляет образовательные гранты для тех выпускников, которые набрали высшие баллы по результатам Единого национального тестирования. Если же баллов для грантов недостаточно, то есть альтернатива - платное обучение в вузах, колледжах страны. Дина МУЗДУБАЕВА // «Вечерняя Астана» 30 августа. - 2012 г. 4 Казахстан сегодня позиционируется как правовое, социальное государство. «мы, народ Казахстана, объединенный общей исторической судьбой, созидая государственность на исконной казахской земле, сознавая себя миролюбивым гражданским обществом, приверженным идеалам свободы, равенства и согласия, желая занять достойное место в мировом сообществе, осознавая свою высокую ответственность перед нынешним и будущими поколениями, исходя из своего суверенного права, принимаем настоящую Конституцию». Сегодня Конституция Казахстана следует принципам демократии, и поэтому единственным источником власти установлен народ. Кроме того, Конституция Республики Казахстан признает и государственную, и частную собственность, она гарантирует одинаковую защиту обеих. В Конституции Казахстана установлено, что права и свободы человека принадлежат ему от рождения, и каждый гражданин имеет право на защиту своих прав и свобод в любых судебных инстанциях, а перед законом и судом все предстают на равных условиях. Согласно Конституции, каждый гражданин Казахстана имеет право на жизнь, свободу слова, свободу творчества, а также на свободу вероисповедания, на труд и отдых, охрану здоровья, на бесплатное среднее образование и неприкосновенность жилища. Конституция Республики Казахстан гарантирует независимость судебных органов и главенство их решений. Что значит быть социальным государством? Это, в первую очередь, поддержка и помощь многодетным и малоимущим семьям, других социально уязвимых слоев населения, борьба с безработицей. Безработица, как правило, является спутницей всех государств с рыночной экономикой. В нашей стране этот индекс по сравнению с другими странами очень низок, но и его благодаря вниманию Президента снизят до определенного

[close]

p. 5

от модернизации К созиданию отандық тарих ғылымын жаңғырту заман талабы мемлекет басшысы нұрсұлтан назарбаевтың «қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында туындайтын міндеттерге байланысты мемлекет тарихы институтында дөңгелек үстел жиыны болып өтті. деректанудың отандық таОсының екіншісі тарих рих ғылымындағы орны, ғылымындағы методологиялық Қазақстан тарихы ғылымының дағдарыс туралы. Баршаңызға методологиялық мәселелері, белгілі, жалпы ғылымдағы, оқу орындарында Қазақстан та- әсіресе гуманитарлық ғылым рихын оқытудың проблемала- саласындағы дағдарыс КСРОры, кәсіби тарихшы маман- ның күйреуінен кейін басдарды даярлау мәселелері, талды. Тарих ғылымындағы Қазақстан тарихы бойынша бұрынғы маркстік-лениндік Ұлттық бірыңғай тест тап- методология келмеске кетті. тарихымызды ұлттық сырмаларындағы оқулықтар Төл сияқты тақырыптар талқылауға мүдде тұрғысынан жазуға жол ұсынылды. Талқылау бары- ашылды. ҚР Тәуелсіздігінің 20 сында тарихшы Ғани Қарасаев жылы ішінде жарық көрген та(Өскемен қ.), т.ғ.к., доцент рихи еңбектер методологиялық Нүрзипә Алпысбаева (Алма- дағдарыста тұралап қалмай, Күлпаш ІЛИЯСОВА, ты қ.), тарих пәнінің мұғалімі одан шыққанымызды дәлелтарих ғылымдарының кандидаҒайша Жолымбетова (Аста- дейді. Екіншіден, кеңестік тарих ты, доцент на қ.) және тарих магистрла- ғылымында отандық кәсіби та(Е. Бекмұханов, Дәл осы тақырыпта 2012 ры белсенділік танытты. Осы рихшылар жылдың 6 - тамызында ҚР Білім талқылаудан өрбіген ойлар- А. Нүсіпбеков, М. Қозыбаев, және ғылым министрлігі Ғылым ды тарихшылар қауымымен А. Нұрпейіс т.б.) даярланды, осыны естен шығармауымыз кеКомитеті Мемлекет тарихы бөлісуді жөн көрдік. Аталған мақалада «прези- рек. Иә, дағдарыс жағдайында институтында өткен дөңгелек орын алуүстелде тарихшылар мен БАҚ дент тапсырмасы мен Үкімет кемшіліктердің жоққа шығармаймыз, өкілдері, әл-Фараби атындағы қаулысының орындалмауының ын Қазақ Ұлттық универсиеті дүние ең басты себебі біріншіден, бірақ оларды түзетуге қажүзі тарихы деректану және барлық өркениетті елдер- зіргі тарихшылардың қабітарихнама кафедрасының про- де тарих ғылымының іргелі лет – қарымы жеткілікті. фессоры Қамбар Атабаевтың негіздерінің бірін құрайтын Қоғамдық ғылым саласындағы ұстаным Елбасы қатысуымен, оның «Қазақстан деректану ғылымының Қа- негізгі тарих ғылы- Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзтарих ғылымы өзгертуді зақстанның қажет етеді» мақаласын (Ай- мындағы өзіне тиісті орнын дері мен еңбектерінде көтерілқын. 02.08.2012) талқылау күні бүгінге дейін ала алмауы, ген проблемаларға бағытталған, екіншіден, Қазақстанның та- яғни қоғамның сұранысына мақсатында бас қосты. Модератор МТИ дирек- рих ғылымының таптаурын сәйкес келеді. Ең алдымен, «методолоторы Бүркітбай Аяған болды. болған ескі сүрлеуден шыға ал«Қазақстан тарихы ғылымын май, терең методологиялық гия» және «дағдарыс» сөзінің реформалау қажет пе?» (п.ғ.к., дағдарыс жағдайында отыруы, шығуына назар аударайықшы. Ж.С. Дүйсен), «Қазақстан та- үшіншіден, кәсіпқой тарихшы Екеуі де гректің сөзінен алынған рихы ғылымындағы мето- мамандар даярлау ісінің фор- екен. Методология – «зерттеу дологиялық дағдарыстан шы- масы өзгергенімен, мазмұны туралы ғылым», ал дағдарыс ғудың жолдары» ( т.ғ.к., жағынан күні бүгінге дейін ескі (кризис) - «айыптау», «өзін-өзі доцент К.М. Ілиясова) атты кеңестік сарынмен жүргізілуі» айыптау» арқылы жаңару дегенге келеді. Одан қорқудың қажеті негізі баяндамалар тыңдалып, деген жолдар бар. 5

[close]

p. 6

жаңғыртудан – жасампаздыққа жоқ, бұл жағдайда кез-келген ты жұмыс істейтінін тілге тиек адам тығырықтан шығудың етті. Өкінішке орай, солардың жолын іздейді, прогреске жол ішінде «өзгеше ойлайтын» ашылады. Осы ретте айтатын пікірлі ғалымдардың санаулы бір-ақ нәрсе – салмақты тарих- екендігіне қынжылыс білдірді. шы ғылым саласында сапалық Ол сапаға жұмыс істеудің өзгерістер жасауы керек, нақты мезгілі жеткенін алға тартып, іспен айналысып, құр даурығуға жаңа оқулықтарды бағалау үшін немесе ұрандауға жол берілмеуі тәуелсіз қоғамдық сараптау керек. комиссиясын құруды ұсынды. Деректану ғылымына кел- Мұндай комиссияның жұмыс сек, әрбір тарихшы түпнұсқа- істеуіне басқа ғылыми мекемелық дерексіз сөйлей де, жаза лермен қатар Мемлекет тарихы да алмайды. Деректанушы институтында да мүмкіндіктер деректің қай кезде шыққанына, бар. өзгерістерге ұшырауы мен 2011 жылы 16 қыркүйоның себептеріне, автордың екте өткен Қазақстан такөңіл - күйіне баса назар ауда- рихшыларының І Конгресінде рады. Ал, тарихшылар ең алды- сөйлеген сөзінде ҚР Білім және мен, зерттеу обьектісін ашуға ғылым министрі Бақытжан көңіл бөледі, сан мыңдаған Жұмағұлов Қазақстан таридеректерге тарихи талдау жа- хы мен зерттеу методологиясы сап, тың мәліметтерді ғылыми бойынша ортақ тұжырымдама айналымға енгізіп отырады. жасау қажеттілігіне баса көңіл Осылайша шынайы тарихты аударған еді. Сондай-ақ, ол тажазуға үлесін қосады. рихшыларды «Ғылыми қазына» Қазіргі кезде бүгінгі за- мемлекеттік бағдарламасы аяман талабына сәйкес Тарих сында жұмылып жұмыс жасауға ғылымын, бұрынғыдай «Отан шақырды. тарихы», «Жалпы тарих», Модератор осы бағдар«Деректану, тарихнама және ламаға сәйкес «Ұлы Дала зерттеу әдістері» деп бөліп тұлғалары» сериясымен инстиқарастырмау керек. Соңғы жыл- тут ғалымдары да бірқатар дары үш сатылы (бакалавриат, ғылыми жобаларды іске асырып магистратура, докторантура) жатқанын атап өтті. білім беру жүйесінде тарих Өткен ғасырдың бірінші ғылымдары бір ғана шифрмен ширегінде құрылған мем(070000) беріледі, осы мәселені лекетіміз Қазақ АКСР, одан қаперде ұстаған жөн. Осы тұста кейін Қазақ КСР-ы аталғаны ескеретін тағы бір мәселе бар, тарихтан белгілі. Біздіңше, тәуелсіздік жылдары тарих осы атаудың өзімізге қайта ғылымдары бойынша жарық оралуы алыс емес. Сол кезде көрген еңбектердің ғылыми- «Қазақстан тарихы» атауының көпшілік қауымға жетпей түйіні өздігінен шешілмек. қалуы. Әзірге, оны шешудің Егер, біз жақын арада 12 бірден-бір тиімді жолы - интер- жылдық білім беру жүйесіне нет желісі арқылы арнайы сайт- көшетін болсақ, Қазақстан татар ашып, сонда орналастыру рихын оқыту соған икемделетіні дер едік. сөзсіз, сонда жоғары оқу орынКәсіби тарихшыларды дарында тек Қазіргі Қазақстан даярлау мәселесіне орай мо- тарихы (1990 жылдан бүгінге дератор Қазақстандағы тарих дейін) оқытылуы мүмкін. ғылымы бойынша 192 ғылым Өйткені, соңғы жылдардағы докторы, 864 ғылым кандида- тәжірибе көрсеткендей, ЖОО6 дағы 1-курс студенттері Қазақстан тарихының (көне дәуірден бүгінге дейін) негіздерін орта мектептен біліп келеді, сондықтан жоғары оқу орындарында оны қайталаудың пайдасы шамалы. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттер қажет санаса, қосымша әдебиеттерді оқу арқылы да тарихи білімін тереңдете алады. Демек пәндерді таңдау арқылы талантты студенттер де іріктелмек. Өкінішке орай, елімізде бұл бағыттағы жұмыстар кейбір оқу орындарында ескі сарынмен, нақтыласақ кафедра меңгерушісі немесе оқытушылардың «қатаң» таңдауымен жүзеге асырылады. Әрине, эдвайзерлер мен тьютерлар мамандыққа сәйкес бағыт-бағдар беріп отыруы тиіс. Дегенмен, көбінесе пән таңдау мәселесі бір жақты шешілетіні жасырын емес. Бұл жағдай – студенттердің еркін ойлауына, шығармашылықпен айналысуына кері әсерін тигізеді. Аталған мәселелерге қатысты мынадай жағдай еске оралады. Қазақтың тұңғыш тарихшысы Ермұхан Бекмаханов өз кезеңінде жазған «Қазақ КСР тарихы» оқулығында отаршылдыққа дейінгі, яғни 1731 жылға дейінгі төл тарихымызды «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» деп атапты. Дәл осы атаумен жазылған қазақ тарихы Үшінші мыңжылдықта қайта жаңғырып отыр. Бұл дегеніміз - тарих ғылымында проблеманың дұрыс қойылуы, түптіңтүбінде өзектілігін жоймайды деген сөз. Осы ретте профессор Б.Ғ. Аяған кеңестік тарих ғылымы қатаң таптық қағидаларға негізделгендіктен, коммунистік партия белгілеген шеңберден шыға алмағанын, ал оны бұзуға тырысқан бірқатар ғалымдардың мемлекеттің жа-

[close]

p. 7

от модернизации К созиданию залау машинасында «қайта тәрбиеленгенін» айтып өтті. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, әр елде тарихты оқыту мен зерттеу методологиясы әртүрлі. Мысалы, АҚШ пен Германия құлдық пен ұлтшылдық (нацизм) кезеңін айналып өтеді. Мұндай тақырыптар жалпы білім беруде емес, тек кәсіиби мамандар үшін оқытылады. Оның орнына аймақтану мен өлкетанудан әртүрлі факультативті сабақтар кеңінен енгізілген. Сондықтан, кез-келген мемлекеттің тарихы сол елдің мүддесіне сәйкес жазылғаны дұрыс. Біздің тарихшылар зерттеулерін шетел басылымдарында шығаруды қалайды. Бірақ, шетелдіктерді медицина, биология сияқты нақты ғылымдар жөніндегі мақалалар қызықтырады. Қазақстандық тарихшылардың мүмкіндіктері аз болғандықтан, осындай жоғары деңгейдегі басылымды өз елімізде құру керек. Сондай-ақ, біздің ойымызша Қазақстан тарихшыларын үйлестіру орталығын құрудың қажеттілігі байқалады. Қазіргі кезде Астана, Алматы, Қарағанды және т.б. қаланың тарихшылары бір-бірінен оқшау әрекет етеді. Бұл орталық министрлік пен барлық тарихшылар қауымдастығымен бірлесе жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым болуы шарт. Соңғы жылдары елімізде кәсіби емес тарихшылар көбейді. Олардың қатарында зоотехник, инженер, агроном да бар. Соған сәйкес кітаптар саны да артты. Осындай кітаптардың авторлары, кейде ғылыми негізсіз қорытындылар жасайды. Тіпті, олармен тартысудың пайдасы жоқ. Әрине, кәсіби емес тарихшылардың ішінде тарих ғылымына өзіндік үлесін қосып жүргендер де жоқ емес. Мысалы, ресейлік мұрағаттардың құжаттарын жинақтаған Болатбек Насеновты айтуға болады. Жақында тарихшы Дархан Қыдырәлінің БАҚ-та «Түркі әлемінде тарихшылар қауымдастығын құратын мезгіл жеткен сияқты» деген сұхбаты (Астана ақшамы. 02.08.2012) шықты. Онда төл тарихымызды тереңінен қозғауға қабілетті тарихшылардың рөлі туралы, қазіргі кезде олардың кемінде бір шет тілін (мейлі араб, парсы, қытай, мейлі француз, ағылшын) игеру арқылы Қазақстанды түркі әлеміне, жалпы дүние жүзіне таныту мәселелері көтерілген. Бұл да Елбасының «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасынан туындаған ойлар. Басқаша айтқанда, елге қызмет ететін кадрлардың сапасы, олардың тарихты білу дейгейінің маңыздылығы күн тәртібінен түспейтін мәселелер. Сондықтан, болашақта ел тізгінін ұстайтын бүгінгі ұрпақтың төл тарихы мен мәдениетін, тілі мен өнерін терең білуі шарт. Тұжырымдап айтсақ, отандық тарих методологиясындағы негізгі ұстаным, та- рихты жазу бағыты Елбасы Н. Назарбаевтың қоғамның барлық саласын қамтыған тарихи еңбектеріне негізделуі тиіс. Себебі, Н. Назарбаевтың кез-келген еңбегінің ішкі мазмұнында ұлт мұраты, мемлекеттік мүдде, тәуелсіздік құндылықтары айқын көрініс береді. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша мынадай нақты жұмыстарды іске асыруды ұсынамыз: 1) «Қазақстан тарихы» оқулығын ықшам, әрі жеңіл тілмен қайта жазған дұрыс (жаңғырту); 2) Сапалы оқулықтар жазу үшін конкурс жариялау; 3) Соңғы жылдары жарияланған оқулықтар мен оқу құралдарын сараптамадан өткізу және қайта жаңғыртылған оқулықтың сапасын тексеру мақсатында Тәуелсіз сараптамалық комиссия құру; 4) Қазақстан тарихшыларын үйлестіру орталығын құру қажет; 5) Оқулық мазмұны бойынша ортақ шешім қабылдау үшін Қазақстан тарихшылары мен қоғамтанушылардың біріккен форумын шақыру. 7

[close]

p. 8

жаңғыртудан – жасампаздыққа сапалы оқулық- уақыт талабы елбасы нұрсұлтан назарбаевтың «қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын мәселелердің бірі – білім беру ісі. Ағымдағы жылы Елбасының Қазақстан халқына арналған 20 тапсырмасының 11, 12, 13-ші тармақтары білім беру үдерісіне, оның өзекті мәселелеріне арналған. Атап айтар болсақ, 11тапсырмасында: «Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінде оқу үдерісінің практикалық жағына жеткілікті көңіл бөлінбейді, оқушылардың жеке ерекшеліктері нашар ескеріледі. Іс жүзінде бүкіл оқу-тәрбие үдерісі ескірген әдістемелерге негізделген. Оқу-тәрбие үдерісінің тарихи білім сынды маңызды ісі жеке тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуы міндеттерін шешуге атымен бейімделмеген. Нақтылық мынада, оқушылар Қазақстан тарихы пәнін «зеріктірерлік», «қызықсыз», «бытысқан» пән деп санайды» деп мектептегі білім сапасына, оқулықтағы кемшіліктерге арнайы тоқталып өткен. Ақиқатында осындай олқылықтардың жіберілуі неліктен? Кеңестік кезеңде үдерісінде тәуелсіздік алғанға дейін 30 жыл бойы құндылығын жоймаған Е. Бекмахановтың Қазақстан тарихы оқулығы талай ұрпақтың қажетіне жарап еді. Сондықтан осындай өміршең оқулықтарды барлық пәндер бойынша көбейтуіміз қажет. Және оқулық сапасын тексеретін арнайы мемлекеттік комиссия болуы керек. Бүгінгі жас ұрпақтың ертеңгі елдің болашағы екенін ескерсек, мектепте білім беру процесін қадағалау мемлекеттік аса өзекті мәселе екені анық. Жалпы білім беру үдерісіне мемлекет тарапынан жақсы жағдайлар жасалған. ХХ ғасырда қазақ қоғамының шамшырағы болған Алаш қозғалысының негізгі мақсаты ұрпаққа білім беру, халықтың сауатын ашу болып еді. Осындай сара жолды өздерінің еңбектерімен, шығармаларымен болашақ ұрпаққа аманаттап кетті. Сондықтан да, ұлт зиялыларынан аманат болып қалған білімді ұрпақ өсіру Елбасы тапсырмасында кең көлемде көтеріліп жатқаны да тегін емес. Ел боламын десең, бесігіңді түзе дегендей, ұрпақ тәрбиелеу мәселесін назарда ұстауымыз керек. Еркін РАхмЕтуЛЛИн, ғылыми қызметкер Тәуелсіздіктің 20 жылын артқа тастап, дамудың даңғыл жолына түскен елімізде білім беру саласына мемлекеттік деңгейде үлкен қолдаулар жасалуда. Атап айтар болсақ, ЖОО-ның әлемдік стандартқа сай жаңартылуы, Қазақстан жастарына «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдік ЖОО-да тегін оқу гранттарының тағайындалуы және шетелдік тағылымдамадан өтуге жасалған үлкен мүмкіндіктер ХХІ ғасырдағы Қазақстанның қуатты елге айналғандығының айқын дәлелі. Алайда бүгінгі еліміздегі білім беру кеңістігінің ахуалы қай деңгейде? білім беру жүйесіне енгізілетін жаңа пәндер хақында 2012 жылдың 21 тамызында республикалық «Хабар» агенттігінің «СОНЫМЕН, СОЛАЙ ДЕЙІК телебағдарламасында ҚР БҒМ жетекші мамандары, белгілі ғалымдар, ардагер ұстаздар және ата-аналардың қатысуымен биылғы оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдісіне енгізілетін «Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» жаңа пәндер хақында пікірталас өтті. Бағдарламада ҚР Білім беру саласының жетекші мамандары бұл 8 пәндердің мектеп бағдарламасында қарастырылғанын, оны іске асырудың жолдары туралы және мектеп оқулықтарын жазу жайында өз пікірлерін ортаға салды. Мамандардың айтуынша биылғы жылы оқу үрдісіне енгізілетін аталған жаңа пәндер оқушылардың танымын арттырып, патриоттық сезімі мен тұлғалық қасиетін дамытуға, жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді. Ең бастысы оқушы мектеп табалдырығында алған білімін өмірлік тәжірибеде пайдалана алады. Осы бағдарламаға сарапшы ретінде шақырылған Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент Күлпаш Ілиясова биылғы оқу жылына енгізілетін осы пәндердің ішінде «Өлкетану» пәнінің маңыздылығы мен ерекшелігіне тоқталып өтті. Ғалымның айтуынша, білім беру жүйесіне қосылатын 3 пәнде қоғамның сұранысына сәйкес енгізіліп отыр. Әсіресе, Өлкетану пәнін оқыту арқылы жастардың өскен жері мен туған елінің тарихына, жергілікті атақты тұлғаларға, ескерткіштерге деген қызығушылығын тудыратынын

[close]

p. 9

новости тілге тиек етті. К. Ілиясова еліміздің 14 облысында Облыстық тарихи-өлкетану мұражайлары бар екендігін айта келе, жыл сайын әріптестік бірлестікте жүргізілетін археологиялық тарихи экспедициялар және оның нәтижелері туралы баяндап берді. Сонымен бірге орталық, оңтүстік, батыс және шығыс аймақтарының тарихын танып білу шарт екенін баса айтты. Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 192 ғылым докторы, 864 ғылым кандидаты болса, тәуелсіздік жылдары солардың күшімен айтарлықтай еңбектер жарық көрді. Мемлекет тарихы институтының ғалымдары ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 54-ден астам кітап дайындады. Бұл дегеніміз – биыл білім беру жүйесіне енгізілетін «Өлкетану» пәніне қажетті материалдар жеткілікті деген сөз, - деп түйіндеді доцент К.М. Ілиясова. мемлеКет тарихы институтының қызметКерлері запастағы офицерлерге арналған бір айлық әсКери жиынға қатысып Келді Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Астана қаласы бойынша әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес салаларда қызмет жасап жүрген 50 запастағы офицер әскери жиынға тартылды. Бұл жиынның мақсаты бұрын әскерге барып келген, не болмаса жоғары оқу орнының жанынан әскери дайындықтан өтіп, бірақ өз мамандықтары бойынша жұмыс істеп жүрген офицерлердің әскери білімі мен біліктілігін көтеру арқылы оларды төтенше жағдайларға әзірлеу. Бұл жиынның қорытындысы бойынша бір айлық әскери дайындықтан шалынбай өткен офицерлердің әскери атағы тағы да бір сатыға көтерілмек еді. Осындай іс-шараны жүзеге асыру үшін Астана қаласы бойынша Қорғаныс департаменті таңдаған офицерлердің арасында ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының үш бірдей ғылыми қызметкері тізімге іліккен болатын. Олардың ішінде, атап өтсек, Мемлекет тарихы институтының бөлім бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты, лейтенант Ж.Н. Қалиев, ғылыми қызметкер, саяси ғылымдарының магистрі, лейтенант Т.Е. Қанапьянов пен ғылыми қызметкер, аға лейтенант Қ.М. Саманбеков сияқты азаматтар болды. Бұл жылы Астана қаласының запастағы офицерлеріне арналған әскери жиын тікелей Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ішінде өтіп, 2012 жылдың 30 шілдесінен 28 тамызына дейінгі мерзімді қамтыды. Осы мерзім аралығында кезінде әскери ант қабылдаған Астана қаласының запастағы офицерлері өз Отанының алдында әскери борышын жоғары абыроймен кезекті өтеп келді десек артық болмас. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне кезекті әскери жиыннан өту үшін келген әскерилерді мамандықтарына байланысты әртүрлі департаменттер мен басқармаларға бөліп, жауапты офицерлерге бекітіп қойды. Жиынның тәртібі бойынша түске дейін барлық келген офицерлер бірге әскери дайындық сабақтарына қатысса, түстен кейін жиынға қатысушылар бекітілген бөлімдерінде өз борышын өтеп, мамандықтары бойынша әскери іске машықтанды. Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері Ж.Н. Қалиев пен Т.Е. Қанапьянов ҚР Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің Тәрбие және идеология жұмыстары департаментіне бекітілді. Бұл департаменттің бастығы нағыз әскери адам, өз ісінің мықты маманы полковник А. Ташубаев Мемлекет тарихы институтынан келген запастағы офицерлерді қуана қарсы алып, осы жиынның арқасында екі жаққа да өте ұтымды тәжірибе алмасу қажет екенін алға тартты. Лейтенант Ж.Н. Қалиев пен Т.Е. Қанапьянов ҚР ҚМ ШБК Тәрбие және идеология жұмыстары департаментінің Ұйымдастыружоспарлау бөліміне бекітіліп, осы бөлімнің бастығы полковник Қ.Қ. Ыдырышевтың қол астында қызмет етті. Әскери жиын барысында Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметімен, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен жалпы әскерінің хал-жағдайымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, МТИ қызметкерлері әскери іске машықтанып қана қоймай, өздерінің тарапынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлеріне өте қажетті әскерде жүрген солдаттарды патриоттық тәрбиелеу мен тарихи-әлеуметтік білімін көтеру бойынша ғылыми тұрғыдан кеңес беріп, Институттың бұл саладағы зерттеулерімен бөлісіп, бір сөзбен айтқанда, Қазақстан Республикасы дамуы жолындағы бәріне ортақ мақсаттарды орындау үшін мүмкіндігінше жәрдемдесті. 9

[close]

p. 10

жаңалықтар КазахстансКие археологи всКрыли могилы воиновКочевниКов Главная новость нынешнего археологического сезона нахождение сразу трех могил древних воинов-номадов, живших около двух тысяч лет назад, передает телеканал КТК. Вот уже много лет на городище Культобе (на территории Ордабасинского района близ поселка Сарыарык) в Южном Казахстане ведутся раскопки сотен курганов эпохи загадочного и малоизученного государства Кангюй (II до нашей эры - IV нашей эры). Несмотря на то, что обязательные атрибуты для такого рода погребений - золото и драгоценности - были украдены еще в средние века, до наших дней кое-что дошло. В могилах, которые великолепно сохранились, найдены керамика (большие кувшины или хурмы) и оружие (наконечники стрел, ножи, луки и кинжалы). «...Кинжал был в сложносоставных ножнах, эти ножны были из дерева, внутри ткань, а сверху кусочки крашеной красной кожи. Красный цвет символизирует принадлежность к элитному сословию. Он ассоциируется с солнцем, золотом и властью», - рассказывает руководитель археологической экспедиции Александр Подуш-кин. «...Керамика водоносная, столовая - она так делится, и очень тонкая работа, хорошее качество, обжиг хороший», - добавила руководитель археологического центра Центрального государственного музея Казахстана Мастура Сатыбалдиева. Теперь за дело возьмутся ученые-антропологи. Они выяснят, кто же защищал родину две тысячи лет назад и сейчас покоится в таинственных катакомбах. Ранее на Культобе археологи находили уникальное письмо на керамических кирпичах-таблицах - 13 эпиграфических артефактов, куда входят два почти полных текста и одиннадцать фрагментов. По словам историков, в государстве Кангюй совместно проживали такие древние народы, как гунны (сюнну, хунну), сарматы, саки, и, возможно, аланы. http://www.kursiv.kz/novosti/vkazakhstane/ в павлодарсКой области обнаружен мавзолей знати времен золотой орды В Павлодарской области археологами обнаружены руины мавзолея представителя знати времен Золотой Орды. Об этом сообщает «Интерфакс-Казахстан» со ссылкой на директора научноисследовательского археологического центра Павлодарского государственного педагогического института Тимура Смагулова. Мавзолей находится в местности Аулиеколь в 60 километрах от Экибастуза. Как подчеркнул Т. Смагулов, «...новая находка является одним из крупнейших архитектурных сооружений того времени, известных современной науке в степной зоне Казахстана». По словам ученого, в найденном погребении был похоронен представитель высшей иерархии времен Золотой Орды. На дне могилы обнаружен скелет мужчины, а найденные фрагменты купола с орнаментами из голубой глазури - подтверждение того, что 500-600 лет назад в этом регионе существовали профессиональные архитекторы, строители и специалисты по декору. По предварительным данным, высота мавзолея составляла 20 метров. Как отметил ученый, на некоторых декоративных плитках видны знаки. «Возможно, часть из них является тамгами, клеймами мастеров или религиозными символами. Разгадка этих таинственных знаков и символов еще впереди. Может, они связаны с проникновением ислама в среду кочевников в XIV веке”, предположил археолог. Ранее в Костанайской области на раскопках кургана близ Лисаковска археологическая экспедиция обнаружила могильное захоронение, возраст которого - около трех тыс. лет. http://www.kursiv.kz/novosti/vkazakhstane/ 10

[close]

p. 11

мерейтой туған Күңдеріңізбен! 1952 жылы 24 тамызда тарих ғылымдарының докторы, Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі, профессор ЕРМЕКБАЕВ Жарас Көкшетау қаласында дүниеге келген. 1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ж. Ермекбаев 1983 жылы кандидаттық диссертацияны, 2000 жылы докторлық диссертацияны қорғаған. Қазақстан және онымен шектес Еуразия аумағындағы халықтардың ұлыстық тарихы; Еуразия халықтарының этно-мәдени өзара ықпал етуі; Еуразия халықтарының этнопсихологиясы бағыттарындағы ғылыми зерттеулермен айналысады. «Қазақстанның мәдени мұрасы» бағдарламасы бойынша РФ орталық мұрағаттарынан материалдар жинап, жариялауға қатысады. «Еуразияшылдық - Қазақстанның және шекаралас елдердің жаһандану жағдайындағы дамуының жарас ермеКбаев, негізі: тарихи-этнографиялық және теориялық қырлары» (2004тарих ғылымдарының докторы, 2006 жж.) халықаралық жобасының жетекшісі. орыс географиялық қоғамының 60-тан астам ғылыми еңбектері жарияланған. толық мүшесі, профессор 7 августа 1952 года родилась известный ученый Галия Ибраева. В 1974 году она закончила факультет журналистики КазГУ. Работала редактором на Казахском республиканском телевидении, закончила аспирантуру МГУ им. М.В. Ломоносова, где защитила кандидатскую диссертацию на кафедре телерадиожурналис-тики на тему “Типология детских телевизионных передач (на примере Казахского телевидения)” в 1980. В 1996 году защитила докторскую диссертация в КазГУ им. аль-Фараби на тему «Телевидение Казахстана в период формирования государственности». Г.Ж. Ибраева - автор 3 монографий, 3 учебных пособий, 2 книг и более 70-ти научных и публицистических статей, автор телевизионных документальных фильмов. Под ее научным руководством защитились 2 кандидата политических наук. Г.Ж. Ибраева стала инициатором создания международных связей с зарубежными организациями как Си-эн-эн, Би-би-си, ОАНА, школами журналистики таких стран, как США, Австрия, Италия, Греция, Великобритания, Германия, Малайзия, Индия и др. Это позволило разработать новые курсы и открыть на факультете новые специальности, в частности, «Международная журналистика», «Связь с общественностью». Научные интересы - средства массовой информации Казахстана в условиях глобализации; региональные конфликты и СМИ; современные зарубежные СМИ; телевидение США и Китая, паблик рилейшнз. Награды: Галия Ибраева является лауреатом премии Союза журналистов РК, стипендиатом Государственной научной стипендии РК за выдающийся вклад в развитие науки. Награждена медалью «10-летие образования РК». Получила грант фонда МакАртур США. 11 галия ибраева декан факультета Казну им. аль-Фараби, доктор политических наук, профессор, академик Академии политических наук РК, член-корреспондент ВШ РК

[close]

p. 12

құттықтаймыз! мемлекет тарихы институты дарынды жас ғалымдардың кәсіби біліктіліктерін арттырып, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсіп, білім алуларына барлық мүмкіндіктерді жасап келеді. бүгінгі таңда институттың жас ғалымдары қытай университетінің магистратурасында, л.н. гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінің докторантурасы (PhD) мен магистратурасында өз білімдерін жалғастыруда. жақында л.н. гумилев атындағы еұу ректоры е. сыдықовтың бұйрығымен мемлекет тарихы институтының жас ғалымдары: аурика серубаева мақсатты бағытта л.н. гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінің «тарих» мамандығы бойынша докторантурасына (PhD), тимур қанапьянов осы университеттің «саясаттану» мамандығы бойынша докторантурасына (PhD) және рүстем құдайбергенов университеттің «саясаттану» мамандығы бойынша магистратурасына қабылданды деген қуанышты хабар келді. институт ұжымы жас ғалымдарды еұу магистратурасы мен докторантурасына түсулерімен құттықтай отырып, деңдеріне саулық, отбастарына амандық, ғылымдағы ізденістеріне мол табыстар тілейді. Бас редактор бүркітбай аяған Бас редактордың орынбасары маржан беКенова Редколлегия мүшелері: жанна қыдыралина, амангелді қаШқымбаев Мекен-жайымыз: Астана қ., Орынбор к-сі, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 11 қабат. Тел:74-01-68, 74-10-54 Таралымы 100 дана Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде есепке алынып, № 9964-Г куәлігі берілген. 12

[close]

Comments

no comments yet