Qay'yrsyn qalam

 

Embed or link this publication

Description

Qay'yrsyn qalam

Popular Pages


p. 1

1

[close]

p. 2

2

[close]

p. 3

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Қауырсын қалам Жасөспірімдер мен жастардың әдеби альманағы 1 / 2018 Қарағанды 3

[close]

p. 4

УДК 821.512.122 - 82 Қ50 Қ50 Қауырсын қалам [Мәтін] : Жасөспірімдер мен жастардың әдеби альманағы / құраст.: Қ. Қалиева, Ұ. Жамауова. - Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы, Қарағанды: 2018. - 46 б. Альманахқа қарағандылық мектеп оқушыларының жауқазын жырлары мен әңгімелері топтастырылған. Жас шығармашыл балалардың негізгі арқауы туған елге, ата-анаға, өскен ортаға деген ақ-адал махаббатқа құрылған. Альманахты жыр әлеміне енді қанат қаққалы отырған жас талапкерлердің алғашқы тұсау кесер дүниесі десе де болады. Жауапты: Уатаева Б. Қ. Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Құрастырушы: Қалиева Қ. М., Жамауова Ұ. Ө. «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы», 2018 4

[close]

p. 5

Кіріспе Абай ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды. Оның өлеңдері жаңа үлгідегі, жаңа ізденіспен танылды. Өз өлеңдерінде жастарды ғылым-білімге талпынуды үндеп қана қоймай ерінбей, жалықпай ізденудің көп оқудың, табандылықтың қажет екенін жастардың санасына сіңіре білді. Бүлдіршіндер мен жасөспірім балаларды ұлы ақынның осындай ғылым-білімге, табандылыққа деген ізгі ойын іске асыру мақсатында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Абай жүрген ізбенен...» атты клуб жұмыс жасайды. Бүгінде сол жас шығармашыл жеткіншектердің шағын әңгімелері мен жауқазын жырлары жинақталған «Қауырсын қалам» альманағын назарларыңызға ұсынамыз. «Балапан қауырсыны бірден қатаймайды» дейді дана халқымыз. Жас та болса өз ақындық өнерлерін шыңдап келе жатқан, әдебиетке, оның ішінде ПОЭЗИЯҒА, ПРОЗАҒА деген махаббаттарын өлең арқылы жеткізе білген жас ақын бүлдіршіндерден болашақта аузы дуалы ақындармен қаламы жүйрік жазушылар шықпасына кім кепіл?! Ақыны көп ел рухани азудан аман болады. Өйткені ақын - ұлт рухының жоқшысы. Ақын - туған тіліміздің қайнар бұлағы һәм мәдениетіміз бен әдебиетіміздің, салт-дәстүр мен тәрбиеміздің насихатшысы. 5

[close]

p. 6

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының назарларыңызға ұсынып отырған «Қауырсын қалам» альманағы бүлдіршіндердің «Балауса» және жасөспірім ақындардың «Арғымақ» атты екі бөлімінен тұрады. Олар өз ішінде поэзия және проза атты айдарларға бөлінген. 6

[close]

p. 7

Балауса 7

[close]

p. 8

8

[close]

p. 9

Поэзия 9

[close]

p. 10

Мақышева Айғаным № 17 жалпы білім беретін орта мектебінің 1 «Ә» сынып оқушысы Қарағанды қаласы Ана Ана, ана біздерге пана, Ана ол ерекше дара. Анасы барлар ғана, Қартаймай жүретін ана. Әкем Әкем, әкем, әкем, Сенен артық кім? Болмайды ғой ешкім, Бір өзіңдей алтын. Бауырым Менің тәтті інім, Сенімен өтер күнім. Бірге туған бауырым. Сен аман жүрші жаным. 10

[close]

p. 11

Бекболат Аружан № 17 жалпы білім беретін орта мектебінің 3 «Ә» сынып оқушысы Қарағанды қаласы Қыс Қар жауып, аппақ қып даланы, Қуантып үлкен- кіші баланы. Қыр басына шығады олар кезекпен, Мініп алып шаңғы менен шананы Құстар Тырна, тоты ,тоқылдақ, Ұшып келді топырлап. Тырна келіп тотыны, Тұмсығымен шоқыды. 11

[close]

p. 12

Мырзахан Аяна Жақсыбекқызы № 17 жалпы білім беретін орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы Қарағанды қаласы Анашым Аяулы анашым, Еркелеп ойнатқан. Ақ сүт беріп мәпелеп, Жақсы көрген әрдайым. Аяулы анашым, Жастайынан қамқоршым. Мен үшін уайымдап, Көңіл бөлген анашым. 12

[close]

p. 13

Молдабай Дарын № 17 жалпы білім беретін орта мектебінің 4 «Ә» сынып оқушысы Қарағанды қаласы Ақ мамам Сізді жақсы көремін, Күндей жайнап келемін. Көп жақсылық тілеймін, Анам менің ақ анам. Мерекесі баланың, Мерекесі ананың. Құтты болсын мерекең, Құтты болсын ақ анам. 13

[close]

p. 14

Жаркимбек Мерей № 17 жалпы білім беретін орта мектебінің 4 «Ә» сынып оқушысы Қарағанды қаласы Менің Қарағандым Қарағанды әсем, үлкен қаласың, Байлығымен аты шыққан дарасың. Сарыарқада орналасқан қаласың, Әсемденіп күннен күнге барасың, Бұл жақта көп өндіреді көмірді, Қуантады жылулықпен өңірді. Мәдениеті дамыған қаламыздың, Елімізге мәлім болған дарамыз-біз. Спорттан да қалыспаған менің қалам, Жүлделі орындармен есте қалған. Ата-баба өсиетін қадірлеген, Басқа елге ерсі қылық танытпаған. 14

[close]

p. 15

Алимбаев Абильмансур Нұрмақов атындағы ММИ-ның 6 «С» сынып оқушысы Қарағанды қаласы Тәуелсіздік Тәуелсіз ел – айбынды ел ұланымын, Ерке өскен елімнің қыранымын. Тәуелсіздік, тұғырыңмен биіксің, Сондықтан да, киелісің, мойындаймын. Елім үшін тер төккен ғой ұл-қыздары, Құрбан болған, қыршын кеткен жастары. Мәңгі қалды бүгін аты тарихта, Аға-апайдың ерліктері жанымда. Тәуелсіздік сондықтан да киелі, Оны бәрі, кәрі-жақсы біледі. Ұрпағыңмен қазақ деген елімнің, Көк туыңды желбіретіп жүремін. 15

[close]

Comments

no comments yet