қазіргі балалар жазушылары мен ақындары

 
no ad

Embed or link this publication

Description

қазіргі балалар жазушылары мен ақындары

Popular Pages


p. 1

1

[close]

p. 2

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» КММ ҚАЗІРГІ БАЛАЛАР ЖАЗУШЫЛАРЫ МЕН АҚЫНДАРЫ Қазақстанның қазіргі балалар жазушылары мен ақындарының шығармашылығына арналған библиографиялық көрсеткіш Қарағанды 2017 2

[close]

p. 3

ББК 78.32 Қ 22 Қ 22 Қазіргі балалар жазушылары мен ақындары : Қазақстанның қазіргі балалар жазушылары мен ақындарының шығармашылығы [Мәтін] : библиографиялық көрсеткіш / құраст.: М.С. Смагулова. - Қарағанды: «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы», 2017. - 45 б. Жауапты: Уатаева Б. К. Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Құрастырушы: Смагулова М. С. инновациялық-әдістемелік бөлімінің кітапханашысы «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ, 2017 3

[close]

p. 4

Алғы сөз Балалар әлемі – өзіндік ерекшелігі мол, күрделі де қызықты әлем. Сол әлемге еркін еніп, небір нәзік сыр-сипаттарды сезімталдықпен танып, зерделікпен зейін салу, зерделікпен бейнелеу – қаламгерлер қауымы үшін үлкен сын. Одан өту үшін «Балалар жазушысы болып туу керек». Өйткені, балалардың ойлауында, дүниені тануы мен араласуында өзгеше сипат бар. Соны түсіну, әрі балғындар риза болатындай бейнелеу – шеберлік. Балалар үшін әдебиет тек қана рухани азық болып қана қоймай, рухани тәрбиеші де. Балалар кітабы – тәрбиенің қуатты құралы. Қазақ балалар әдебиеті – әлем таныған қазақ әдебиетінің іргелі, жемісті бір саласы. Адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе жоқ. Сондықтан кез келген адам өзінің жүрегінен шыққан жақсы ойын, қиялын балаларға арнайды. Балалар әдебиетін тағдыр тұтып, бар ғұмырын әдебиеттің осы саласына бағыштаған көптеген таланттарымыз бар. Ұсынылып отырған библиографиялық көрсеткіш ХХ ғ. басы мен ХХI ғасырдың қазақ балалар әдебиетінің ақын – жазушыларының өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шертеді. Жалпы мектеп оқушыларына, жасөспірімдерге, балалар жазушыларының өмірі мен шығармашылығымен танысам деген көпшілікке, мұғалімдерге, кітапханашыларға арналады. Библиографиялық көрсеткіш балалар әдебиетінің жанашыр қаламгерлері туралы дәріптеу мақсатында және кітапхананың кітап қорына сүйене отырып құрылған. . 4

[close]

p. 5

АЙТҰЛЫ Несіпбек 1950 жылы 22 қыркүйекте дүниеге келген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастайды. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1974-1984 жж. «Балдырған» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, 1984-1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995-1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997-2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді. 2001 жылдан бері Астана қаласында тұрады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеді. Қазір «Алтын тамыр» журналының Бас редакторы. ШЫҒАРМАЛАРЫ: 1. Айтов, Н. Балалар бақшасына барар жолда / Н. Айтов. - Алматы : Мектеп, 1974. - 22 б. 2. Айтов, Н. Әкем туралы жыр : өлеңдер мен поэмалар / Н. Айтов. Алматы : Жалын, 1977. - 51 б. 3. Айтов, Н. Жаңбыр әні : өлеңдер мен поэмалар / Н. Айтов. Алматы : Жазушы, 1982. - 79 б. 4. Айтов, Н. Жүректегі жаңғырықтар : поэмалар мен толғау / Н. Айтов. - Алматы : Жалын, 1978. - 54 б. 5. Айтұлы, Н. Көз жасым. Таңдамалы : өлеңдер, толғаулар, поэмалар / Н. Айтұлы. - Астана: Күлтегін, 2006. - 344 б. 6. Айтов, Н. Күміс күйме : өлеңдер / Н. Айтов. - Алматы : Жалын, 1984. - 110 б. 7. Айтов, Н. Қартаймайды күн неге? : өлеңдер, мысалдар, аңызертегілер / Н. Айтов. - Алматы : Жалын, 1990. - 296 б. 8. Айтов, Н. Қозыкөш : өлеңдер / Н. Айтов. - Алматы : Жазушы, 1975. - 39 б. 5

[close]

p. 6

9. Айтұлы, Н. Құланойнақ / Н. Айтұлы. - Алматы : Атамұра, 2009. 160 б. 10.Айтов, Н. Мұқағали – желтоқсан : Поэма / Н. Айтов. - Астана : Елорда, 2002. - 36 б. 11.Айтұлы, Н. Рухымның падишасы : Жыр кітабы / Н. Айтұлы. Астана: Елорда, 2000. - 288 б. 12.Айтұлы, Н. Сардар : поэма / Н. Айтұлы. - Семей - Астана: Таға: Халықаралық Абай клубы, 2007. - 53 б. – (Аманат журналының кітапханасы). – (ХХ ғасыр поэзиясы). ***** 1. Айтов, Несипбек. Серебряный сундучок : стихи и сказки / Н. Айтов ; худож. Ю. Юрьев. - Алма-Ата : Жалын, 1988. - 93 с. АЙЫМБЕТОВ Мәди 1946 жылы 14 қарашада Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді селосында туған. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдағаннан кейін көп жылдар бойы республикалық газетжурналдар басылымдары - «Қазақстан пионері» газеті мен «Пионер» журналында - кіші, аға әдеби қызметкер, бөлім, бастығы, жауапты хатшы; «Қазақстан коммунисі» журналында аға әдеби қызметкер болып жұмыс істеді. 1986-1993 жылдар аралығында республиканың Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитетінде көркем әдебиет бөлімінің бастығы, «Ғылым» баспасының бас редакторы болды. 1993-2003 жылдар аралығында республиканың жоғарғы заң шығару органы Жоғарғы Кеңесте, одан соң Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенаты Аппараттарында Редакциялық-баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2003-2011 жылдары - Сенат Аппратында Редакциялық-баспа бөлімнің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2009 жылдан мемлекеттік қызметтен зейнетдемалысына шыққаннан бері - ҚР Әділет минстрлігі жанындағы Заң шығару институтының жетекші ғылыми қызметкері. 1986 жылдан - КСРО Жазушылар Одағының, тәуелсіздік жылдарынан бастап Қазақстан 6

[close]

p. 7

Жазушылар Одағының мүшесі. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2006). Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Құрметті азаматы (2011) ШЫҒАРМАЛАРЫ: 1. Айымбетов, М. Аспан асты, жер үсті : повесть / М. Айымбетов. Астана : Елорда, 2002. - 168 б. 2. Айымбетов, М. Ертеден келген бала / М. Айымбетов. – Алматы : Жалын, 1978. - 64 б. 3. Айымбетов, М. Көгілдір соқпақ : повестер мен әңгімелер / М. Айымбетов. - Алматы : Жалын, 1980. - 144 б. 4. Айымбетов, М. Көлге шомылған ай : повестер мен әңгімелер / М. Айымбетов. - Алматы : Жалын, 1984. - 224 б. 5. Айымбетов, М. Құла түздегі үнсіздік : хикаяттар мен әңгімелер / М. Айымбетов. - Алматы : Жазушы, 2005. - 280 б. 6. Айымбетов, М. Құмөзек хикаялары : хикаяттар мен әңгімелер / М. Айымбетов. - Алматы : Раритет, 2007. - 256 б. 7. Айымбетов, М. Тылсым : повестер мен әңгімелер / М. Айымбетов. - Астана : Елорда, 2001. - 272 б. 8. Айымбетов, М. Шілденің күні / М. Айымбетов. - Алматы : Жалын, 1976. - 80 б. **** 1. Айымбетов, М. Чаша печали : повести и рассказы / М. Айымбетов. - Алматы : Жеті жарғы, 1997. - 304 б. АҚПАНБЕТ Әлсейіт 1943 жылы 22 шілдеде Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. 1959–1962 жж. кеңшарда, құрылыс басқармасында істеген. 1966 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген. 1966–1973 жж. Сырдария ауданындағы орта мектептерде мұғалім, аудандық оқу бөлімінде әдіскер, 1973–1977 жж. «Мектеп» баспасында редактор, 1977–1981 жж. Қазақ КСР Оқу 7

[close]

p. 8

министрлігінде инспектор, 1981–1990 жж. Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымизерттеу институтында ғылыми қызметкер. Қазақ радиосының әдебидрамалық хабарлар Бас редакциясында редактор болып жұмыс істеген. 1991 жылдан бері республикалық балалар басылымы «Балдырған» журналында бөлім редакторы, редакцияның алқа мүшесі. ҚР білім беру ісінің үздігі. ШЫҒАРМАЛАРЫ: 1. Ақпанбет, Ә. Қатын қашқан : хикаялар, ертегілер, әңгімелер / Ә. Ақпанбет. - Алматы : Жалын, 1994. - 336 б. 2. Ақпанбетов, Ә. Бал дәмі : өлеңдер / Ә. Ақпанбетов. - Алматы : Жалын, 1980. - 32 б. 3. Ақпанбетов, Ә. Нұр жауған күн : өлеңдер / Ә. Ақпанбетов. Алматы : Жалын, 1984. - 56 б. 4. Ақпанбетұлы, Ә. Үш мақтаншақ : әңгімелер, ертегілер, скетчтер / Ә. Ақпанбетұлы. - Алматы :- Балалар әдебиеті, 2011. – 160 б. (Тамыр) АҚЫШ Нұрдәулет 1950 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1973). Республикалық «Мектеп», «Жалын», «Балауса» баспаларында, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Қазақстан мұғалімі», «Халық кеңесі», «Заң газеті», «Дат» газетжурнал редакцияларында, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында қызмет атқарған. Қазір М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі. Республикалық баспасөзде алғаш рет 1972 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде «Қиянда» атты әңгімесімен көрінген. Оннан астам көркем әдебиет кітаптарының авторы. 8

[close]

p. 9

ШЫҒАРМАЛАРЫ: 1. Ақыш, Н. Момақан қыз : хикаят және әңгімелер / Н. Ақыш. Алматы : Таймас, 2011. - 88 б. - (Жасөспірімдер кітапханасы) 2. Ақыш, Н. Алтынбек Қоразбаев. Балалық шағы ...: деректі повесть / Н. Ақыш. – Алматы : Балауса, 2003. – 140 б. (Елімнің асқақ өнері) АСҚАР Оразақын 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты МүкейҚаратас деген жерде туған. Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды. 1955 жылы атамекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп шығады. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген. Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды. Қазір зейнеткер, сонымен бірге «Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысуда. 1996 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің 10 жылы» медальдарының иегері. Мұқағали 9

[close]

p. 10

атындағы сыйлықтың иегері. Панфилов ауданының Құрметті азаматы. ШЫҒАРМАЛАРЫ: 1. Асқар, О. Атамекенге оралғанда : өлеңдер мен поэмалар / О. Асқар. - Алматы : Жалын, 2005. - 272 с 2. Асқар, О. Әріптер әлеміне саяхат / О. Асқар. - Алматы : Казинтерграф, 1998. - 43 б. 3. Асқар, О. Балаларым-бақытым / О. Асқар. - Алматы : Алматыкітап, 2008. - 152 б. 4. Асқар, О. Баркөрнеу : өлеңдер мен поэмалар / О. Асқар. – Алматы : Жалын, 1992. - 432 б. 5. Асқар, О. Біздің мерекелер / О. Асқар. - Астана : Арман-ПВ, 2007. - 112 б. 6. Асқар, О. Жеткіншек : өлеңдер мен аңыз, ертегі, жаңылтпаш, жұмбақ, ойын, метаграммалар / О. Асқар. - Алматы : Балалар әдебиеті, 2005. - 111 б. 7. Асқар, О. Қос қоңырау : өлеңдер, аңыз-ертегілер, поэмалар, жұмбақтар, жаңылтпаштар / О. Асқар. – Алматы : Атамұра, 2014. - 256 б. - («Атамұра» мектеп кітапханасы) 8. Асқар, О. Қос қоңырау : мектеп оқушыларына арналған өлеңдер / О. Асқар. - Алматы : Балауса, 2005. - 32 б. - (Сырсандық сыйы) 9. Асқар, О. Логопедтік әліпби / О. Асқар = тіл, дене жаттығұлары, жаңылтпаштар және тақпақтар мектепалды және бастауыш сынып балаларына арналған. - Астана : Арман-ПВ, 2008. - 10 б. 10.Асқар, О. Өлеңдер жинағы / О. Асқар. - Алматы : Қазмемкөркемәдеббас, 1964. - 37 б. 11.Асқар, О. Сәулет : өлеңдер мен поэмалар / О. Асқар. - Алматы : Жазушы, 1984. - 136 б. 12.Асқар, О. Суретті әліппе / О. Асқар. - Алматы : Өнер, 1997. 47 б. 13.Асқар, О. Сүт сыйлықтары / О. Асқар. - Алматы : Балауса, 2005. - 16 б. 14.Асқар, О. Таудай бол : өлеңдер / О. Асқар. - Алматы : Жалын, 1984. - 56 б. 15.Асқар, О. Тәуелсіздік тартулары : өлеңдер мен поэмалар / О. Асқар. - Алматы : Өнер, 2001. - 112 б. 10

[close]

p. 11

16.Асқар, О. Ұлттық ойындар : балаларға арналған өлеңдер / О. Асқар. - Алматы : Балауса, 2005. - 39 б. - (Сырсандық сыйы) 17.Асқар, О. Ұяда нені көрсең... : балаларға арналған өлеңдер / О. Асқар. - Алматы : Балауса, 2005. - 31 б. - (Сыр сандық сыйы) ***** 1. Аскар, О. Расти большим! : стихи / О. Аскар. - Алма-Ата : Жалын, 1989. - 87 с. АСЫЛБЕК Абдрахман 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. ҚазПИдің тарихфилология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған. Аспирантурада оқыған, облыстық газетте, республикалық Қазақ радиосында, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет жасаған. Сондай-ақ, «Жазушы», «Жалын» баспаларында, Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінде, республикалық «Әділет», «Мәдениет», «Заң», «Көзқарас» газеттерінде қызмет істеген. «Заңгер» журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, ҚР Бас Прокуратурасының «Құқықтық Қазақстан» газетінің Бас редакторы болған, қазіргі кезде осы газетте бас редактордың орынбасары. 1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. ШЫҒАРМАЛАРЫ: 1. Асылбеков, А. Ақ тілек : өлеңдер, жұмбақтар, ертегілер / А. Асылбеков. - Алматы : Жалын, 1985. - 111 б. 2. Асылбеков, А. Алатау аясында : аңыз- поэма / А. Асылбеков. Алматы : Жазушы, 1968. - 25 б. 3. Асылбеков, А. Алтын арай / А. Асылбеков. - Алматы : Жалын, 1980. - 95 б. 11

[close]

p. 12

4. Асылбек, А. Балғын балалық / А. Асылбек. - Алматы : Балалар әдебиеті, 2015. - 240 б. 5. Асылбеков, А. Байқа, балақай ! / А. Асылбеков. - Алматы : Мектеп, 1982. - 48 б. 6. Асылбеков, А. Бәйшешектер : өлең-ертегілер / А. Асылбеков. Алматы : Мектеп, 1985. - 136 б. 7. Асылбеков, А. Достық балладасы / А. Асылбеков. - Алматы : Жазушы, 1981. - 80 б. 8. Асылбеков, А. Сауысқанның сәлемі : сықақтар, мысалдар, пардиялар / А. Асылбеков. - Алматы : Жазушы, 1986. - 96 б. 9. Асылбеков, А. Сиқырлы сыбызғы : ертегілер / А. Асылбеков. Алматы : Жалын, 1988. - 212 б. 10.Асылбеков, А. Түрлі-түрлі бала бар [Текст] / А. Асылбеков. Алматы : Жазушы, 1974. - 104 б. 11.Асылбеков, А. Тілін ұмытқан тауық; Жаңғақ жыры : ертегі / А. Асылбеков. - Ол-Жас, 2012. - 15 б. (Ертегі-бөбек ертеңі) 12.Асылбек, А. Ұр, тоқпақ ! : мысалдар, сатиралық өлеңдер, пародиялар / А. Асылбек. - Астана : Нұра- Астана, 2011. - 288 б. (Қазіргі қазақ сатирасы) **** 1. Асылбеков, А. За тучами- солнце / А. Асылбеков. - Алма-Ата : Жалын, 1987. - 28 с. ӘБДІРАЙЫМ Толымбек 1955 жылы 12 қыркүйекте Семей облысының Аякөз қаласында туған. 1972 жылы №2 қазақ орта мектебін (қазір Дулат Бабатайұлы атындағы) бітірген соң, Аякөз автомобиль жөндеу зауытында, Б.Майлин ауылдық кеңесінде, Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, Талғар аудандық «Алатау жұлдызы», Алматы облыстық «Жетісу», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, Көкшетау телерадио комитеттерінде еңбек еткен. «Қазақ әдебиеті» газетінің Астанадағы меншікті тілшісі болып қызмет істеген. 1991 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. 2006 жылдан бастап ҚР Мәденит және ақпарат министрлігіне қарасты «Жас өркен» жауапкершілігі 12

[close]

p. 13

шектеулі серіктестігінің Астанадағы өкілетті өкілі. Алғашқы әңгімелері мен очерктері 1970 жылдан бастап газетжурналдарда жарияланып келеді. 1988 жылы «Елегізу» атты әңгімесі «Арман қанатында» жинағына енген. Бірнеше Құрмет грамотасымен, Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталған. ШЫҒАРМАЛАРЫ: 1. Әбдірайым, Т. Алабұға аулаған күн : хикаят, әңгімелер, ертегілер, мысалдар / Т. Әбдірайым. - Алматы : Балалар әдебиеті, 2012. - 256 б. 2. Әбдірайым, Т. Әуелеп ұшқан тырналар : әңгімелер мен повесть / Т. Әбдірайым. - Алматы : Балауса, 2002. - 198 б. 3. Әбдірайым, Т. Дала әуені : әңгімелер, ертегілер мен мысалдар, повесть / Т. Әбдірайым. - Алматы : Атамұра, 2015. - 256 б. («Атамұра» мектеп кітапханасы) 4. Әбдірайым, Т. Еркешора : әңгімелер, ертегілер, повесть / Т. Әбдірайым. - Алматы : Балауса, 1996. - 128 б. 5. Әбдірайым, Т. Жалқаулыққа кім үйір? : ертегілер мен әңгімелер / Т. Әбдірайым. - Алматы : Баур, 2008. - 228 б. - (Балдырған) ***** 1. Абдраим, Т. Летят журавли : рассказы, сказки, басни, повести / Т. Абдраим. - Алматы : Балалар әдебиеті, 2017. - 288 с ӘЛІМБАЕВ Мұзафар (1923 - 2017) – көрнекті қазақ ақыны. Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында туған. Алғашқы кітабы – «Қарағанды жырлары» 1952 жылы басылып шықты. Бірнеше ондаған кітабы, таңдамалылары, туысқан халықтар тілінде көптеген жинағы шықты. Жүз сексен әнге өлең жазды. 64 төл тума және аударма кітаптардың авторы. Шығармалары 20 тілге аударылған. Соның ішінде орыс тілінде 6 кітабы, түрікмен тілінде «Мен – түрік мейманы» (1963), қырғыз тілінде «Жолдар. Ойлар. Жырлар» (1966) жинақтары жарық көрген. Көркем аударма саласында Сағдидың «Бостанын» («Жәннат» деген 13

[close]

p. 14

атпен), Петефи мен Тоқтағұлдың, Аполлинердің таңдамалы өлеңдер жинақтарын, Ю. Фучиктің «Дар алдындағы сөзін», Орбелианидің «Ғибратнамасын» және Пушкин, Лермонтов, Маяковский, Ғ. Тоқай, М. Жәлил, Фирдоуси, Х. Әлімжанның өлеңжырларын қазақ тіліне аударған. ШЫҒАРМАЛАРЫ: 1. Әлімбаев, М. Ақмаңдайлым / М. Әлiмбаев. - Алматы : Өнер, 1984. - 168 б. 2. Әлімбаев, М. Ақсерек те көксерек : тақпақтар, дастандар, әнөлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар / М. Әлiмбаев. - Алматы : Жалын, 1977. - 192 б. 3. Әлімбаев, М. Алатаудың баурайында : поэма / М. Әлiмбаев. Алма-Ата : Казгослитиздат, 1960. - 52 б. 4. Әлімбай, М. Ана тіліне тағзым : өлеңдер, мысалдар, ертегілер / М. Әлімбай. - Алматы : Атамұра, 2014. - 240 б. («Атамұра» мектеп кітапханасы) 5. Әлімбаев, М. Атадан қалған асыл сөз / М. Әлімбаев. - Алматы : Балауса, 2003. - 24 б. 6. Әлімбаев, М. Аулақ бол жаман әдеттен : тиым сөздер / М. Әлімбаев ; сурет. Б. Ералиева. - Алматы : Балауса, 2002. - 32 б. 7. Әлімбаев, М. Әдептілік сабағы = Уроки вежливости / М. Әлімбаев. – Алматы : Таймас, 2011. – 12 б. 8. Әлімбаев, М. Балдәурен : өлеңдер, дастандар, жұмбақтар, жаңылтпаштар / М. Әлімбаев ; сурет. Б. Серікбай. - Алматы : Раритет, 2008. - 256 б. - (Балалар әдебиеті) 9. Әлімбаев, М. Балдәурен, балалық / М. Әлімбаев ; сурет. Е. Қожабаев. - Алматы : Балауса, 2007. - 429 б. - (Әлем балалар әдебиеті) 10.Әлімбаев, М. Балдәурен, шіркін, балалық / М. Әлiмбаев. Алматы : Жазушы, 1973. - 375 б. 11.Әлімбаев, М. Биікке, биікке : балаларға арналған өлеңдер / М. Әлімбаев. - Алматы : Көркем әдебиет, 1955. - 76 б. 12.Әлімбай, М. Біліп қой, балақай! / М. Әлімбай. - Алматы : Аруна, 2012. - 10 б. (Әйәй) 14

[close]

p. 15

13.Әлімбаев, М. Екі тақтай - бір көпір : өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертектер / М. Әлiмбаев. - Алматы : Балауса, 1992. - 192 б. 14.Әлімбаев, М. Жолдар - Жырлар : өлеңдер / М. Әлiмбаев. Алматы : Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1964. 184 б. 15.Әлімбай, М. Көзін көрдік жақсы менен жайсаңның : естеліктер, эсселер / М. Әлімбай. – Алматы : Қазақстан, 2002. – 216 б. 16.Әлімбаев, М. Көңіл күні : таңдамалы / М. Әлiмбаев. - Алматы : Жазушы, 1971. - 199 б. 17.Әлімбаев, М. Көргендерім көңілде : деректі эссе- очерктер / М. Әлiмбаев. - Алматы : Қайнар, 1992. - 336 б. 18.Әлімбай, М. Қазақша-орысша өлең сөздік / М. Әлімбай. Алматы : Балауса, 2002. - 63 б. 19.Әлімбаев, М. Қалам қайраты : эсселер, сын мақалалар / М. Әлімбаев. - Алматы : Жазушы, 1976. - 224 б. 20.Әлімбаев, М. Қоянның құлағы неге ұзын / М. Әлiмбаев. Алматы : Балауса, 1996. - 176 б. 21.Әлімбай, М. Құстардың тойында / М. Әлімбай. - Алматы : Аруна, 2012. - 14 б. 22.Әлімбаев, М. Менің ойыншығым : өлеңдер / М. Әлімбаев ; сурет. Э. Гаврилова. - Алматы : Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1953. - 8 б. 23.Әлімбаев, М. Өлеңдер. Ертегілер. Нақыл сөздер. Жұмбақтар. Жаңылтпаштар / М. Әлімбаев. – Алматы : Өлке, 2014. - 256 б. (Жасөспірімдер кітапханасы) 24.Әлімбаев, М. Өмір. Өнер. Өнерпаз : Эссе, естеліктер, ойтолғамдар / М. Әлiмбаев. - Алматы : Өнер, 1990. - 459 б. 25.Әлімбаев, М. Өскеніңді ел көрсін : өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ойындар / М. Әлiмбаев. - Алматы : Мектеп, 1989. - 74 б. 26.Әлімбаев, М. Сен дегенде : өлеңдер, балладалар, мысалдар / М. Әлiмбаев. - Алматы : Жазушы, 1979. - 224 б. 27.Әлімбаев, М. Сүймеген жүрек семеді : өлеңдер, балладалар, нақылдар / М. Әлiмбаев. - Алматы : Жазушы, 1987. - 280 б. 28.Әлімбаев, М. Толқыннан толқын туады / М. Әлiмбаев. - Алматы : Қазақ университеті, 1992. - 248 б. 15

[close]

Comments

no comments yet