Көркем сөздің тарланы

 

Embed or link this publication

Description

Көркем сөздің тарланы

Popular Pages


p. 1

3

[close]

p. 2

2

[close]

p. 3

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҦЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ “АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ” КММ «Кӛркем сӛздің тарланы» Жеңіс Қашқыновтың туғанына 75 жыл Қарағанды 2017 3

[close]

p. 4

ББК 78.32 К 68 К 68 Кӛркем сӛздің тарланы. Жеңіс Қашқыновтың туғанына 75 жыл [Мәтін] : әдістемелік ұсыныс / құраст.: А. Қ. Еділбай. Қарағанды: «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы», 2017. - 31 б. Жауапты: Уатаева Б. К. «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының» басшысы Қҧрастырушы: Еділбай А. Қ. Иновациялық - әдістемелік бӛлімінің библиографы «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ, 2017. 4

[close]

p. 5

Оқырмандарға Балалар әдебиетінің бірегей ӛкілі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының тумасы ӛлкелік ақын, журналист, атақты Әлімхан Ермековтың туған жиені Жеңіс Қашқыновтың туғанына 75 жыл толып отыр. Жеңіс Қашқынов ақындығымен қоса, мақала, очерктер, ой-толғамдарын ортаға салып, газет-журналдарға бұрын да жазып жүрген қаламгер тәуелсіздік таңы арайлап атқанда тарихи тақырыптарға батыл бара білген ақын. Жеңіс Қашқынов шығармашылығының басты тақырыбы – халқымызыдың мәрттігі мен ерлігін жырлауға арналған. Сонымен қатар балаларға да арналған шығармалары бар. Балалар әдебиетінің жолы ауыр да азапты, әсіресе ақындар үшін. Ӛйткені ақындық түйсік, кӛкірекпен шыққан рухани биігіңді балалар түсінігіне құлдырату – ӛзіңді құрбандыққа шалумен парапар құбылыс. Азабы мен ғажабы қатар жүретін әдебиеттің бұл саласына жаны сәбидей пәк, ұлтжанды ізгілік иелері ғана барады. Балалар үшін ғана емес, ұлтқа қызмет етудің бір шеті осында. Қысқасы, балалар әдебиетіне бару – ұлтқа қызмет етудің үлкені. Ӛз әлемін осы жолға жаялық еткен балажан ақын, балалар әдебиетінің майталманы Жеңіс Қашқыновтың ӛмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып «Кӛркем сӛздің тарланы» атты әдістемелік құралды назарларыңызға ұсынамыз. Әдістемелік құралдан сіздер балалар жазушысы, журналист, ақын Жеңіс Қашқыновтың ӛмірбаяны мен шығармалшылығы жайлы, кітаптарына шағын түсініктер, оның балаларға жазған туындыларымен таныса аласыздар. 5

[close]

p. 6

ЖЫРЛАРЫ ЖАНДЫ БАУРАҒАН Жеңіс Қашқынов (1942- 2005 ж.ж) Ӛмірдерек Жеңіс Қашқынов 1942 жылғы 4 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы, бұрынғы «Қуаныш» ауылында туған. 1959 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы №12 қазақ орта метебін, 1964 жылы ҚазМу-дің филология факультетін бітіріп шығады. Алғашқы кезде республикалық «Лениншіл жас» газетінде жұмыс істеп, 1965 жылдан қазақ радиосында қызмет атқарып келді. Одан кейін «Мектеп» баспасында жұмыс істеді. Жеңіс Қашқынов ӛлеңді мектепте оқып жүрген кезден жаза бастаған. Алғашқы ӛлеңдері 1959 жылы республикалық «Пионер» («Ақ желкен»), «Қазақстан пионері» («Алау») газеттерінде жарық кӛрді. Балаларға арналған тұңғыш «Кешкі күн» аталатын кітапшасы 1967 жылы, ал «Қоңыраулы сағат» атты бір томдығы 1989 жылы жарық кӛрді. Ақын бірқатар бауырлас елдер ақындарының жырларын ана тілімізге аударса, оның ӛлеңдері орыс, украин, ӛзбек, молдаван, грузин, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылды. Жеңіс Қашқыновтың ӛлең ӛлкесінде қаламының ұшталып қанатының қатаюына «Орталық Қазақстан» газеті ерекше ықпал етті. Жеңіс Қашқынов шығармашылығының басты тақырыбы – халқымыздың мәрттігі мен ерлігін жырлауға арналған. Бұған дәлел С.Сейфуллин жайлы «Қызыл сұңқар» атты балладасы мен Ақтоғай ауданынан шыққан, кешегі жаумен шайқаста ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры Қ.Нұржанов жайлы жазған шығармалары. Қ.Нұржанов жайлы жиырма жылдан артық уақыт бойы деректер мен материалдар жинап, «Батыр Қазыбек Нұржанов» (1971 ж.) очерк кітабын, «Батырдың анасы» (1978 ж.) атты поэмасын қалың жұртшылыққа сыйға тартты. Жеңіс Қашқынов ақындығымен қоса мақала, очерктер, ойтолғамдарын ортаға салып, газет-журналдарға бұрын да жазып жүрген қаламгер тәуелсіздік таңы арайлап атқанда тарихи 6

[close]

p. 7

тақырыптарға батыл барды. Жалаң тұрғыдан емес, зерделі зерттеулерді салыстыра, бұрындары елден естігендерін толықтыра отырып жұрт кәдесіне ұсынды. 1994 жылы тарихи тақырыптарға жазған мақалалар мен очерктер топтамалары үшін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды. Жазушы тарихи тұлғалардың кескін-келбетін, іс-әрекеттерін, халқы үшін аямай жұмсаған күш-қайратын кӛрсететін жарқын бейнелерін 2001 жылы шыққан «Алыптар мен арыстар» деп аталатын ӛлеңдер мен дастандардан тұратын жыр жинағында сомдады. Жеңіс Қашқыновтың ӛлең жолдарына сия бермейтін ел намысын жыртып, туған жерін кеудесін қалқан етіпжаудан қорғаған қаһармандардың ерліктерін кеңінен кӛрсету мақсатында проза жанрына бой ұруы тегін емес. 2002 жылы «Жібек жолы» баспа үйінен шыққан «Атыңнан айналайын атамекен» аталатын кітабында Балқаш пен Қарағанды арасындағы сайын даланы найзаның ұшы, білектің күшімен қорғаған батырлар, жалынды жырларымен елдің рухын кӛтерген арынды ақындар, би-шешендер, Алаш кӛсемдері, кӛрнекті ғалым, мемлекет қайраткерлері, майталман еңбек ерлері туралы деректі әңгімелер, толғаулары, портреттері енген. Сонымен бірге «Ақжолтай Ағыбай батыр» (1996 ж.) туындысы жастарды Отанын шексіз сүюге баулитыны сӛзсіз.Жазушы 30 жылдан аса Балқаш кӛлінің әсем кӛрінісін жырлап қана қоймай, суының тартылып, балығының азаюына байланысты кӛптеген проблемалық мақалалар жазып, Қазақ радиосы арқылы: «Балқаштың бағын байламаңдар!» деп қалың елге үн тастағанын білеміз. Әдеби газет-журналдар мен бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы. Жеңіс Қашқынов Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, грамоталармен марапатталған. 2005 жылдың қаңтар айында 64 жасқа қараған шағында қайтыс болды. 7

[close]

p. 8

«ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІКТІ ЖЫРЛАҒАН » ЖЕҢІС ҚАШҚЫНОВҚА АРНАЛҒАН КІТАП КӚРМЕСІНІҢ ЖОБАСЫ 8

[close]

p. 9

84(5Қаз) Қ52 I БӚЛІМ «ҦЛТЖАНДЫ ІЗГІЛІК ИЕСІ» «ЖЕҢІС ҚАШҚЫНОВ ЖАЙЛЫ» Қашқынов, Ж. Шығармалары [Мәтін] / Ж. Қашқынов. - Астана : Фолиант, 2014. - 368 б. – (Сарыарқа кітапханасы) Белгілі ақын Жеңіс Қашқыновтың «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен жарық кӛрген бұл жинағына негізнен балаларға арналған шығармалары мен деректі әңгімелері топтастырылды. Туындалардың қай-қайсысы да тартымды, қызықты оқылады. 83.3(5Қаз) Қашқынов Жеңіс (Тоқырауын) [Мәтін] // Қ52 Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр»: анықтамалық / қҧраст.: Д. Есенбай, Е. Арсан- бай, О. Қаржаубай. - Алматы: Ана тілі, 2004 .-184 б. Әдебиетіміздің ұлы тұлғасы Абайдан бастап күні бүгінгі жас қаламгерлерімізді түгел қамтитын «Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр» атты анықтамалық тұңғыш рет дайындалып отыр. Бұған жазушылар мен ақындар, драматургтер, аудармашылар, сыншылар мен әдебиет зерттеушілері жайлы қысқаша ӛмірбаяндық және шығармашылық мәліметтер жинақталды. Солардың бірі ақын, жазушы, журналист Жеңіс Қашқынов жайлы жазылған. Ақынның ӛмір жолы, шығармашылығы және шығармаларының есімдер мен жарыққа шыққан жылдары жайлы қысқаша мәлімет берілген. 92(5Қаз) Қ52 Қашқынов Жеңіс [Мәтін] // Қарағанды. Қарағанды облысы энциклопедия. - Алматы: Атамҧра, 2006. - 372 б. Ұсынылып отырған энциклопедия беттерінен елге, ӛз ісіне берілген, Қарағандылықтардың құрмет пен алғыс сезіміне бӛленген барлық мамандық, қызмет саласы түрлерінің ӛкілдері кездеседі. Солардың бірі атап кетсек Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ақтоғай ауданының тумасы, яғни ӛлкелік ақын Жеңіс Қашқыновтың ӛмірдерегі жазылған 9

[close]

p. 10

83.3(5Қаз) Қ52 Қашқынов Жеңіс. Ағалар жҥрген жолменен [Мәтін] // Балалар бағының бағбандары: анықтамалық / қҧраст.: Ш.Кҥмісбайҧлы. Алматы: Балалар әдебиеті, 2008. - 172 б. Кітаптың «Балалар бағының бағбандары» аталуда тегіннен тегін емес. Бұл анықтамалық кітапқа қазақ балалар әдебиеті қаламгерлерінің шығармашылық баяны енді. Ұсынып отырған анықтамалықта ӛлкелік ақын, балажан ақын Жеңіс Қашқыновтың ӛмірімен шығармашылығы жайлы және ақынның берген сұхбаты жазылған. Кітап жас ӛскіндерге, ұстаздарға, кітапханашыларға, балабақша тәрбиешілеріне, студенттерге, жалпы оқырман қауымға арналған. 84(5Қаз) Қашқынов Жеңіс Ӛлеңдер [Мәтін] // Тәтті алма: Қ52 Балаларға арналған кӛркем шығармалар жинағы. 2 Том / қҧраст.:Ш. Кҥмісбайҧлы, А.Шәуеев, А.Елгезек.- Астана: Фолиант, 2015. - 94-95 б. Елбасымыздың жеке қолдауымен шығып отырған бұл жинаққа ӛткен ХХ ғасырдың орта тұсынан бүгінгі кезеңге дейінгі қазақ балалар жазба әдебиетінің тәрбиелік мәні жоғары туындылары топтастырылып отыр. Топтастырылған туындылардың ішінде Жеңіс Қашқыновтың балаларға арнап жазған ӛлеңдері жазылған. Атап кетсек: «Кӛмектесем анама», «Кешкі күн», «Менің атам», «Қорқам ғой», «Шекарашы». Кітап ата-аналар мен оқушы балаларға, орта білім беретін оқу орындарының балғын шәкірттеріне арналған. 10

[close]

p. 11

II БӚЛІМ «БАЛАЖАН АҚЫН» ЖЕҢІС ҚАШҚЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ 84(5Қаз) Қашқынов, Ж. Атыңнан айналайын атамекен Қ52 [Мәтін]: әңгімелер мен толғаулар / Ж. Қашқынов. - Алматы: Жібек жолы, 2002. - 208 б. Белгілі ақын, қарымды қаламгер, жүйрік журналист, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Ақтоғай ауданының құрметті азаматы Жеңіс Қашқынов кӛп жылдан бері Балқаш пен Қарағанды арасындағы сайын даланы найзаның ұшы, білектің күшімен қорғаған батырлар жайлы зерттеп жазып жүрген жазушының бірі. Бұл кітаптқа бұлбұлдар мен дүлдүлдер, батырлар мен ақындар, Алаш кӛсемдері, кӛрнекті ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, майталман еңбек ерлері туралы деректі әңгімелері, толғаулары, портреттері енген. Жазушының Ақтоғай мен Қарқаралы тарихына, Арал мен Балқашты қорғау қоғамдық комитетінің мүшесі болған кезде кӛтеріп, Балқаштың экологиясына байланысты жазылған материалдарына да орын берілген. Автор осы кітаптың жарыққа шығуына қол үшін беріп, демеуші болған «Алаш» ЖАҚ-ның тӛрағасы Т. Ж. Мұхамедияровқа шексіз алғысын білдіреді. 84(5Қаз) Қашқынов, Ж. Ақжолтай Ағыбай батыр [Мәтін]: Қ52 очерк /Ж.Қашқынов. - Алматы: Балауса, 1996. - 64б. - (ардақты аталарымыз). Аты аңызға айналған Ақжолтай Ағыбай батыр Кенесары хан әскерінің қолбасшысы болған адам. Оның ерлігі жайында талай дастандар жазылған. Бұл кітапшаға ақын Жеңіс Қашқыновтың Ағыбай батыр туралы тарихи очеркі мен халық дастаны енгізілді. 11

[close]

p. 12

84(5Қаз) Қ52 Қашқынов, Ж. Ағаны жҧрт мақтайды [Мәтін]: ӛлеңдер /Ж. Қашқынов. - Алматы: Жазушы, 1975. - 24 б. Жеңіс Қашқыновтың бұған дейінгі балаларға арналған бірнеше жинағын жас оқырмандар жақсы біледі. Бұл кітапқа ақынның туған жері, ардагер ағалар мен талапты балалар туралы жаңа ӛлеңдері енді. 84(5Қаз) Қ52 Қашқынов, Ж. Ашылған сыр [Мәтін]: поэмалар мен ӛлеңдер / Ж. Қашқынов. - Алматы: Жалын, 1978. - 56 б. Ақын Жеңіс Қашқыновтың жинағына балалардың қызықты іс-әрекеттерін жырлайтын бір топ ӛлеңдері, поэмалалры, ертегілері енген. «Ашылған сыр», «Батырдың анасы», атты поэмаларында замандас бейнесін мүсіндеуге, оның ой-сезімін тебірене толғауға баса назар аударады. 84(5Қаз) Қ52 Қашқынов, Ж. Диқан мерейі [Мәтін]: поэмалар мен ӛлеңдер/ Ж. Қашқынов. - Алматы: Жазушы, 1983. - 72 б. Ж.Қашқыновтың бұл жинағына «Диқан мерейі» атты толғауы енгізілді. Сондай-ақ тың даланың ерлері, халықтар достығы, жастық, махаббат тақырыптарына жазылған ӛлеңдері бар. 12

[close]

p. 13

84(5Қаз) Қ52 Қашқынов, Ж. Заңғар[Мәтін]: поэмалар мен ӛлеңдер / Ж. Қашқынов. - Алматы: Жазушы, 1979. 60 б. Жеңіс Қашқыновтың бұл жинағына мұнайлы Маңғыстау жұмысшыларының, дала тӛсінде қой жайып жүрген шопандардың еңбектері арқау болған. Сондай-ақ, халықтар достығы, туған жер табиғатты, махаббат жайлы жырлары еніп отыр. 84(5Қаз) Қ52 Қашқынов, Ж. Қазыбек Нҧржанов [Мәтін]: очерк / Ж.Қашқынов. - Алматы: Жазушы, 1972. - 24 б. Кітапта Кеңес Одағының Батыры Қазыбек Нұржановтың ӛскен ортасы, балалық, жастық шағы, Ұлы Отан соғысы кезінде кӛрсеткен ерлік ӛмірі баяндалады. 84(5Қаз) Қ52 Қашқынов, Ж. Найзатас [Мәтін]: поэмалар мен ӛлеңдер /Ж. Қашқынов. - Алматы: Жазушы, 1977. - 72 б. Ақынның бұл жинағына 1974-1977 жылдарда жазылған поэмалары мен ӛлеңдері енгізілген. «Бәйшешек» дастанында бір мектепті бітірген қыз бен жігіттің сүйіспендігі, қиындығы мол шопандар ӛмірі сӛз болады. Автордың «Сенім» атты дастаны мен қысқа ӛлеңдерінде жастардың ӛмірлері, кӛңілкүйлері жырланған. 13

[close]

p. 14

84(5Қаз) Қ52 Қашқынов, Ж. Он тоғызыншы биіктік [Мәтін]: поэмалар мен ӛлеңдер / Ж. Қашқынов. - Алматы: Жазушы, 1988. - 54б. Ақын Жеңіс Қашқыновтың бұл кітабына сүйікті Отан мен туған жердің әсем табиғатын суреттейтін ӛлеңдері, толғаулары енген. Ал, «Оның бақыт жұлдызы», «Он тоғызыншы биіктік», поэмаларында достығы сӛз болады. 84(5Қаз) Қ52 Қашқынов, Ж. Соқпақтар [Мәтін]: ӛлеңдер, толғаулар балладалар / Ж. Қашқынов.- Алматы: Жазушы, 1973. - 63 б. Жеңіс Қашқыновтың бұл жинағына әр түрлі тақырыптағы ӛлең, баллада, толғаулары кірген. Ақын ӛз уақытындағы жарқын заманды, ӛзгерген ӛңірді, жастарымыздың еңбегі мен махаббатын жырға қосады. Баллада, толғауларына тақырып етіп ерлікті, адамгершілікті, қажырлы еңбекті алған. Жырлары патриотизм мен оптимизмге, ӛмірге деген құштарлыққа толы. 14

[close]

p. 15

«ЕРТТЕП МІНДІМ ӚЛЕҢНІҢ ДҤЛДҤЛ АТЫН» ӘДЕБИСАЗДЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ. ЖЕҢІС ҚАШҚЫНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 75 ЖЫЛ (сценарий) Тақырыбы:« Ерттеп міндім ӛлеңнің дүлдүл атын » Кештің ӛзектілігі: Жеңіс Қашқынов шығармашылығының басты тақырыбы – халқымызыдың мәрттігі мен ерлігін жырлауға арналғандықтан тәрбие кӛзі осыдан бастау алуы тиісті. Аталған тақырыптар жас ӛскіннің адамға деген құрметі мен түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді. Келер ұрпақты осы бағытта тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол. Оны жүзеге асыру мақсатында әдеби-сазды кешіміздің қажеттілігімен, маңыздылығымен, ӛзектілігімен назарларыңызға ұсынамыз. Мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша ӛшпейтін із қалдырған Жеіңс Қашқыновтың ӛмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Жеңіс Қашқыновтың ӛлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу. Білімділігі: Ӛлкелік ақын Жеңіс Қашқыновтың ӛмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру Тәрбиелігі: Отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу Дамытушылығы: оқушының сӛйлеу мәдениетін дамыту. Кӛрнекілігі: ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктер, нақыл сӛздер, буклет, кітап кӛрмесі. Жоспары: 1. Кіріспе бӛлім 2. Жеңіс Қашқынов ғұмыры - мәңгілік 3. «Поэзия – жүрек тілі» (Ақынның ӛлеңдерінің мәнерлеп оқу) 4. «Жазылар естеліктер мен туралы» (ақын жайлы) 5. «Дихан мерейі» атты жинағының қолжазбасы жайында 6. Қорытынды. I.Әдеби кеш барысы. 1-Кітапханашы: «Атамекен» Тауларың мұнартып, Гүдерің құлпырады. Бар адам құмартып, 15

[close]

Comments

no comments yet