brochureKAZ

 

Embed or link this publication

Description

International cooperation NKSU

Popular Pages


p. 1

0

[close]

p. 2

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 80 жылдығына арналады 2017 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы 80 жылдық мерейтойын атап өтпек. 80 жыл бұрын Қазақстанның солтүстігінде Петропавл педагогикалық институты құрылды. Алғашқы күндерінен бастап ЖОО қала түзуші қызметін атқарып келеді. Бір жағынан, ЖОО аймақты мұғалімдермен қамтамасыз ету мәселелерін шешсе, екінші жағынан, облыстың зиялы дегдарларын қалыптастыру орталығы болып табылады. Өзінің қалыптасу жылдары бойы университет Солтүстік Қазақстан облысының білім беру, ғылым және мәдениет орталығына айналды, мемлекетіміздің экономикасын дамыту жолында адал еңбектерімен зор үлес қосқан және әлі де қосып келе жатқан 40 мыңнан астам мамандарды даярлап шығарды. Білім беру жүйесінің дамуы мен аймақтағы жаңа кадрлаға деген сұраныс барлық салалар бойынша кадрларды даярлау бағытын кеңейту жөніндегі жаңа мәселелерді шешуді қажет етеді. Бүгін М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – білім берудің үш деңгейлі жүйесі бойынша мамандарды даярлайтын көп салалы және заманауи білім беру кешені. Университет өз мерейтойын күшті материалдықтехникалық база, заманауи кампус, озат медициналық орталық, 1 млн. дана қоры бар ғылыми кітапхана, жақсы жабдықталған ғылыми-зерттеу зертханалары, бассейн мен қала сыртындағы оқу-практикалық кешендерімен қарсы алуда. ЖОО-дағы жоғары білім беру сапасы жоғары білікті ғылымипедагогикалық кадрлар, білім беру бағдарламаларының заманауи мазмұны, өндіріс кәсіпорындармен ғылыми байланыстардың орнатылуы арқылы қамтамасыз етілуде. Университет ұжымы үшін шығармашылық тұлғаны, белсенді азаматтық көзқарасы бар өз елінің патриотын, моральдік және адамгершілік қасиеті жоғары тұлғаны тәрбиелеу өте маңызды болып табылады. Бұл мақсат тәрбиелеудің кешендік әдістері мен 1

[close]

p. 3

заманауи технологияларын пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі. Халықаралық ынтымақтастық пен интернационаландыруды дамытуға ерекше назар аударылады. Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу университеттің стратегиялық міндеті болып табылады. Шетелдік ЖОО-лармен жүзден астам келісім-шарт орнатылған. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ әлемдегі классикалық унивеситеттердің Болон хартиясының толық мүшесі болып табылады. Жеті бағдарлама ASIIN неміс агенттігінің халықаралық аккредиттеуінен өтті. Бүгін университет ұжымы Қазақстанның ең үздік ЖОО-лары қатарына енуді көздеп отырып, ЖОО-ның инновациялық дамуын жүзеге асыру жолында. Бұл мақсатқа университет ұжымы міндетті түрде қол жеткізеді! М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Өмірбаев С. М. 2

[close]

p. 4

Мазмұны М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың интернационалдандыру саясаты АҚШ Аустрия Беларусь Болгария Германия Жапония Израиль Испания Қырғызстан Латвия Литва Мажарстан ОАР Польша Португалия Ресей Сингапур Түркия Украина Ұлыбритания Үндістан Финляндия 3 5 12 15 17 18 18 19 23 23 24 25 25 26 26 27 27 29 31 56 56 57 57 59 59

[close]

p. 5

Франция Чехия Швеция Эстония Шетел мемлекеттерінің елшіліктері өкілдерінің сапарлары Жақын шетелдердің жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісім-шарттар тізімі Алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісім-шарттар тізімі 60 61 62 62 63 66 69 4

[close]

p. 6

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі Халықаралық ынтымақтастық республиканың жетекші жоғары оқу орны ретіндегі М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қызметінің ажырамас бөлігі, білім беру сапасын және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Белсенді халықаралық байланыстар және бірқатар халықаралық ұйымдар тарапынан көрсетілген қолдау оқу үдерісін жетекші шетел университеттерінің стандарттарына сәйкес келетін заманауи бағдарламалармен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. Халықаралық қызмет ҚР жоғары білім беру жүйесінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың жағдайын жоғарылатуға және әлемдік білім беру және ғылыми қауымдастығына одан әрі кірігуге бағытталған. Кірігудің негізгі қағидалары М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың интернационалдандыру саясатында анықталған. 2010 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Болон процесінің қағидаларын ұстануға даярлығын растай отырып, Университеттердің Ұлы хартиясына қол қойды. Әр түрлі кезеңде университет «Қазақстан-американдық қоғамдық қаржы консорциумы» және «Қазақстан және ЕО елдері жоғары оқу орындарының консорциумы» халықаралық консорциумдарының, сондай-ақ ICDE – Ашық және қашықтықтан білім берудің Халықаралық Кеңесі, ЕААФ – Еуроазиялық академиялық форумы, EuroPACE – Қашықтықтан оқыту бойынша Еуропа виртуалды университеті, CAMAN – Менеджментті дамытудың Азиялық қоры, IAESTE – Студенттердің тағылымдамалық айырбас бойынша ұлттық комитеті халықаралық қауымдастықтарының мүшесі болды. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың халықаралық қызметі бүгін келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады. 5

[close]

p. 7

Шетелдік университеттермен және ұйымдармен халықаралық ынтымақтастық Бұл жұмыс жетекші шетелдік университеттермен ынтымақтастық бағдарламаларын, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, бірлескен ғылымизерттеу қызметін жүзеге асыру, ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру, оқытушы кадрлармен алмасу және студенттік ұтқырлықты дамыту аясында жүзеге асырылады. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Беларусь, Германия, Корея, Латвия, Литва, Ресей, АҚШ, Польша, Португалия, Словакия, Түркия, Финляндия, Чехия мен ОАР-дың көптеген шетелдік университеттерімен және халықаралық ұйымдарымен тұрақты байланыс жасайды. Қазіргі уақытта университет алыс шетелдердің ЖОО-ларымен 18 келісім-шарт, жақын шетелдердің ЖОО-ларымен 72 келісім-шарт, ғылыми ұйымдарымен және зерттеу институттарымен 11 келісім-шарт жасады. Университеттің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы шетелдік серіктестермен университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарттардың негізінде шетелдік білім беру және ғылыми мекемелерінде біліктілікті арттыру, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына белсенді қатысады. 2009 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекара маңы облыстары ЖОО-ларының халықаралық ғылыми-білім беру форумы сияқты ауқымды ісшаралар университеттің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуінің жарқын куәсі болып табылады. Форум жұмысына ҚР Білім және ғылым министрі Ж. Қ. Түймебаев, Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі А.Н. Травин, Қазақстан Республикасының 4 өңірі (Солтүстік, Шығыс, Батыс және Орталық) 14 ЖОО-ларының және Ресей Федерациясының 4 облысы (Омбы, Түмен, Свердлов, Новосібір) 10 ЖОО-ларының өкілдері қатысты. Форум аясында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ЖОО-лары арасында білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, сонымен қатар екі жақты ынтымақтастық туралы 6

[close]

p. 8

76 келісім-шарт (оның ішінде Қазақстан мен Ресейдің ЖОО-лары арасында 59 келісім-шарт, Қазақстанның ЖОО-лары арасында 17 келісім-шарт) жасалды. 2014 жылдың қараша айында университет базасында «KYZYLZHAR INVEST 2014» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерін көрсету мен отандық және шетелдік инвестициялардың ағынын өңір экономикасына одан әрі ынталандыру мақсатында өткізілді. Бизнес-келіссөздерге 14 мемлекеттен (Ресей, Швейцария, Финляндия, Испания, Румыния, Египет, Сингапур, Қытай, Иордания, Ауғанстан, Швейцария, Польша, Словакия, Бельгия) 800-ге жуық өкіл қатысты. Форум қорытындысы бойынша барлық панельдік сессияларда машина, агроөнеркәсіп кешені, туризм, шағын және орта бизнес салаларында 50 млрд тенгеден астам сомаға 70-тен аса меморандум мен келісім-шартқа қол қойылды. 2015 жылдың маусым айында университетте Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Түмен және Омбы (Ресей) ғалымдары, Астана және Алматы қалалары жетекші жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының ғылым қайраткерлері баяндамаларымен сөз сөйледі. Университет ғалымдарының халықаралық ғылыми жобалар мен зерттеулерге қатысуы Университет ғалымдары Миссисипи университеті, Ұлы Витаутас университеті, Ченстохова политехникалық университеті, П. П. Ершов атындағы Ишим мемлекеттік педагогикалық институты, Новосібір мемлекеттік университеті, Томск ұлттық политехникалық зерттеу университеті, Омбы мемлекеттік техникалық университеті, Сібір мемлекеттік медицина университеті, Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясы мен Б. Н. Ельцин атындағы Урал Федералды университетінің ғалымдармен бірлесіп, белсенді түрде ғылыми жұмыс жүргізіп, халықаралық жобалар мен зерттеулерге қатысады. 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін университетте Эразмус+ аясында «Микроэлектронды инженерияда DOCMEN екі деңгейлі инновациялық бағдарламасын әзірлеу» халықаралық жобасы 7

[close]

p. 9

жүзеге асырылуда. Жұмыс тобының құрамына т.ғ.д. Қ. Т. Көшеков, т.ғ.к. Д. В. Риттер, т.ғ.к. А. А. Савостин кіреді. 2016 жылы университет оқытушылары «Қазақстан университеттерінің автономияға көшуі», «Студентке бағытталған оқыту және оқу арқылы жұмысқа орналастыру және зерттеу дағдыларын дамыту», «Телекомуникациялық инженерлік желілердегі магистрлік бағдарлама», «Ресей мен Қазақстандағы университеттер мен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті дамыту жолымен үздіксіз білім беру бойынша әрекеттер», «Дәлме-дәл егіншіліктің алдыңғы қатарлы технологияларындағы жаңа оқу жоспары» бес тақырыбы бойынша Эразмус+ өтінімдерін қалыптастыруға қатысты. Ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жақын және алыс шетелдердің ғылыми журналдарында жарық көреді. 2011-2016 жылдары университеттің профессорлықоқытушылар құрамы импакт-факторы нөлден жоғары шетелдік басылымдарында 1142 ғылыми мақала, оның ішінде 43 ғылыми мақала Thomson Reuters және Scopus журналдарында жарияланды. Университеттің білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу М. Қозыбаев атындағы СҚМУ білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу бойынша белсенді қызмет жүргізеді. ASIIN неміс агенттігінде 7 білім беру бағдарламасы аккредиттелді. 5B071800 Электр энергетикасы, 6M071800 Электр энергетикасы, 5B071600 Аспап жасау бағдарламалары 2019 жылдың қыркүйек айына дейінгі мерзімге аккредиттелген. 5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, 6М071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бағдарламалары 2020 жылдың қыркүйек айына дейін аккредиттелген. Аталған бағдарламаларға EUR-ACE® сапа белгісі берілді. 5В070300 Ақпараттық жүйелер, 6М070300 Ақпараттық жүйелер екі білім беру бағдарламасы Euro-Inf® сапа белгісін иеленіп, 2020 жылдың қыркүйек айына дейінгі мерзімге аккредиттелген. 8

[close]

p. 10

Бірлескен және екі дипломдық білім беру бағдарламаларын іске асыру 2006 жылдан бастап университеттің бірлескен халықаралық бағдарламаларды іске асыру бойынша тәжірибесі бар. 2006 жылы университет жанынан Халықаралық ынтымақтастық туралы келісім-шарт аясында Кавендиш Колледжінің халықаралық Білім беру орталығы (Лондон) ашылды. Кавендиш Колледжінде бакалавр дәрежесінен төмен емес негізде 1 жылдық оқу мерзіміне бакалавриат, магистратура, арнайы дайындық бағыттары бойынша білім беру қызметі жүзеге асырылды, сондай-ақ тілдік курстар жүргізілді. 2006-2009 жж. Кавендиш Колледжінің бағдарламалары бойынша 16 адам оқыды, оның ішінде 4-уі бакалавр дәрежесін және 6 адам аралық диплом (Higher National Diploma) алды. «Современная Бизнес-Академия «НОВА» ЖШҚ-сымен (Ресей, Новосібір қ.) бірлесіп, 2010-2013 жылдары MANCOSA (ОАР, Дурбан қ.) жоғары білім жекеменшік мекемесінің «Business administration» (Іскерлік әкімшілік) бакалавриат, магистратура білім беру бағдарламалары мен Regent Бизнес мектебінің (ОАР, Дурбан қ.) біліктілікті растау бағдарламасы іске асырылды. Осы бағдарламалар бойынша оқып, 7 адам іскерлік әкімшілік магистрі (MBA) дипломын, 10 адам іскер әкімшілік бакалавры (BBA) дипломын алды. 2014 жылы Омбы мемлекеттік педагогикалық университетімен (Ресей) 6М070300 Ақпараттық жүйелер (М. Қозыбаев атындағы СҚМУ) және 44.04.01 Білім берудегі ақпараттық технологиялар (ОмМПУ) магистратурасының бірлескен екі дипломдық білім беру бағдарламасын іске асыру туралы келісім-шарт аясында екі магистрант білім алды. 2017 жылғы сәуір айында университет магистратураның 6М060700 Биология, 6М060800 Экология, 6М070100 Биотехнология үш білім беру бағдарламалары бойынша Ұлы Витаутас университетімен (Литва, Каунас қ.) екі дипломдық бағдарламаларын іске асыру туралы келісім-шарт жасасты. 2017 жылғы қыркүйек айында университеттің бес магистранты оқудың екінші жылын Литва ЖОО-сында жалғастырды. Оқуды 9

[close]

p. 11

табысты аяқтағаннан кейін оларға М. Қозыбаев атындағы СҚМУ мен Ұлы Витаутас университетінің магистр дипломы беріледі. РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетімен, Ф. М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетімен, Омбы гуманитарлық академиясымен бірлескен магистратура оқу бағдарламаларын іске асыру туралы келісім-шарттар жасалды. Академиялық ұтқырлық 2013 жылдан бастап университет Лодзь университетімен (Польша), Рига техникалық университетімен (Латвия), Теннесси технологиялық университетімен (АҚШ), Дебрецен университетімен (Мажарстан), Вроцлава қ. экономикалық университетімен (Польша), Солтүстік Мичиган университетімен (АҚШ) бірге сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларын табысты іске асыруда. Осы кезеңде 63 студент пен магистрант (2013 жылы – 11 адам, 2014 жылы – 20 адам, 2015 жылы – 12 адам, 2016 жылы – 20 адам) шетелде білім алды. Ресей ЖОО-ларында (РФ Тұңғыш Президенті атындағы Урал федералды университеті, А. С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университеті, Томск политехникалық университеті, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Омбы филиалы, Омбы гуманитарлық академиясы, Челябі мемлекеттік университеті, Новосібір мемлекеттік техникалық университеті, Омбы мемлекеттік техникалық университеті) 233 магистрант пен докторант (2013 жылы – 48 адам, 2014 жылы – 52 адам, 2015 жылы – 55 адам, 2016 жылы – 78 адам) ғылыми шетелдік тағылымдамадан өтті. «Болашақ» бағдарламалары бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында 5 адам білім алды. LOGO e.V. (Германия, Линен а.) компаниясының базасында ауыл шаруашылық мамандықтарының 10 студенті тәжірибеден өтті. Әлемнің жетекші университеттерінің шетелдік кеңесшілері мен оқытушыларын шақыру Университетте 2016 жылдан бастап «Жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау үшін шетелдік мамандарды Қазақстанның ЖОО-ларына тарту» 10

[close]

p. 12

бағдарламасы табысты іске асырылуда. Осы бағдарламаға сәйкес университет АҚШ, Польша, Португалия, Финляндия және т.б. елдерден шетелдік оқытушылар мен кеңесшілерді қабылдайды. 2016 жылы университетке 12 шетелдік ғалымдар келіп, білім алушылар мен оқытушыларға 300-ден астам сағат көлемінде дәрістер оқыды. 2017 жылы қазақстандық ЖОО-ларға шетелдік топменеджерлерді тарту жөніндегі жоба аясында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың интернационалдандыру жөніндегі проректоры лауазымына Орхан Сойлемез қабылданды. Шетелдік азаматтарды оқыту Шетелдік студенттерді – Әзірбайжан, Армения, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан азаматтарын – оқыту М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың әлемдік қауымдастық ретінде мойындалуының куәсі болып табылады. 2012 жылы шетелдік студенттер санының көрсеткіші – 72, 2013 жылы – 54 және 2014 жылы – 39, 2015 жылы – 36, 2016 жылы – 59 адам. 2014-2015 жылдары университеттің дайындық курстарында 81 тыңдаушы оқыды – Қытай, Моңғолия және Өзбекстан азаматтары. 2016 жылы Қытай, Моңғолия мен Ресейдің 54 тыңдаушысы білім алған Foundation факультеті құрылды. Халықаралық қызметті басқарудың ұйымдық құрылымы стратегия және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректорды, Стратегия, сапа және интернационалдандыру департаментінің халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру бөлімін, Академиялық қызмет жөніндегі департаменттің академиялық ұтқырлық және көптілді білім беру бөлімін қамтиды. 11

[close]

p. 13

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың интернационалдандыру саясаты Интернационалдандыру – бұл оқыту мен зерттеу сапасын арттыру мен талап етілетін құзыреттілікке жету мақсатында университеттің зерттеу, білім беру және әкімшілік қызметтеріне халықаралық құрамдас бөлікті енгізу үдерісі. Білім беруді интернационалдандыру білім беру сапасын арттыруға бағытталған және университеттің жаһандық білім беру кеңістігіне кірігуінің маңызды құралы болып табылады. Университет интернационалдандыру саясатының университеттің стратегиялық жоспарына кірігуін қамтамасыз етеді. Білім беруді интернационалдандыруға университет халықаралық ынтымақтастықтың келесі түрлерін жатқызады: – білім алушылар мен профессорлық-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы; – шетелдік ЖОО-лармен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру; – халықаралық конференциялар, семинарлар, бағдарламалар мен жобаларға қатысу; – шетелдік жоғары оқу орындармен және ұйымдармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу; – білім алушылар мен оқытушылардың тілдік дайындығын қамтамасыз ету; – пәндер мазмұнында халықаралық контентті қалыптастыру; – білім беру бағдарламаларына халықаралық аккредиттеуді алу; – шетелдік студенттерді оқыту. Университет басшылығы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізуге бастамашылдық жасайды. Университет білім беруді интернационалдандыру мен мәдениетаралық байланыстарды дамыту мақсатында шетелдік ұйымдармен және білім беру мекемелерімен байланыстарды орнатып, белсенді дамытады. 12

[close]

p. 14

Университет оқытуды, шетелдік тәжірибелерді және шетелде тағылымдамаларды өтуді ұйымдастыруды, шетелдік оқытушыларды дәрістер оқуға және шетелдік топ-менеджерлерді басқарушылық қызметке тартуды қоса алғанда, білім алушылардың және профессорлық-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығының дамуын ынталандырады. Академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында Академиялық ұтқырлық және көптілді білім беру бөлімі жұмыс істейді. Университет шетелдік ЖОО-лармен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеп және іске асыра отырып, білім беру қызметтерінің спектрін кеңейтеді. Университет интернационалдандыру және білім сапасын арттыру мақсатында оқытушылар мен білім алушылардың халықаралық конференцияларға, семинарларға, бағдарламаларға және жобаларға қатысуына ықпал етеді. Университет ЖОО ғалымдарының шетелдік ұйымдармен және ғалымдармен бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуге қатысуы, халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыруы, бірлескен жарияланымдарды дайындауы үшін ғылыми инфрақұрылым мен жағдайлар жасайды. Университет оқыту әдістемесін ұдайы жетілдіру, көп деңгейлі тегін ағылшын тілі курсын ұйымдастыру, ағылшын тіліндегі пәндерді кеңейту, үш тілді білім берумен қамтылған мамандықтарды ұлғайту, көшпелі ұтқырлықты дамыту, тәрбиелік іс-шараларды үш тілде жүргізу арқылы қызметкерлер мен білім алушылардың шетел тілдерін игеруге ұмтылуын қолдайды. Тәсілдің жүйелілігі Академиялық ұтқырлық және көптілді білім беру бөлімінің жұмыс істеуі мен үш тілді білім беруді іске асыру бағдарламаларын әзірлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Университет ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының санын арттыруға ұмтылады және шетелдік тәжірибені, заманауи ақпараттық ресурстарды, шетелдік білім беру бағдарламаларымен үйлестіруді ескере отырып, пәндер мазмұнының тұрақты жаңартылуын қамтамасыз етеді. 13

[close]

p. 15

Университет халықаралық деңгейдегі оқыту сапасын қамтамасыз ете отырып, техникалық білім беру бағдарламаларына халықаралық аккредиттеуді алуға ұмтылады. Университет Қазақстаннан тысқары жерлерде тұратын қазақ ұлт өкілдерін және шетелдік азаматтарды, оларға тең құқықтар мен мүмкіндіктерге кепілдік бере отырып және оқу мен тұруға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оқуға шақырады. «Foundation» факультетінің базасында шетел студенттеріне арналған дайындық курстары жұмыс істейді, әлеуметтікпсихологиялық бейімдеу және академиялық қолдау бағдарламасы жұмыс істейді. Солтүстік Қазақстан облысының жетекші экономикалық серіктесінің бірі болып табылатын Ресей Федерациясымен, шекаралық орналасуын ескере отырып, университет іскерлік ғылым және білім саласында Қазақстан мен Ресей байланыстарының белсенді түрде дамуына, ғылыми және оқу мекемелерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігін орнатуға, жетекшілік ететін қызметкерлердің тағылымдамадан өтуіне, делегациялардың ғылыми және педагогикалық кадрлармен алмасуына, бірлескен ғылыми және білім беру бағдарламалары мен жобаларын әзірлеуге, семинарлар мен конференцияларды өткізуге ықпал етеді. Университеттің кадр саясаты әлемдік білім кеңістігіне табысты кірігуге қажетті лингвистикалық және басқа да құзыреттерді дамытуға бағытталған. Университет интернационалдандыру үдерісін ақпараттық қолдауды сайттың үш тілде жұмыс істеуі арқылы қамтамасыз етеді. Интернационалдандыру саясатын іске асыру зерттеу және оқыту саласында университеттің халықаралық беделін нығайтуға, сондай-ақ жаһандану үдерісінің одан әрі дамуына ықпал етеді. 14

[close]

Comments

no comments yet