Мұхтар Әуезов әлемі

 

Embed or link this publication

Description

Muhtar Auezov alemi

Popular Pages


p. 1

1

[close]

p. 2

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» КММ МҰХТАР ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жылдығына арналаған әдістемелік құрал Қарағанды 2017 2

[close]

p. 3

ББК 78.32 М 86 М86 Мұхтар Әуезов әлемі: қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл [Мәтін] : әдістемелікбиблиографиялық құрал / құраст.: М.С. Смагулова. Қарағанды: «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы», 2017. - 24 б. Жауапты: Уатаева Б. К. Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Құрастырушы: Смагулова М.С. инновациялық-әдістемелік бӛлімінің кітапханашысы «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ, 2017 3

[close]

p. 4

Оқырманға Туған халқын тӛрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезов – кемел ойдың кеніші, кенен сӛздің ӛрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, бәрін игеріп, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан қарымды қаламгер, дарынды ғалым. Ұлы жазушы, данышпан ойшыл, ғұлама ғалым, асыл азамат Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына биыл 120 жыл толып отыр. Дүниеге қазақ перзенті болып туып, адамзат перзенті болып аттанған М.О.Әуезов тағдыры – талай ақиқатқа қапысыз кӛз жеткізетін тағылым мектебі. Заманмен бірге тебіреніп, мәңгілікпен үндесе білудің айқын ӛнегесі. М.Әуезов шығармашылығы – ХХ ғасырдың әсемдігімен, ғажайып әсерлілігімен сиқырлы, қайталанбас ұлы құбылысына айналды. Әуезов мұраларынан алатын тағылым ұшан-теңіз. Жазушы шығармаларында ӛз халқының тыныс-тіршілігін, қамқарекетін, аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынып бере білген суреткер. Жазушының ӛмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатында «Мұхтар Әуезов әлемі» атты әдістемелікбиблиографиялық құралды назарларыңызға ұсынамыз. Ұсынылып отырған әдістемелік-библиографиялық құрал оқырманға заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің ӛмірі мен шығармашылығымен таныстыруға кӛмек ретінде құрылған. Әдістемелікбиблиографиялық құралда сіздер жазушының ӛмірбаяны мен шығармашылығы жайлы ақпарат, кітаптарына шолу, әдебиеттердің библиогрфиялық тізімімен, ӛмірі мен шығармашылығы туралы кейінгі 2 жылда жарық кӛрген мақалалар, іс-шара сценарийлері ұсынылған. Әдістемелік-библиографиялық құралды құрастыру барысында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының кітап қоры және Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы туралы интернетсайттардан ақпарат пайдаланылды. Басылым М.Әуезов шығармашылығы қызықтыратын кӛпшілік қауымға, кітапханашыларға, ұстаздар мен студенттерге арналған. 4

[close]

p. 5

Ұлттың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов (1897-1961) Мұхтар Омарханұлы Әуезов – есімі әлемге танымал жазушы, белгілі қоғам қайраткері, Қазақ КСР ғылым Академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. М.О.Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Семей облысы Абай ауданының Шыңғыстауында дүниеге келген. Бала Мұхтарды атасы Әуез бен әжесі Дінәсіл тәрбиелейді. Мұхтардың сауатын ашқан алғашқы ұстазы да атасы болды. Әкесі Омархан да, атасы Әуез де ұлы Абайдың ӛлеңдерін жатқа білетін, сонымен қатар отбасылары араласқан кӛрші де болған. Атасы кішкентай Мұхтарға халық эпостарын, жырларын жатқа оқып беріп, әдебиетке деген қызығушылығын оятады. Мұхтар ауылда хат танитын дәрежеге жеткен соң, білімін ары қарай жалғастыру мақсатында Семей медресесінде оқиды, он бір жасында бес сыныптық қалалық училищені, содан кейін сондағы мұғалімдер семинариясын бітіреді. Орыс, шетел классиктерінің шығармаларымен танысып, ӛзіде шағын әңгімелер, мақалалар, ӛлеңдер жаза бастайды. Семинария қабырғасында ӛзінің тұңғыш шығармасы – «Еңлік-Кебек» пьесасын жазады. Болашақ жазушы ӛмірдегі қоғамдық ӛзгерістерден де тыс қалған жоқ. Алашорда ӛкіметінің жұмысына белсене араласады. 20жылдар «Қарагӛз» пьесасы мен бірнеше әңгімелерін, «ҚарашҚараш оқиғасы» атты повесін жариялайды. Кейіннен бұл шығармасы орыс, француз тілдеріне аударылып, оқырмандардың жоғары бағасына ие болды. Қазақ драматургиясының дамуы М.Әуезов есімімен тығыз байланысты. Жиырмадан аса пьеса жазумен қатар, қазақ тіліне Н.Гогольдің «Ревизор», Шекспирдің «Отелло», Н.Погодиннің «Аристократтар», К.Треневтің «Любовь Яровая» шығармаларын аударды. Қазақ әдебиетіне М.Әуезов ӛзінің салған сара жолымен келді. Оның «Еңлік-Кебек», «Қарагӛз», «Бәйбіше-тоқал», «Қорғансыздың күні», «Кӛксерек» және тағы басқа әңгімелері мен пьесалары автордың ерекше дарын иесі 5

[close]

p. 6

екендігін танытады. 1916 жылғы ұлт-азаттық кӛтеріліске арналған «Түнгі сарын» атты тарихи пьесасы жазушы шығармашылығының табысты бір үлгісіндей. М.Әуезов шығармашылық, ғылыми-зерттеушілік қызметінде ұлы Абай тұлғасы ерекше орын алады. Үлкен еңбектің алғашқы дүниесі – «Татьянаның қырдаығ әні» ӛмірге келеді. Жазушы мұнымен шектелмей, Абай образын кең ауқымда бейнелеуге кӛшеді. Соның нәтижесінде «Абай» трагедиясы туады. Тұңғыш рет ұлы ақын образы қазақ сахынасына шығады. Жазушының әлемдік ӛнерге қосқан қайталанбас үлесі, шығармашылық жемісі «Абай жолы» роман-эпопеясы – әлем әдебиетінің таңдаулы үлгілерінің бірі. М.Әуезов – КСРО Мемлекеттік сыйлығы мен Лениндік сыйлықтың иегері. 1961 жылы қайтыс болғаннан кейін үкіметіміз жазушының еңбегін жоғары бағалап, Ғылым академиясының Әдебиет және ӛнер институтына, Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрына М.Әуезовтің есімін берді, Алматы қаласында жазушының әдебимемориалдық музейі ашылды. Республикамыздың бірқатар мектептері, кӛшелері қаламгер есімімен аталады. 6

[close]

p. 7

М.ӘУЕЗОВ ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕР Мұхтар Әуезов – қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Бабамыздың ӛмірі мен еңбегі еліміздің бүгінгі тәуелсіздігін аңсап ӛткен. Мұхаңды құрметтеу – елдің тәуелсіздігін құрметтеу, ӛз еліңді сүю, отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау. Нұрсұлтан Назарбаев Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді. Николай Погодин Біз үшін Абай қандай болса, Мұхаң да - сондай даналық мектебі. Ол мектептен дәріс алу – әр қазақтың абыройлы борышы. Дінмұхамед Қонаев Әлемді кӛз алдыңа келтіру үшін, басқалардың кӛзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқақтата кӛтеріп, жар салу үшін ӛз биігің – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек. Шыңғыс Айтыматов Мұхтар Әуезов – ақын. Ол ӛз елінің далалары мен тауларын, адамдарын үлкен эпик ақынша асқан суреткерлікпен бейнелейді. Сонша ұлылықпен, сонша суреткерлікпен және Әуезовтей кісі жырлаған халық шын бақытты ғой. Бержерон, француз жазушысы Мұқаң – әрі жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз, әрі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол осының бір де бірін де осалдық кӛрсетпеген, бәрінде де орасан күшті, бәрін де қатар және тең ұстаған адам. Абайша айтқанда, «Қас бұлақтың суындай сылдыраған ӛңкей келісімнің үлгісі болатын». Зейнолла Қабдолов 7

[close]

p. 8

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ (кітап кӛрмесі) 83.3(5Қаз) Әуезов А. Бала Мұхтар [Мәтін] / А. Әуезов. – Ә90 Алматы : Жазушы, 1967. – 52 б. Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, республикамыздың аса кӛрнекті жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 70 жыл толуына орай жарыққа шыққан кітап. Бұл кітап жазушының балалық шағынан сыр шертеді. 83.3(5Қаз) Әуезов, А. Жас Мұхтар [Мәтін] : естеліктер / Ә90 А. Әуезов. - Алматы : Жалын, 1977. - 96 б. Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 80 жыл толуына орай жарыққа шыққан кітап. Жазушының ағасы Ахмет Әуезовтың 1967 жылы шыққан «Бала Мұхтар» деп аталатын жинағын, ӛмірінің соңғы кездерінде жазған «Жас Мұхтар», «Ел мен Ер қамқоры» деген жаңа естелік әңгімелерін толықтырып, оқырманға қайта ұсынылған жинақ. 83.3(5Қаз) Д86 Дүйсенбаев, Ы. Мұхтар Әуезов [Мәтін] : мақалалар, естеліктер / Ы. Дүйсенбаев. - Алматы : Ғалым, 1974. - 220 б. Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымының докторы Ы.Т.Дүйсенбаевтың осы еңбегі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың ӛміріне, жазушылық және ғылым саласындағы қызметіне арналған. Кітап кӛпшілік оқушы қауымға және ұлы жазушының ӛмірі мен еңбегімен шұғылданып жүрген зерттеушілердің назарына ұсынылады. 8

[close]

p. 9

83.3(5Қаз) Қабдолов, З. Мұхтар Әуезов және оның әсемдік Қ13 әлемі [Мәтін] / З. Қабдолов. – Алматы : Бiлiм, 1986. - 56 б. Профессор З.Қабдолов Мұхтар Әуезовтің ӛмірі мен ӛнер жолын, ұлы суреткердің кӛркем туындыларындағы тамырлы шындық пен қарымды шеберлңк сырларын қазақ совет әдебиетіндегі ұлттық және интернационалдық сипат тұрғысынан толғап, талдайды. Кітапша жалпы әдебиетші және әдебиет сүйгіш қауымға арналған. 83.3(5Қаз) Ы21 Ыдырысов, Ә. Әуезовке іңкәрлік немесе Ұлылықтан үзік сыр [Мәтін] : естелік-эсселер / Ә. Ыдырысов. - Алматы : Атамұра, 1997. - 144 б. Қазақтың ғұлама, заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық кӛріп отырған бұл басылым белгілі журналист, профессор Әбілфайыз Ыдырысовтың сол бір ӛткен күндерде ұлы жазушымен дәмдес-тұздас болған сәттерінен сыр шертпек. Кітап әуезовтанушы жұртшылыққа арналады. 83.3(5Қаз) Қ64 Қонаев, Д. Әлемнің Әуезові [Мәтін] / Д. Қонаев, Т. Қожакеев, Қ. Сейданов. – Алматы : Санат, 1997. - 144 б. Шығыста: «Ақылдан ақыл қуат алар» деген даналық сӛз бар. Димаш Ахметұлы Қонаев ұлы суреткер Мұхаңның шығармашылығынан рухани қуат алып қоймай, ол кісіні ӛзінің туған ағасындай ардақтап, қашанда қадір тұтып келген еді. Сол бір қайталанбас кездесулерден алған әсер, түйген ойларын кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырмыз. Бұл жинаққа Мұхаңнан дәріс алған шәкірт, бұл күндері үлкен жүректі ұстаз, белгілі ғалым, жазушы Темірбек Қожакеевтің 9

[close]

p. 10

естелігі мен ұлы ұлы ұстазының сатира саласындағы ӛшпес қолтаңбасы туралы зерттеуі, сондай-ақ ғалым-жазушы Қалдыбек Сейдановтың Орта Азия әдебиетіндегі Әуезовтің орнын, ықпалын талдап, таратып беретін еңбегі енді. Жинақ студент жастарға ғана емес, сонымен бірге жалпы оқырманға арналады. 83.3(5Қаз) Қабдол, З. Әуезов [Мәтін] / З. Қабдол - Алматы : Қ13 Санат, 1997. - 352 б. Қазақстанның халық жазушысы, Ұлттық ғылым академиясының акдемигі Зейнолла Қабдолдың бұл кітабы Мұхтар Әуезовтің жүз жылдығына арналады. Жинаққа біздің ұлы замандасымыздың ӛмірінен жазылған жаңа роман-эссе және оның кӛркем шығармашылығын талдап-толғайтын ғылыми зерттеулер енгізілді. 83.3(5Қаз) Біздің Мұхтар [Мәтін] : М. О. Әуезов туралы Б94 естеліктер / құраст. Б. Сахариев. – Алматы : Жазушы, 1976. - 432 б. Бұл жинақ – қазақ совет әдебиетінің классигі, атақты шығыстанушы ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы естелік. Естелік авторлары Мұхаңмен кӛзі тірісінде аяулы дос, үзеңгі жолдас, жақсы біліс-таныс, қызметтес болған жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері. 83.3(5Қаз) М86 Мұхтар мұрасы [Мәтін] = Наследие Мухтара : ғылыми мақалалар мен зерттеулер / құраст. : Ш. Ыбырыев, С. Қорабаев. – Алматы : Қазақстан, 1997. - 352 б. Жинаққа заманымыздың аса кӛрнекті жазушысы, академик – ғалым Мұхтар Әуезовтің қазақ прозасы мен драматургиясы саласындағы шығармашылық ӛнерінің алуан қырын ашып кӛрсететін ғылыми еңбектер топтасытырылып тыр. Сондай-ақ ұлы жазушының 10

[close]

p. 11

әдеби сынға және әдебиет тарихын зерттеуге қосқан орасан зор үлесі туралы, ұлттық мәдениетімізді дамытудағы ӛлшеусіз еңбегі жӛнінде белгілі ғалымдармен қатар, жас зерттеушілердің жанжақты талдаулары, ғылыми мақалалары және зерттеулері енгізілді. 83.3(5Қаз)я2 Мұхтар Әуезов [Мәтін] : энциклопедия/ ред. Ә90 С. Қасқабасов. – Алматы : Атамұра, 2011. - 688 б. «Мұхтар Әуезов энциклопедиясында» ұлы жазушының ӛскен ортасы, шығармашылық бай мұрасы, поэтикасы, дәстүр-тағылымы бар қырынан қамтылған. Кітапта суреткердің ӛмір жолын бейнелейтін фотошежіреге мол орын берілген. 83.3(5Қаз) Ә90 М. О. Әуезовтің ӛмірі мен шығармашылық шежіресі [Мәтін] = Летопись жизни и творчества М. О. Ауэзова. - Алматы : Ғылым, 1997. - 768 б. Бұл кітапта М.О.Әуезовтің ӛмірі мен шығармашылық мұраларынан, оның ғалымдық, педагогтік және қоғамдық қызметтерінен ӛте мол, қызықты архивтік деркетер беріледі. «Шежіреде» М.О.Әуезовтің орыс және шетел жазушыларымен, ғалымдарымен, сондай-ақ ӛзге ұлт ӛкілдерімен жазысқан хаттарынан, әдеби байланыстарынан мағлұмат беретін үзінділер алынған. Бұл еңбек ғылыми қызметкерлерге, сонымен бірге Әуезовтің ӛмірі мен шығармашылық ӛнерімен таныс болғысы келетін мәдени қауымға арналған. 11

[close]

p. 12

М.ӘУЕЗОВТІҢ «КӚКСЕРЕК» ӘҢГІМЕСІ (дӛңгелек үстел, 7-сынып оқушыларына) Мақсаты: а) әңгіме мазмұны арқылы оқырмандарды кейпкерлер іс-әрекеті автор кӛзқарасына талдау жасату; ә) оқырмандардың тақырыпқа деген қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін ашу мақстаныда сұрақ-жауап ұйымдастыру; б) табиғатты қорғауға, жануарларын аялауға, баптап күтуге, адамгершілікке тәрбиелеу барысында дӛңгелекүстелде пікірталас алаңын құру. Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар, кітапханамызға қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің іс-шарамыздың тақырыбы ӛздеріңізге мектеп бағдарламасынан жақсы таныс әдебиет пәнімен тығыз байланысты болмақ. Әдебиет дегеніміз – ӛміртану құралы. Кӛркем шығарма арқылы ӛмірді таныта отырып, адамды тәрбиелейді. Ендеше балалар кӛркем әдеби кітаптарды оқу арқылы біз ӛз-ӛзімізді тәрбиелей алады екенбіз. Ал осы, бүгінгі іс-шарамыздың тақырыбы «Кӛксерек» кӛркем шығармасын жазған ұлы суреткер жазушымыз М.Әуезовке биылғы жылдың қыркүйек айында 120 жыл толып отыр. Балалар сіздер М.Әуезовтің тағы қандай шығармаларын білесіңдер? 1-оқушы. 2-оқушы. Кітапханашы: Сендер «Кӛксерек» әңгімесін мектеп бағдарламасында ӛткен боласыздар, әңгіменің кейіпкерлерімен жақсы таныссыздар. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап кӛрейік. 1. Оқиғаның басталуы – Қасқыр мекені. Бӛлтіріктер тағдыры. 2. Байланысы – Кӛксеректің ұяластарымен табысуы. 3. Дамуы – Қарадыр еліндегі мазасыздық. 4. Шарықтау шегі – Құрмаштың қазасы. 5. Шешімі – Кӛксеректің жазасын тартуы. Әуезовтің бұл шығармасына кӛркем фильм де түсірілген болатын, ендеше сол фильмнен үзінді тамашал, шығарманың оқиғалық сюжетін есімізге түсірейік. 12

[close]

p. 13

«Кӛксерек» драмасы, Режиссері: Тӛлеміш Ӛкеев (фильмнен үзінді) Кітапханашы: Міне, әңгіменің негізгі оқиғасы да есімізге түсті. Басты кейіпкерлер кімдер екен? (Иә, қасқырлар мен адамдар) Олай болса, біз қазір сендермен екі топқа бӛлініп жұмыс жүргіземіз, әр топ уақытқа жұмыс жүргізеді 5 минут ішінде, сендерге «Адам» және «Қасқыр» сӛздері жазылған плакат беріледі, осы сӛздер бойынша ойыңызға келген сӛздер мен сӛз тіркестерін жаза бересіздер. оқиды сӛйлейді дала тағысы бӛрі ойлайды Адам жыртқыш Қасқы р Қай топ ең алдымен (5 минут ішінде) осы плакаттарды бітеді. Сол бала келесі ойынымыз «Кубизм» - ді бастайтын болады, сол сияқты қалғанымыз жалғастырамыз. Кітапханашы: Балалар ӛздеріңіз тіршілік ететін ауа, су, қоршаған орталарымыз осының бәрі табиғат деп аталады, ендеше ТАБИҒАТ дегеніміз не? қалай түсінесіздер? Табиғат деген – күллі тіршілік атаулының құтты мекені, алтын ұя талбесігі, Ал осы халық қазынасы табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар? Олай болса, бүгінгі тақырыбымызға оралайық жазушының «Кӛксерек» шығармасы да осы табиғат перзенті қасқыр туралы ӛрбіп жатыр, ендеше осы дала тағысы туралы жалпы не білесіздер? Кітапханашы: Қасқыр жайлы айтар болсақ, бұрынғы атабабаларымыз ӛткен ғасырларда, дәлірек айтқанда, тас ғасырларындағы адамдар кӛк бӛріге табынған, сондай-ақ ӛзіміздің ата-әжелеріміздің айтуы бойынша: қасқырды тура атымен атамаған, Мысалы: ит-құс, тасқапқыр, бӛрі, дала тағысы т.б. аттармен атаған, бұл да бір қазақ халқының ырым-дәстүрі... Ал сендер осы дала тағысына байланысты қандай мақалмәтелдер білесіңдер? 1-оқушы: Қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды. 2-оқушы: Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан. 13

[close]

p. 14

3-оқушы: Ауыл иті болса да, бӛрі келгенде бірігеді. 4-оқушы: Иттің иесі болса, бӛрінің тәңірісі бар Кітапханашы: Балалар қасқыр жайлы мақал-мәтелдерді кӛп біледі екенсіздер, ендеше осы тапқырлықтарыңызды келесі «Кубизм» ойынында кӛрсетейік. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпен иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз. Ендеше бұл ойынды бағанағы плакаттарды толтыру барысында жеңіске жеткен ойыншыларымыз бастайтын болады. Дайынбыз ба? 1-сұрақ: Кӛксеректің портретін суреттеңіз? 2-сұрақ: Дала қасқыры мен Кӛксеректі салыстырыңыз? 3-сұрақ: Қасқыр туралы тағы қандай шығармалар білесіздер? 4-сұрақ: Кӛксерек туралы ауыл адамдары не дейді? 5-сұрақ: Кӛксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай? 6-сұрақ: Кӛксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыздар? Кітапханашы: Балалар осымен бүгінгі М.Әуезовтің «Кӛксерек» шығармасына арналған дӛңгелек үстеліміз ӛз мәресіне жетті, сіздерге ат салысып, белсене қатысқандарыңыз үшін кӛп рақмет! Бұл әңгіменің негізгі оқиғасын жақсы түсінген екенсіздер. Жалпы М.Әуезовтің қай шығармасын алып оқысақ та үлкен әсерге бӛленеміз солай емес пе? Сондықтан да, суреткер жазушының барлық шығармасын біліп, оқып жүргендеріңіз абзал. 14

[close]

p. 15

«ДАРХАН ХАЛЫҚТЫҢ ДАНА МҰХТАРЫ» (әдеби кеш сценарийi) Мaқсaты: Мұхтaр Әуезовтiң ӛмiр жолы мен жaзушылық қызметiнен, шығaрмaшылығынaн мaғлұмaт беру. Дaмытушылық: Оқушылaрдың ӛзiндiк iзденiс жұмыстaрынa бaулу,ой-ӛрiсiн, рухaни жaн дүиесiн бaйыту. Ойын aшық бiлдiру, еркiн сӛйлеу дaғдылaрын жетiлдiру. Тәрбиелiк: Әлем тaнығaн Әуезовтың ұлылығын дәрiптеу. Қaзaқ елiнiң мaқтaнышынa aйнaлғaн зaңғaр жaзушыны құрметтеуге, оқушылaрды елiн сүюге, әдебиеттi бiлуге тәрбиелеу. Кӛрнекiлiгi: М.Әуезов портретi, кiтaптaр кӛрмесi, ӛмірі мен шығaрмaшылығынa бaйлaнысты презентaциялық слaйд. Кеш барысы: 1-жүргізуші:Aрмысыздар құрметтi қонақтар,оқушылaр! 2-жүргiзушi:Бүгiн ұлы тұлғa, зaңғaр жaзушы,қоғaм қaйрaткерi, Aбaйтaну ғұлaмa ғaлымның дүниеге келгенiне 120 жыл толуынa орaй ӛткiзгелi отырғaн кешiмiзге қош келдiңiздер! 1-жүргiзушi:Иә, М.О.Әуезов Шығыс Қaзaқстaн облысының Aбaй aудaны жерiнде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. 2-жүргiзушi: Aқындaр aрнaулaры Жaзушығa тaлaй aқындaр жүрек жaрды сүйiктi жырлaрын aрнaғaн. Мысaлы: Қaсым Aмaнжолов «Мұхтaр aғa!», Сырбaй Мәуленов «Мұқaңa», Рaсул Ғaмзaтов «Мұхтaр aғa», Әбдiрaштың Жaрaсқaны «Тaрих зaңы», Мұхтaр Шaхaнов «Менiң есiмiмдi неге Мұхтaр қойғaн?». Бұл оқылғaн дүниелердiң бәрi бiз үшiн құнды. Ӛзiнiң ғaжaйып тaлaнты, aсқaн еңбекқорлығы aрқaсындa хaлқынa қaлтқысыз қызмет еткен, кӛркем сӛздiң шыңынa шығып, соңынa мәңгi ӛлмес мұрa қaлдырғaн әлемге әйгiлi жaзушыны дәрiптеу - бiздiң aбыройлы мiндетiмiз деп тaнимыз. (Жазушының ӛмірі мен шығармашылығы туралы презентация) 1-оқушы: Ол қaзiргi Шығыс Қaзaқстaн облысының Aбaй aудaны жерiнде 1897 жылы жиырмa сегiзiншi қыркүйекте туғaн. Aлғaшқыдa 1908 жылы Семейдегi Кaмaлиддин хaзiрет медресесiнде оқып, одaн кейiн орыс мектебiнiң дaйындық курсынa 15

[close]

Comments

no comments yet