AMM 2017

 

Embed or link this publication

Description

The Astana Mining & Metallurgy Exhibition

Popular Pages


p. 1



[close]

p. 2



[close]

p. 3

Каталогтың серіктесі: VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ Құрметті ханымдар мер мырзалар! Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің атынан қатысушыларды VIII “Astana Mining & Metallurgy” Халықаралық тау-кен металлургия Конгресінің ашылуымен құттықтаймын. 2017 жылғы Конгресс “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің” жаңа жобасы бойынша екі жылдық жұмыс қорытындысын жасауға, тау-кен металлургия кешеніне инвестициялар тарту бойынша амбициялық жоспарларды белгілеуге және “Индустрия 4.0” - ағымдағы әлемдік тренд шеңберінде неғұрлым перспективті инновациялық өнімдер мен технологияларды қарастыруға бағытталған. Осы үш вектор Министрліктің басымды назарында болып отыр, себебі тау-кен металлургия саласының дамуы бойынша негізгі болжамды күтілімдер нақты осыларға байланысты. АММ-2017 “Тау-кен металлургия кешенінің өсуіне арналған стратегиялық драйверлер” атты басты тақырыбы шеңберінде жедел инновацияларды енгізу әдістері, Жер қойнауы туралы кодекс, инвестициялар тарту, тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі энергия ресурстары, ТМК кәсіпорындарының маңайындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және басқа да өзекті мәселелер осы саланың жаңа жағдайына бейімделу тәсілі ретінде талқыланатын болады. АММ-2017, Дүниежүзілік Тау-кен Конгресін өткізу үшін дайындық алаңы ретінде халықаралық салалық байланысты кеңейтуге бастама жасады – АММ жұмысына Аустралия, Бразилия, Иран, Канада, Норвегия, Сауд Арабиясы, Ресей, Ұлыбритания, Франция және басқа елдердің делегациялары қатысады. 25-ші Дүниежүзілік Тау-кен Конгресін Астанада өткізуді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), ISSA Mining және Дүниежүзілік Көмір Қауымдастығы қолдады. АММ-2017 Конгресін өткізу инвестициялар тартуға, Қазақстан кәсіпорындары мен шетелдік өнеркәсіп компанияларының арасындағы серіктестіктің даму мен технологиялар трансфертіне ықпал ететініне сенімдімін. Жемісті жұмыс тілеймін және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізулеріңізге тілектеспін. Ж. ҚАСЫМБЕК Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі www.amm.kz Ұйымдастырушылар: 3

[close]

p. 4

VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ Каталогтың серіктесі: Құрметті ханымдар мен мырзалар! «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан «Astana Mining & Metallurgy» - 2017 VIII Халықаралық таукен-металлургиялық конгресінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде «Astana Mining & Metallurgy» тау-кен металлургиялық конгресі геология, тау-кен және металлургия саласында қызмет ететін кәсіби мамандардың іскерлік алаңына айналды. Іс-шара өзекті мәселелерді анықтап, оның шешілу жолдарын ұсынып, жер қойнауын пайдаланушылардың серіктестік қарым-қатынасының нығаюына себепкер болып отыр. Қазақстан тау-кен саласының дамуына әрдайым ерекше көңіл бөлуде. Биылғы конгресс «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің жаңа жобасының қорытындысына бағытталған. Бизнес үшін бұл заңнаманың маңызы зор. Сонымен қатар тау-кен, мателлургия кешеніне инвестиция тарту жұмысының да мәні ерекше. Халықаралық Конгресс геологиялық барлау, тау-кен және металлургия салаларындағы мәселелерді талқылай отырып, осы саланың кешенді дамуына қатысты ұсыныстарды қабылдауға мүмкіндік береді. Конгресс еліміздің тау-кен ісі мен металлургиядағы үздіктерді анықтайтын «Алтын Гефест» ұлттық салалық жүлденің мәртебесі жыл өткен сайын артып келеді. Бұл жүлдені жекелеген аталыммен беру білікті менеджерлердің ғана емес, бүкіл ұжымның ерен еңбегінің ескерілуі екені айқын. Марапат осы саласындағы кәсіпкерлерді табысты жұмыс істеуге, әлеуетін арттыруға ынталандырары сөзсіз. «Astana Mining & Metallurgy» конгресі заманауи озық технологиялармен танысуға әрі оны өндіріске енгізуге, компаниялар арасында өзара ынтымақтастықтың орнауына, инвестициялық жобаларды сәтті жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік бизнестегі беделін арттыруға септігі мол. Конгресс жұмысының сәтті өтуіне тілектеспін! Тимур ҚҰЛЫБАЕВ «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы 4 Ұйымдастырушылар: www.amm.kz

[close]

p. 5

Каталогтың серіктесі: VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ Құрметті әріптестер, серіктестер, Конгресс қонақтары! Металлургия шикізатын өндіру, байыту және қайта өңдеу саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын Eurasian Resources Group атынан мен VIII Халықаралық “Astana Mining & Metallurgy” тау-металлургия Конгресіне қатысушыларға хош келдіңіздер демекпін! Дүниежүзілік тау-металлургия секторы жаңа шынайылық дәуіріне аяқ басты. Сарапшылар оны “төртінші өнеркәсіп төңкерісі” немесе 4.0 Индустриясы деп атайды. Біз, осы жаңа шынайылық пайдалы қазбаларды барлаудан бастап дайын өнімді сатуға дейінгі бүкіл өндіріс үрдісіне қалай әсер ететін қазірдің өзінде-ақ көріп отырмыз. Біз компаниямызда технологиялық жетілдіру және инновациялық даму саласында алдымыздағы жылдарға алты басымды бағытты анықтадық. Ол сандық аспаптарды енгізу, ресурс базасын кеңейту, қалдықтарды қайта өңдеу, қолданыстағы технологияларды жетілдіру, қосылған құнды ұлғайту және бүкіл өндіріс тізбегі бойынша әрі қарай кірігу. Әрине, өткен жылдар сияқты, біздің басымдығымыз қоршаған ортаға әсерді қысқарту және жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекет ету негізінде тұрақты даму болып табылады. Біздің күшімізді осылай шоғырландыруымыз Топқа саладағы өз көшбасшылығын әрі қарай нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Осындай тәсілдің Қазақстан Республикасының жеделдетілген жаңғырту мен 4.0. Индустрия қағидасына ауысу бойынша ұлттық бағымына сәйкес екендігін қуана атап өткім келеді. Сала бойынша осындай өршіл міндетті табысты жүзеге асыру үшін біздің әріптестеріміз бен серіктестеріміз өз күшін салып, жинақтаған сараптамасымен бөлісуге дайын екендігіне сенімдімін. Халықаралық “Astana Mining & Metallurgy” тау-металлургия конгресі идеялармен алмасу, сала трендертін анықтау, практикалық шешімдер қабыладу үшін үнемі тамаша диалог алаңы болып келеді. Бүгін сегізінші Конгресс осы дәстүрді жалғастырып отыр, мен барлық қатысушыларға жемісті де табысты еңбек тілеймін! Құрметпен, Бенедикт СОБОТКА Бас атқарушы директоры Eurasian Resources Group www.amm.kz Ұйымдастырушылар: 5

[close]

p. 6

VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ Каталогтың серіктесі: Құрметті ханымдар мен мырзалар! “Казцинк” компаниясы тобының атынан VIII ASTANA MINING & METALLURGY – АММ 2017 Халықаралық тауметаллургия Конгресінің ұйымдастырушылары мен қатысушыларын құттықтаймын. Біз геологтардың, кеншілер мен металлургтардың осы басты кездесуіне тағы қатысып отырғанымызға қуаныштымыз. Қазақстан және әлем экономикасының тау-металлургия сегменті өкілдері үшін, бүгінгі таңдағы жаһанды тұрақсыздық және ТМК кәсіпорындарының өсіп келе жатқан бәсекелестігі жағдайында, әрине, табысты бизнес құрып отырған, біз сияқты негізгі бағытты инновациялық даму мен технологиялық өсуге бұрып отырған әріптестермен тәжірибе бөлісу өте маңызды. Осыған байланысты осындай ауқымды шараларды өткізудің өте жоғары маңызды және нақты қажет екендігін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сонымен қатар, Конгресс – тау-металлургия кешені саласында Қазақстан бизнесі мен мемлекеттің өзара әрекеті үшін бірегей алаң болып табылады. АММ алаңының маңыздылығы, 2018 жылы оның базасында дүниежүзілік деңгейдегі оқиғаның - “World Mining Congress” өтуімен дәлелденеді. . Біздің компания өзінің құрылған кезінен бастап – 20 жыл бұрын, осы форум аясында шешілетін стратегиялық мәселелерді шешу мақсатында қызмет жасап келеді: өндірісті өсіру және ТМК-де жаңа өнім түрлерін дамыту, геологиялық барлаудағы жедел иннновациялар тапшылығын жеңу және оны дамытуға инвестицилар тарту жолдары, жер қойнауы, энергия ресурстары, өнеркәсіп және экологиялық қауіпсіздік, инновациялық технологиялар және әлемдік тәжірибе, сондай-ақ металл мен капитал нарығын тұрақтандыру. Кезекті Конгресс ТМК қызметіне жаңа тәсілдер тәжірибесін сыйлайтындығына, біз барлығымыз - қазақстандық және дүниежүзілік нарықтың осы бөлігіне қатысушылар мүдделік танытатын экономиканың осы саласындағы жұмыстардың сапасын жетілдіруге, оның жалпы тұрақты дамуына импульс беретіндігіне сенімдімін. Біз әріптестерімізбен бөлісуге дайынбыз және олардың тәжірибесін біліп, пікірлерін естуге қуаныштымыз. VIII Конгресс қатысушыларының барлығына табысты еңбек тілеймін және жоғары нәтижелерге жетуге тілектеспін! Құрметпен, Никола ПОПОВИЧ “Kazzinc Holdings” ЖШС директорлар Кеңесінің Төрағасы 6 Ұйымдастырушылар: www.amm.kz

[close]

p. 7

Каталогтың серіктесі: VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ Құрметті ханымдар мен мырзалар! Polymetal International plc атынан “Astana Mining & Metallurgy” тау-металлургия Конгресінің қатысушыларына қош келдіңіздер демекпін. Polymetal үшін Қазақстан - негізгі юрисдикция, 2009 жылдан бері табысты да қолайлы жұмыс істеп жатқан ел. Біздің компания дәстүрлі түрде АММ қатысады, және біз үшін ол билік, бизнес пен ғылым өкілдері арасындағы өзара әрекет пен қарым-қатынастың ең тиімді алаңдарының бірі болып табылады. Конгресс делегаттарына қызықты пікірталастар, жемісті жұмыс және өзара тиімді ынтымақтастықтың кеңеюін тілеймін. И.В. ФИНОГЕНОВ “Полиметалл УК” АҚ Президенті www.amm.kz Ұйымдастырушылар: 7

[close]

p. 8

VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ Каталогтың серіктесі: “Ақтөбе мыс комбинаты” ЖШС атынан VIII Халықаралық тау-металлургия Конгресі мен “Astana Mining & Metallurgy” - AMM 2017 Көрмесінің қатысушыларына хош келдіңіздер демекпін. Биылғы жылы біз Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығын атап өтеміз. Осы мерзім Орыс мыс компаниясы үшін маңызды мерзім: біздің елдердің басшылығының тиімді ынтымақтастығы, ресей кәсіпорындары үшін Қазақстанда жағымды бизнесклиматтың құрылуы “Ақтөбе мыс комбинаты” сияқты ірі өршіл жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. 2016 жылы “Ақтөбе мыс комбинаты” ЖШС мен Орыс мыс компаниясының қазақстандық дивизионының басқа кәсіпорындары толық жүктемемен жұмыс істеп, өндірістік жоспарды орындады. 2017 жыл Орыс мыс компаниясының қазақстандық дивизионының әрі қарай дамуымен, Көктем-Аралшы кен орнын игеру жобасын жүзеге асырумен ерекшеленетін болады. Бұл бірегей халықаралық жоба, оны жүзеге асыру Ресей мен Қазақстан арасындағы Үкімет аралық келісімнің бекітілуі арқасында мүмкін болды – бұл Ресей мен Қазақстанның ұзақмерзімді нәтижелі серіктестікке бағытталғандығының тағы бір дәлелі болып табылады. Биылғы жылы біз Көктем-Аралшы кен орнында түбегейлі жөндеу жұмыстарының мәрелік шыңына жетеміз, оның кендері “Ақтөбе мыс комбинаты” ЖШС өңделеді; қазіргі уақытта жер асты кенішінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сіздерге Халықаралық тау-металлургия Конгресі мен “Astana Mining & Metallurgy” - AMM 2017 Көрмесі Сіздер үшін жаңа байланыстар іздеу алаңы, әрі қарай даму үшін серпіліс көзі, жаңа ынтымақтастықтың басы болсын деп тілеймін. Н. С. БОНДАРЕНКО Бас директоры “Ақтөбе мыс комбинаты” ЖШС 8 Ұйымдастырушылар: www.amm.kz

[close]

p. 9

Каталогтың серіктесі: VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ Құрметті Конгресс қатысушылары! Ірі салалық шара аясында сіздермен дәстүрлі түрде кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Геологтардың, кеншілер мен металлургтардың басты кездесуі жылдан жылға табысты да сындарлы болып келе жатыр. АММ-2017 ТМК барлық өкілдері үшін барынша пайдалы болады деген сенімдемін. Бүгінгі таңда біз металл нарығына, жалпы және атап айтқанда мыс нарығына оптимистік көңілмен қараймыз. Қазіргі уақытта 1 тонна мыс алу үшін, жиырма жыл бұрынғымен салыстырғанда жер қойнауынан екі есе кен қазып алуымыз керек. Соған қарамастан, бұрын тек мыс болуы мүмкін деген жерлер – бүгінгі таңда толыққанды жобалар болып отыр. Мыс өндірудің өзіндік құны, таукен жұмыстары көлемінің артуына, технологиялардың басқа болуына, жабдықтың бұрынғыдан да қымбаттағанына байланысты айтарлықтай өсті. Бірақ сонымен қатар мысқа деген сұраныс та өте қатты өсіп келеді. Бүгінгі таңда жаңа, төртыншы индустриалды төңкеріс, жаңа технологиялар, электр энергиясының балама көздері, электр мобильдеріне көшу және т.б. туралы өте көп айтылып жүр. Болашақтың қай саласын алсаң да – ол көмірден, мұнай мен газдан электрге көшу. Осы технологиялар тиімдірек және экологиялық жағынан таза. Әрине, осыған байланысты мысты қолдану айтарлықтай өседі. Мен, жақын он жыл ішінде, арасындағы мүмкін өзгерістермен қоса, мысқа сұраныс тұрақты болатынына сенімдімін. Осыған байланысты KAZ Minerals Тобы бүгінгі таңда шығыны төмен өндірісті дамыту мен жаңа кеніштерді өндіруге бағытталып отыр. Былтырғы жылғы кездесуден бері өткен бір жыл ішінде біз өз уәдемізде тұрып, оны орындадық. Бозшакөлде екі байыту фабрикасының да құрылысы аяқталды, биыл біз жобалық қуатқа шығамыз деп отырмыз. Ақтоғайда оксид жынысынан алынатын катод мысын өндіру өз жалғасын табуда, жыл басында біз осы жерде сульфид жынысынан бірінші концентратты алдық. Жаңа кеніштер Қазақстанда болашақ мыс индустриясын ондаған жылдарға қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан, әртүрлі деңгейде мемлекет тарапынан қолдау, сондай-ақ ТМК басқа кәсіпорындарымен үйлестірілген әрекеттер өте маңызды болып табылады. Біз серіктестік үшін үнемі ашықпыз, қазақстандық тау-металлургия саласын дамыту үшін жаңа бағдарлар қалыптастыру барысында барлықтарыңызға жемісті еңбек пен табыс тілеймін. Құрметпен, Олег НОВАЧУК KAZ Minerals Тобы басқармасының төрағасы www.amm.kz Ұйымдастырушылар: 9

[close]

p. 10

VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ Каталогтың серіктесі: Құрметті Конгресс қатысушылары! Бірнеше мыңдаған жұмысшысы бар “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС еңбек ұжымы атынан 8-ші Халықаралық “Astana Mining&Metallurgy” – АММ 2017 Тау-металлургия Конгресінің хқатысушыларына хош келдіңіздер демекпін. Осы жылдары Конгресс тек Қазақстан мемлекеттік құрылымдарының өкілдері және іскер ортасының ғана емес, сонымен қатар басқа көптеген елдердің өзара пікір алмасуы үшін беделді кәсіби алаң бола білді. Осы шараның тиімділігін жылдан жылға кеңейіп келе жатқан оның қатысушылары құрамынан-ақ көруге болады. Ол өз компаниялары атынан келген сан-алуан түрлі делегаттар тарапынан шараға деген қызығушылықтың өсіп келе жатқанын білдіреді. Осы диалог алаңы үлкен беделге ие және даму үшін, бірінші кезекте, қазақстандық әртүрлі сала үшін маңызы зор екенін атап өткім келеді. Конгрестің барлық қатысушыларына қызықты кездесулер, табысты еңбек, жаңа байланыстар табуда ақжол және жандану мен гүлдену тілеймін! Құрметпен, Бахтияр КРЫКПЫШЕВ “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС Басқару кеңесінің Бас директоры 10 Ұйымдастырушылар: www.amm.kz

[close]

p. 11

Каталогтың серіктесі: VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ Құрметті Конгресс қатысушылары! “АрселорМиттал” компаниясы атынан сіздерді VIII Халықаралық Тау-кен металлургия Конгресі “Astana Mining and Metallurgy 2017” қош келдіңіздер деу мен үшін ерекше мәртебе. Халықаралық форум әлемнің жетекші компанияларына, сарапшыларына, қаржы институттарына арналған негізгі диалогтық алаңның біріне айналды. Бұл ауқымды іс-шараға халықаралық қауымдастық Қазақстанның тау-кен металлургия бөлімінің жаңа жобаларына және инициативаларына ерекше мән беретінін көрсетеді. Мемлекет өкілдерінің, қазақстандық тау-кен металлургия компанияларының өкілдері форумға қатысуы мемлекетке саланың маңызды рөлі болып табылатынын және үкімет жағынан жеке зейінге ие болғанын көрсетеді. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша қойылған міндеттерге сай, форум мемлекет пен индустрия аралық өзара әрекеттестік алаң ретінде ерекше маңызға ие. Бүгінгі күнде сала жағдайы күрделі болып тұр: ТМК өнімдеріне қолайсыз баға жағдаяты, нарықтың тарылуы, импортерлар жағынан бәсекелестіктің күшеюі байқалады. Бырақ форумға қатысушы компаниялардың тәжірибелері көптеген сұрақтардың шешуіне себепкер болатынына сенемін. Форум аясында жалпы еліміздің дамуына ықпал жасайтын талай келешегі бар идеялар, сәтті тәжірибелер үлгілері, қызық ұсыныстар айтылатынына сенімдімін. “АрселорМиттал” компаниясы осы жұмысқа өзінің барынша үлесін қосуға дайын. “АрселорМиттал” әрдайым Елбасымен белгіленген стратегиясы мен басымдығына сәйкес өзінің даму жолын құрады. 20 жылдан астам компанияның Қазақстанда болуына байланысты, “АрселорМиттал” Қазақстан экономикасының және қоғамның табиғи бөлігі болды. Біз тау-кен металлургия саласының дамуына белсенді қатысуды әрі қарай жүргізудеміз. Біз еңбек қауіпсіздігі деңгейі, экологиялық және технологиялық жабдықталу бойынша әлемдік стандарттарға сай тұрақты өндіруді қамсыздандыруға бағытты ұстанамыз. VIII Халықаралық Тау-кен металлургия Конгресі “Astana Mining and Metallurgy 2017” қатысушыларының барлығына сәттілік, қызықты және жемісті жұмыс пен жоғары нәтижелерді тілеймін! Парамжит КАЛОН “АрселорМиттал Теміртау” АҚ бас директоры www.amm.kz Ұйымдастырушылар: 11

[close]

p. 12

VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ Каталогтың серіктесі: Құрметті сегізінші “Astana Mining & Metallurgy” халықаралық тау-кен металлургиялық когресстің қатысушылары! “Тау-Кен Самрұқ” Ұлттық тау-кен компаниясы” АҚ атынан “AMM-2017” барлық қатысушылары мен қонақтарын құттықтаймын. Тау-кен металлургиялық кешеннің қайта жаңғыруы және жүйелік толтырылуы сияқты механизмдерді іске қосатын алаң ретінде Халықаралық Конгресстің тиімділігі мен табыстылығын атап өткім келеді. Осы іс-шара бұл стейкхолдерлердің арасындағы диалогқа арналған мүмкіндік, оның мақсаты - тәжірибемен алмасу, табысты серіктестік қатынастарын жасау және саланың өзекті мәселелерін еңсеруге дайындық күйіне қол жеткізу үшін бірігіп жұмыс істеу. Шектеулердің болмауы объективті және нәтижелі коммуникацияға қол жеткізуге мүмкіндік береді, ол халықаралық сарапшыларды, шет елдік делегацияларды, шағын және орта бизнестің өкілдерін тартуда өте маңызды болып табылады. Конгресстің “Тау-кен металлургиялық кешенге арналған өсудің стратегиялық драйверлері” тақырыбының аясында “Тау-Кен Самрұқ” ҰМК” компаниясының толық қолдауын ерекше атап өту керек, оның мақсаты жаңа ғылыми түрдегі және жарамды технологияларды әзірлеуге және енгізуге, геологияны барлауды іске асыруға, активтерді тиімді пайдалану мен оның өсу бағдарламасын іске асыруға тікелей байланысты. Мен “AMM-2017” конгресі тағы да Қазақстанның тау-кен металлургиялық секторының дамуына қарқын береді, сонымен қатар, ол астананың барлық қатысушылары мен қонақтары үшін тиімді тұғырнама болып табылады деп сенемін. Біздің бәрімізге табысты жетістіктерді және барлық алға қойылған мақсаттар мен міндеттерде тұрақтылықты тілеймін! Құрметпен, Мәжит ӘБДІҚАЛЫҚҰЛЫ “Тау-Кен Самрұқ” ҰТК” АҚ Басқармасының Төрағасы 12 Ұйымдастырушылар: www.amm.kz

[close]

p. 13

Каталогтың серіктесі: VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ Құрметті конгресс қатысушылары мен қонақтар! “Қазгеология” Ұлттық геологиялық барлау компаниясы” атынан Сіздерді VIII Халықаралық “Astana Mining and Metallurgy-2017” тау-металлургия конгресіне қош келдіңіздер, демекпін. “AMM” конгресі тау-металлургия саласындағы өте маңызды оқиға болып отыр, ол тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі мамандарын біріктіреді, оларды ең жаңа жетістіктермен, инновациялық технологиялармен және перспективалармен таныстырады. Осы жерде әрі қарайғы даму және ынтымақтастық үшін тығыз байланыстың іргетасы қаланады. Геология саласы – еліміздің ұлттық экономикасының өте маңызды стратегиялық секторы және бүгінгі таңда Қазақстан отандық тау-геологиялық саласының даму мәселелеріне өте зор көңіл аударып отыр. Сондықтан Конгреске қатысу біз үшін өте өзекті. Міне тура осы жерде біз үшін жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы дамыту, минералдық-шикізаттық базаны қалпына келтіру, қаржыэкономикалық қамсыздандыру, және геология кадрларын дайындау сияқты маңызды да кәсіби мәселелерді талқылау мүмкіншілігі ашылады. Барлық қатысушылар үшін, сондай-ақ жалпы сала үшін осы іс-шара өнімді де нәтижелі болатынына сенімдімін. Барлық қатысушыларға, қонақтар мен ұйымдастырушыларға өнімді жұмыс, өзара пайдалы ынтымақтастық, іскер байланыстарды кеңіту мен жаңа кәсіби табыстар тілеймін! Ғалым НҰРЖАНОВ “Қазгеология” ұлттық геологиялық барлау компаниясы” АҚ Басқарма Төрағасы www.amm.kz Ұйымдастырушылар: 13

[close]

p. 14

VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ Каталогтың серіктесі: Құрметті конгресске қатысушылар! Тау кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының атынан Astana Mining & Metallurgy VIII халықаралық тау-кен металлургиялық Конгрестің қатысушыларын қошаметтеуге қуаныштымын! Бұл ірі салалық іс-шара тиімді жұмыстың өткен кезеңінде өзін беделді коммуникациялық алаң ретінде танытты. Дәстүрлі форум тау-кен металлургиялық кешеннің өзекті мәселелерін шешу жөніндегі қадамдарды салыстырып тексеруге, біліммен және тәжірибемен алмасуға, әріптестермен өзара тиімді қатынастар орнатуға, саланың даму келешегін анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік құрылымдар мен іскерлік орталардың өкілдері арасындағы конструктивтік диалогты кеңейту Елбасының “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында көбірек маңызға иеленеді, Жолдауда Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін жан-жақты енгізу, жаңа келешекті базалық салаларды құру және дәстүрлі базалық салаларды дамыту міндеті қойылған. Тау-кен металлургиялық кешеннің кәсіпорындары үшін бұл аса маңызды мәселелер. Саланың болашағын өндірісті жаңартусыз және технологиялық қайта жарақтандырусыз, заманауи технологияларды енгізусіз, энергия және ресурстарды үнемдеусіз, техникалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етусіз, жоғалтуларды төмендетусіз және минералды ресурстарды оңтайлы қолданусыз елестету мүмкін емес. Сонымен бірге, ТКМК компаниялары экспорттық өндірістердің дамуына негізделе отырып, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жобаларын іске асыруда маңызды рөлді ойнайды. Бірақ бұл жаңалықтардың барлығы аса білікті кадрларсыз тәжірибеде іске асырылмайды. Сондықтан бүгінгі күні адам капиталына, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға елеулі инвестициялар аса маңызды. Бүгінгі форумның мағыналы пікірталастармен және қызықты кездесулермен есте қалатындығына, келешекті идеялар мен бастамалардың алға басуына септігін тигізетіндігіне сенімім мол. Astana Mining & Metallurgy VIII халықаралық тау-кен металлургиялық Конгрестің барлық қатысушыларына қызықты әрі өнімді жұмысты, жаңа батыл идеялар мен өзара тиімді келісімшарттар бекітуді тілеймін! Құрметпен, Николай РАДОСТОВЕЦ Тау кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының атқарушы директоры 14 Ұйымдастырушылар: www.amm.kz

[close]

p. 15

Каталогтың серіктесі: VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ “Astana Mining & Metallurgy” VIII Халықаралық Конгресі мен Көрмесінің құрметті қонақтары мен қатысушылары, Дүниежүзілік тау-кен конгресінің Халықаралық ұйымдастыру комитетінің атынан мен “Astana Mining & Metallurgy” VIII Халықаралық Конгресі мен Көрмесінің қатысушыларын құттықтағым келеді. Дүниежүзілік тау-кен конгресі (ДТК) – 49 елден келген мамандарды біріктіретін халықаралық үкіметтік емес ұйым. Конгрестің басты міндеті тау-кен ғылымы мен технологиясын дамыту, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ғылымитехникалық ынтымақтастыққа көмектесу болып табылады. Мен сонымен қатар сізді 2018 жылы Астана қаласында өтетін 25-нші Дүниежүзілік тау-кен конгресіне қатысуға шақырғым келеді. Алғашқы Дүниежүзілік тау-кен конгресі 1958 жылы қыркүйекте Варшавада, Польшада өтті. Біз Астанада 60 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Мен сізбен сол жерде 2018 жылы кездескім келеді! 25-нші Мерейтойлық дүниежүзілік тау-кен конгресінің аясында тақырыптық сессиялардың бірқатарының барысында барлау және геология, жерасты және ашық тау-кен жұмыстары, тау-кен өнеркәсібінің қауіпсіздігі мен экономикасы, пайдалы қазбаларды қайта өңдеу, игерілген кен орындарының топырақ құнарлығын қалпына келтіру және қайта қалпына келтіру сияқты тақырыптар қарастырылады. Сонымен қатар, конференциямен бірге Astana Mining and Metallurgy көрмесі өтетін болады. Астанадағы 2018 жылы өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгресі тау-кен ғылымын, технологияны, экономиканы, тау-кен жұмыстарын жүргізу және қоршаған ортаны қорғау кезінде еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті дамыту саласындағы ақпаратпен ғаламдық алмасудың тамаша мүмкіндігі болатындығына сенімдімін. 2018 жылы Астанада өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгресінде Сізбен кездесуді асыға күтемін! Профессор Марек ЦАЛА Дүниежүзілік тау-кен конгресінің Халықаралық ұйымдастыру комитетінің төрағасы www.amm.kz Ұйымдастырушылар: 15

[close]

Comments

no comments yet