NIS Life 6

 

Embed or link this publication

Description

NIS Life 6

Popular Pages


p. 1

Петропавл қаласы №6 ақпан 2016 жыл

[close]

p. 2

Журнал мазмұны ƏДЕБИ КЕШ 3 АЯЛЫ АЛАҚАН 4-5 ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК 6-7 Literature events Kazakh literature events are taking place in our school. Students whose first language is Russian participated in two recent events organized by the Kazakh Language and Literature Department. The first event was held to celebrate the birthday of the great Kazakh poet Mukagali Makatayev. A literary evening “Poesiya, menimen egiz be edin?” (Poetry, are you my twin?) was held on the day of the poet's 85th anniversary. On the commemorative evening the students introduced the audience to the multifaceted creative heritage of one of the most talented and creative poets of our time. МЕКТЕП ҚОНАҒЫ 8-9 ӨЛКЕ ТАРИХЫ 10-11 МƏСЕЛЕНІҢ МƏНІСІ ПОЗНАЙ СЕБЯ МЕКТЕП ТЫНЫСЫ 12-13 14 15 The next literary meeting was held in the assembly hall. There, the students presented a theatrical performance “Shuganyn belgisy” (Shuga's monument) based on Beymbet Maylin's story. The students for whom Kazakh is a second language displayed their literary skills through poetry and acting. Everyone found the show awe-inspiring. These events not only show curricular achievements of students, but also urge students to read quality literature, which is one of the foundations of the formation of the educated mind.

[close]

p. 3

ƏДЕБИ КЕШ 3 Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған кеш Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты поэзиялық əн-жыр кеші Ақпан айының тоғызыншы жұлдызында Назарбаев Зияткерлік мектебінде Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған кеш өткізілді. Бұл кеште шындықтан туған поэзия иесі, ақиық ақынымыз М.Мақатаевтың өлеңдері оқылып, кішігірім қойылымдар көрсетіліп, əн шырқалды. Кештің басты мақсаты қазақтың ұлы ақынының туған күнін ескерусіз қалдырмау жəне оның əдеби мұрасын насихаттау болатын. Аталмыш іс- шараның өтуіне қазақ тілі пəнінің мұғалімдері мұрындық болды.Поэзиялық əн-жыр кеш сəтті өтті. Олар 7,8,9 –сынып оқушыларын шараға жұмылдырып, ақынныңшығармашылығын көрермендер назарына ұсынды. Кеш барысында мұқағалидың таңдаулы өлеңдеріоқылды. Олардың ішінде «Поэзия! Менімен егіз бе едің?», «Қара өлең», «Махаббат», «Өкінбеймін» деген өлеңдер бар. Бұл өлеңдер ақынның өмір, достық, махаббат деген түсініктерін тағы бір рет паш етті. Көрермендердің көз алдына ақын жырлап өткен заманның бейнесін елестете отырып, қуаныш пен қайғыны, сағыныш пен мұңды бөлісті.Қалың қазақпен сырлас болған ақын жырлары сазды əуенмен тербеді. Əр сөзі қорғасындай салмақты ақынымыз тірі болғанда 85 жасқа толар еді. Ақынға деген сағыныш сезімін оятты. Қаламгердің осыдан 43 жыл бұрын жазылған жыры да қайта жаңғырды кеште. Бұл жолы оқушыларымыз халықтың наным-сенімін санаға сіңіруді көздеген «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сомдауға тырысты. Оқушылар мен мұғалімдердің еңбегі мақтауға, көрермендердің көз айымына ие болды. Гүлназ Қазтаева, 9 «С» сынып

[close]

p. 4

Науқас баланың еміне жарты миллион қаражат жиналды Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2016 жылдың 20 ақпанында өткен қайырымдылық концерт «Аялы жүрек» Қазақстан Республикасы 25жылдығы мен «Жақсылық жаса! Твори добро!» қайырымдылық акциясының төңірегінде өткізілді. «Аялы жүрек» қайырымдылық концерті дертке шалдыққан Анастасия Шараповаға қолдау көрсету үшін ұйымдастырылды. Ісшара 2016 жылдың 18 ақпанынан бастау алып, оның аясында мектебімізде бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Олар «Үміт» қайырымдылық лотореясы, «Шедевр» қайырымдылық жəрмеңкесі, «Аялы жүрек» қайырымдылық концерті мен аукцион. Қайырымдылық концертке Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының орынбасары Наиль Салимов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің орынбасары Күлімкөз Смаилова, «Улыбка» балалар қайырымдылық қорының орынбасары Галина Бондаренко, Қазақстан халқы Асссамблеясының жылымен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Əсемгүл Есқожа қонақ болып келді. Жəне іс-шараға кішкентай Настяның əкесі Шарапов Евгений Викторович қатысты. Настяның еміне қажетті қаражатты жинау үшін оқушылар, кураторлар, олардың ата-аналары, ұстаздар, мектептің түгел қызметкерлері бір жұдырықтай жұмылып, акцияның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Олар қолдарымен жасаған өнер туындыларын сатылымға қойды. «Шаңырақтардың» ата-аналары тəтті тағамдардың жəрмеңкесін ұйымдастырды. Мектептің спорт бөлімінде ұйымдастырылған аталмыш жəрмеңкеге қойылған тағамдардың ішінде құс сүті ғана болмаған шығар. 4

[close]

p. 5

Петропавл қаласы АЯЛЫ АЛАҚАН 5 Ата – аналардың тыңғылықты дайындалғанын осыдан-ақ байқауға болады. Қайырымдылық акциясының нүктесі концертте қойылды. Онда оқушылар өздерінің өнерлерін ортаға салды. Концерттің соңында аукцион өтті. Онда оқушылар мен ұстаздардың өздері салған картиналары, құмыралары жəне тағы басқа өнер туындылары сатылымға қойылды. Аукцион жоғары деңгейде өтті. Айта кету керек, ісшараны өткізген 7 сынып оқушысы Мерейдің бойына біткен жүргізушілік қасиетінің арқасында аукционда ду қол шапалақ үзілмеді. Бұл аукционда кем дегенде 100 мыңға жуық қаражат жиналды. Акция барысында жиналған 523 мың теңге Настяның əкесі Евгений Шараповқа табысталды. Ал, қайырымдылықтың нышаны болған қоржын Облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясына табысталды. Аружан ОРАЗАЛИНОВА, 8 «С» сынып

[close]

p. 6

Олимпиада астрофизиков Во второй половине февраля команда нашей школы, в составе которой были ученики 8 «E» класса Исенов Д., Большебратский В., Зверев А. и Сулейменова Д., приняла участие в астрономическом турнире и олимпиаде, проводимых Астрономическим обществом на базе филиала Физического института им. Лебедева Российской Академии Наук Пущинской астрономической обсерватории . Помимо турнира, команда принимала участие в двух турах олимпиады, где также наши ребята проявили свои знания, показав хорошие результаты. Во время этих олимпиад у руководителей команд проходили совещания. Специально для участников была проведена экскурсия на один из крупнейших радиотелескопов России, который находится в Пущинской обсерватории. Экскурсия была очень занимательная, здесь продемонстрировали телескопы, рассказали об истории их создания, модернизации и, конечно же, об объектах, за которыми они наблюдают. В период с 19 по 23 февраля 2016 года в городе Пущино Московской области (Россия) я принимал участие в Международном астрономическом турнире. В данном турнире нашей команде и, в частности, мне представилась возможность показать свои решения задач по астрономии и астрофизике другим командам, прибывшим из других стран (Кыргызстан, Белоруссия, Украина, Татарстан) и городов России и защитить их перед жюри. На конкурс прибыло 10 команд, состав которых приходился на 9-11 классы, за исключением нашей команды, которая преимущественно состояла из учащихся 8-х классов. Формат данного конкурса предполагал жеребьевку между десятью командами, итогом которой стала наша игра против 10 и 11-х классов. Для меня было неожиданным и весьма тревожным состязаться на равных со старшеклассниками, но тем не менее в течение двух игр (всего их 3, 3 – финальный тур) мы не уступали им. Впервые я смог выступить перед незнакомой аудиторией, аргументированно провести оппонирование и ответить на вопросы присутствующих команд и жюри. Отрадно, что несмотря на то, что многого я еще не знаю как по астрономии, так и математике (те же логарифмы, о которых я узнал на астротурнире), но я смог дать достойный ответ соперникам. Итогом данного конкурса стала наша маленькая победа – IV место среди 10-ти команд. Однако, эта маленькая победа стимулирует меня и дальше заниматься астрономией, углубленно изучать математику и дальше развиваться в этом направлении. Анатолий Зверев, 6 8 «Е» класс

[close]

p. 7

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК 7 С 19 по 23 февраля 2016 года в городе Пущино Московской области (Россия) проводился XI международный астрономический турнир, в котором мне посчастливилось не только принять участие, но и стать капитаном команды Назарбаев Интеллектуальной школы ХБН г. Петропавловска. Здесь, надо заметить, наша команда представляла не только школу и область, но и в целом Республику Казахстан. Готовясь к участию в астротурнире, мы решили 10 задач по астрономии. Каждая задача предполагала как теоретические, так и практические решения, в частности, задание про первый телескоп Галилея (необходимо было не только самим сконструировать этот телескоп, но и провести ряд наблюдений). Подобный формат, по которому было выстроено всё соревнование, для меня был новым, потому что он предполагал жеребьевку команд, а также выступления на равных, как учащихся 8-х, так и 11-х классов. Данный конкурс для меня – это своеобразный рывок вперед, именно участвуя в нем, я поняла, что мне многое еще предстоит познать, и что, несмотря на то, что мы были единственной командой, состоящей из учащихся 8-го класса, при имеющихся знаниях, благодаря факультативу по астрофизике и математике, смогли достойно выступить и занять IV место среди 10-ти команд. Считаю это достижением, но не конечным результатом в нашем развитии. Сулейменова Диана, 8 «Е» класс В городе Пущино состоялся 11 Международный астрономический турнир, в котором я принял участие. К данному турниру я готовился основательно и занимался углубленно решением одной из задач «Придумай сам». Данное задание предполагало проведение небольшого исследования на свободную и тему и формулирование его как задачи турнира. Я подошел к этому с особой ответственностью и провел исследование «истинного Солнца». На самом астротурнире я выступил с данной задачей и легко парировал в спорах. Правда, такое соревнование, в котором есть не только жюри, команды, против которых играешь, но и команда рецензентов, я прохожу впервые. И надо заметить, весьма достойно нами пройдены два тура этого конкурса. И лишь на втором команда, состоящая из участников 10-го класса, смогла нас опередить, представив более полное решение одной из задач, в которой фигурировал тот математический аппарат, который нам еще не знаком (логарифмы, тригонометрические функции). Вместе с этим весьма интересным для меня была организация реальных наблюдений. Мы должны были продемонстрировать свое знание звездного неба, некоторых астрономических объектов и лазерной указкой показать их на реальном небе. В целом, считаю наше выступление весьма удовлетворительным и в перспективе планирую продолжать свою работу в изучении астрономии. Вадим Большебратский, 8 «Е» класс

[close]

p. 8

Тіл мəселесі жөнінде Қазіргі жастардың тіл білуге деген құмарлығы мені разы етеді Біздің мектепте жуырда Алматы Менеджмент Университетінің президент орынбасары Досмахамбет Қалмаханұлы Көшім қонақ болды. Досмахамбет Қалмаханұлымен түрлі тақырыптарда сұхбаттасу бақыты маған бұйырыпты. - Досмахамбет ағай, сұхбаттасуға келісім бергеніңіз үшін үлкен рахмет. Қазақ халқы өз алдына тəуелсіз, дербес ел болғанына 25 жыл толады. Бұл еліміз үшін айтулы белес. Егемендіктің арқасындатіліміз, тарихымыз, тарихымыз қайта жаңғырды. Сіздің ойыңызша осы уақыт ішінде қазақ тілі қандай жетістікке жетті, қандай өзгерістер болды? - Менің ойымша қазақ тілі 25 жылдың ішінде кең таралып келе жатыр. Алайда Қазақстанның əр аймағында мемлекеттік тілді меңгерудің деңгейі əртүрлі. Мысалы, 1991 жылы Алматы қаласында қазақ мектебінің саны біреу ғана болса, ал қазіргі таңда 55 есеге өсті. Бұл дегеніміз қазақ мектебінің саны 55 есе өсті. Бұлда қазақ тілінің жетістігі болып табылады. Алла жазып, қазақ тілі осы қарқынмен өсетініне мен сенімдімін. - Тіл үйренушілерге барша жағдайлар жасалып жатыр, оның бірі өзінізің ғылыми жетекші ететін «Ұлытау» этнолагері екенін білеміз. Ана тілімізді қалың қауымға үйретіп жүргендердің бірі өзіңізсіз, аз уақыт ішінде қазақ тілін үйрету мүмкін бе? - Біз «Ұлытау» этнолагерін ашудағы мақсатымыз өзге ұлт өкілдерінің балаларын қазақ тіліне үйрету, қазақ бола тұра, өз тіліне шорқақтау болған отбасыларды қазақ тіліне үйрету болатын. «Ұлытау» этнолагерінде тек қазақ тілінде үйреніп, қана қоймай қазақ халқының салт-дəстүрін жетік үйренуге болады. Тілді үйренемін деп келгендер киіз үйде тұрып, ат ерттеп үйренеді. Қыз балалар құрт істеп, қымыз пісіп үйренсе, ер балалар қауымы ат үстінде еркін шауып, бата беріп үйренеді. Киіз үй барша керек-жарақпен қамтамсыз етілген. Кешке таман бізде қазақ тіліне байланысты əртүрлі ойын-сауықтар өткізіледі. - Ал, ағай, Қадыр Мырза атамыз « Өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте» деп айтқандай өзіңіз қазақ тілінен өзге қандай тілдерді білесіз? -Мен қазақ тілінен өзге орыс тілін бір жандай, ал ағылшын тілін бір шыныаяқ шай сұрап алардай білемін. Менің бір басыма жетеді деп ойлаймын. Менің ойымша, адам жан-жақты болуы керек. 8

[close]

p. 9

МЕКТЕП ҚОНАҒЫ 9 Шəкəрімдей кем дегенде сегіз тілді жеттік білулері тиіс. Бір арнада тоқтап қалмаулары тиіс. Өмір ағынымен бірдей алға жылжуы керек. Мен жастар бойынан байқайтын ерекше қасиеттердің бірі талмай алға қарай, оқуға қарай ұмтылу қасиеті. Абайдың жетінші қара сөзінен “Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тəннің құмары, бұлар болмаса, тəн жанға қонақ үй бола алмайды. Һəм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дəмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бəрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бəрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген, -екен. Осыдан-ақ, адам баласы үнеміізденіп, білуге, зерттеуге құмар болуы тиіс. Қазіргі жастардың тіл білуге деген құмарлығы мені разы етеді. -Бəсекеге қабілетті жастардың бойында қандай қасиет болу керек деп ойлайсыз? «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой Бес асыл іс көрсеңіз»,- деп Абай атамыз айтқандай алдыңғы екеуіде қай адамнан болсын табуға болады. Жаман адам да еңбектенеді. Оның таудай талабы болуы мүмкін,тек бір нəрсені ұмытпағанымыз жөн ең соңғы екеуі ешқашан жаман жанның бойынанан қанағат пен рақымды табу көмірден алтын жасап шығамын дегенмен парапар. Себебі қазақта үстел басынан ешқашан тойдым деп айтпаған тек қанағат деп тұрып кеткен. Ал рақым дегеніміз мейрімділік, ақкөңілділік, жақсылық жасап, жақсылыққа ұмтылу. Егер осы қасиеттер қай адамның бойынан табылса, ол бəсекелестікке қабілетті адам болады. -Қызықты сұхбатыңызға рахмет! Сұхбаттасқан Армангүл Ербол, 9 «С» сынып

[close]

p. 10

БІЛЕ ЖҮР ... Туған жер-ай, күнім де сен, дінім де сен, Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем. Керегі жоқ басқа атақ, Басқа абырой, Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең! Қадір Мырза Əли Тайынша ауданының тарихы Əр азамат өз елінің, өз өлкесінің тарихын білуі керек. Мен Тайынша ауданының тумасымын, сондықтан туған жерімнің тарихын зерттеудемін. Тайынша ауданының атауы қайдан шыққанын білесіздер ме? «Тайынша» деген сөздің өзі малдың атауы, яғни бір жасар малды тайынша деп атайды. Қазақстанның Ресейге қосылуы бір жарым ғасырға созылып, қазақ жері Ресей империясының бір бөлігіне айналды. Қазақ жерінде хандық жойылып, қазақ елі Ресей басқару жүйесіне қосылды. Ресей қазақ жеріне бекіністер салып, орыс, украин шаруаларын қоныстандыруға кірісті. Сонымен, Қазақстанның Ресейге қосылуы үлкен өзгерістер əкелді. Қазақ жерінде саудасаттық жанданды, ауыл шаруашылығының жаңа түрлері пайда болды. Қазақтар малды жəне мал өнімдерін сатуға мүмкіндік алды. Орыс-қазақ байланыстарының Сібірде, Орта Азияда, Ресейде орталықтары бой көтерді. Алғашқы жəрмеңке қазақ даласында 1822 жылы Бөкей ордасында (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) ұйымдастырылып, кейін жəрмеңкелер саны жылдан-жылға өсіп отырған. Жəрмеңкелердің ең ірілерінің бірі - Тайынша жəне Сеңдікөл көлінің жағасында орналасқан Тайынша жəрмеңкесі болатын. Осы екі көл - қазіргі Тайынша қаласынан 40 шақырым жерде қазіргі Киров, Восточное селоларының маңында болған екен. Ол - көлдің географиялық жағынан қолайлылығы, көлдің жағасы, жазық далалы жер, екіншіден Ресейге Қазақстан жері жақын. Қазақтарға - малдарын айдап апарып көлдің жағасында жаюға, орыс көпестеріне Ресейден келіп, сауда жасауға тиімді болған. Тайынша жəрмеңкесі тек сауда орталығы емес, өнер сайысы, айтыс, балуан күресінің орталығы болғанын айта кету керек. Қызылжар, Көкшетау өңірінен Тайынша жəрмеңкесіне атақты Шөже ақын, от ауызды орақ тілді Орынбай ақын, жауырыны жерге тимей кеткен күш атасы Қажымұқан, елу бір пұт кірдің тасын көтерген Балуан Шолақ, серілік құрған Біржан сал мен Ақан сері сияқты тұлғалардың қатысуымен өткен. Тайынша жəрмеңкесіне барған халық сатып алған тауарларымен бірге Ақанның, Біржанның, Балуан Шолақтың, Үкілі Ыбырайдың əндерін ұлан - байтақ қазақ даласына ала кететін. Тайынша жəрмеңкесі ресми түрде 1 шілдеден 25-ші тамызға дейін жұмыс істеген. Нақты жəрмеңке шілде-тамыз-қыркүйек айларында «Сентябрьдің базары» деген атпен белгілі болған. Тайынша жəрмеңкесінің өмірі ұзаққа созылған жоқ. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң жəрмеңке жабылып, азамат соғысы аяқталған соң жаңа экономикалық саясат кезінде жəрмеңке аз уақыт жұмыс істеп, 1920 жылдарының аяғында мүлдем жабылды. Жəрмеңке жабылса да, оның тарих бетінде өз орны бөлек. Тайынша жəрмеңкесі туралы мол деректер, қызғылықты материалдар қаза берсе шыға берері анық, əрі талас тудырмайды. Мұның өзі туған өлке тарихын терең білуге игі əсерін тигізері сөзсіз. 10 Серік Біржан, 9 “В” сынып

[close]

p. 11

ӨЛКЕ ТАРИХЫ 11 Құлсары батыр – ерліктің алтын діңгегі Ежелден қазақтың мекені болған Қызылжар топырағында қасиетті жерлер өте көп. Солардың бірі қазіргі Есіл ауданына қарасты Бұлақ ауылының жанындағы Құлсары батыр жерленген адыр. Құлсары Абылай хан тұсында жауға қарсы қол бастаған батырлардың бірі. Ерлік, батырлық атадан мирас болып қалыптасқан елдіктің мəртебесі. Қай заманда да елі мен жерінің тəуелсіздігін, бостандығын қорғаған ерлер, шыбын жанын халқы үшін құрбан етіп, туған еліне қызмет еткен. Зерттеулер арқылы қазақ халқының белгілі бір бұтағы Атығай елінен шыққан Құлсары батырды сол ерліктің алтын діңгегі ретінде қарастыруға болады. Ақиқаты да сол! Абылай ханның серігі, оң қолы болған тарихи тұлғаның бірі – атақты Құлсары батыр. Өз заманының көрнекті мемлекет қайраткері болған Құлсары батырдың ел ағасы ретінде беделі зор болған, кейін де елжұрт аруағын қадір тұтқан. ХІХ ғасырдың ортасы ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Атығайдың атақты Қуаныш биі: «Құлсарыдай батыр бол, жаудан қайтпас батыл бол», - деп бата беріп, Абылай, Жəнібек, Бөгенбай, Қабанбай батырлармен тең санаған. Құлсары Абылай ханның ірі əскери қолбасшысы болды. Құлсары батырдың аты қазақ тарихында əйгілі ұранға айналған. Құлсарының тұсынан бастап, Атығай-Қарауыл елінің бағы көтеріліп, беделі артқан. «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді», дегендей, намысты қолдан бермес үшін «Батыр-батыр деген соң шығамыз, батырға да жан керек»,- деген сөз Құлсарыдан қалған екен . Мунира Балметова, Бақыт Мухамедия, Сағыныш Бекжан , Дина Кəрібай, 11 “А” сынып

[close]

p. 12

МƏСЕЛЕНІҢ МƏНІСІ 12 Серпінді үзіліс пайдалы ма? Мектебімізде 25 минуттан тұратын 2 серпінді үзіліс бар. Бұл үзілістерде мектебізімдің оқушылары би билейді. Бірақ балалардың кейбірі бұл үзілісті өзгеше өткізуді қалайтынын жасырмады. Сонымен серпінді үзіліс бізге несімен пайдалы? Ең алдымен осы мəселе төңірегінде оқушылардың ойларын білейін деп, 7-8-ші сынып оқушыларынан сауалнама жүргіздім. Сауалнама нəтижелерінде балалардың 60 пайызы «Серпінді үзілісте би билеген ұнай ма?» деген сұраққа «Иə», 20 пайызы «Жоқ», ал қалған 20 пайызы «Бұған бей-жай қараймыз» деп жауап берді. «Серпінді үзілісте немен айналысқыңыз келеді?» деген сұраққа оқушылардың 30 пайызы «Билеуді жалғастырар едік», ал 35 пайызы «Оранжереяда демалып отырар едік», қалған 35 пайызы өз істерімен айналысқанды жөн көреді екен. Бұл төңірегінде мектебіміздің тəрбие ісінің меңгерушісі Гүлжан Жақановадан да сұхбат алдым. Ол: «Серпінді үзіліс, мектебіміздің күн тəртібіне бекерден бекер енгізілген жоқ. Студенттеріміздің денсаулығын нығайтып, оларды жан-жақты ету мақсатымен кіргізіліп отыр. Біздің оқушылар еліміздің болашағы, көш бастайтын басшылар болады. Ал мұндай адам, еліміздің Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы сияқты, жан-жақты, білімі мен өнері қатар болуы керек дейді». Кураторлар да мұндай үзілісте балалардың дене шынықтырғанын құптайды. «Бойларына қан жүгіріп, серігеді», - дейді олар. Балалардың көбі «Серпінді үзілісте сабақ қайталау, кітап оқу, бір-бірімен əңгімелесу жақсы болар еді» деп те тілек білдірді. Алайда мамандардың көмегіне жүгінсек, ондай кезде ойланып жұмыс жасаудың орнына, ойланбай əрекет ету керек екенін түсінеміз. Психологтер серпінді үзіліс жайлы өз пікірлерімен менімен бөлісті. -Біздің балалар таң атқаннан күн батқанға дейін оқумен жүреді.

[close]

p. 13

Бұл кезде адамның оң жартышары дамиды. Бірақта, олар интелектуалды мектепте оқитындықтан, олардың екі жартышары да толық жетілген болуы керек емес пе? Бұдан «Сол жарты шарды қалай дамытуға болды?» деген сұрақ туындайды. Міне, осы себептен мектебімізде оқушылар билейді. Билегенде олар өз эмоцияларын сыртқа шығарып, серігіп алады. Ойланбай күліп, билейді. Адамның сол жартышары оның ойланбай жасаған əрекеттерінің, үнемі қозғалыста болуына байлынысты дамиды. Осылайша біздің оқушылар тек денсаулықтарын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар өздерінің зияткерлік деңгейін одан ары жетілдіре түседі,- деді олар. Бұл мақаланы жазу барысында, мен серпінді үзілісте би билеудің біз үшін пайдалы екендігіне көз жеткіздім. Осы мақаладан сіздер де ой түйесіздер деген ойдамын. Марат ДАМЕТКЕН, 8 «С» сынып 13

[close]

p. 14

ПОЗНАЙ СЕБЯ 14 Кто не изучил человека в самом себе, никогда не достигнет глубокого знания людей. Чернышевский Н.Г. Декада самопознания Одним из интереснейших школьных предметов является предмет «Самопознание». Здесь можно рассуждать на самые разные темы, фантазировать, рисовать несуществующих животных, даже устраивать праздники, которых нет в календаре. Эти и другие необычные методы познания своего «Я» стали возможны на декаде самопознания, организованной учителем Гульнар Ахметовой. С самого открытия декады учеников ожидали нестандартные занятия, которые способствовали раскрытию скрытых талантов, сближению учеников и формированию командного духа. Такими мероприятиями стали: конкурс легенд и притч об общечеловеческих ценностях, семейный праздник близнецов и двойняшек «Как вместе они хороши!», конкурс рисунков «Мое представление об общечеловеческих ценностях», разные тренинги не только для учеников, но и для учителей и сотрудников школы. Самым красочным и необычным стал праздник близнецов и двойняшек, целью которого являлись пропаганда семейных ценностей, культивирование добрых отзывчивых отношений между кровными родственниками. На праздник были приглашены три пары близнецов и двойняшек: Кенжебек Еркеблан и Дарига, учащиеся 9 «С» класса, Елеукины Мадина и Зарина, учащиеся 8 «D» класса, Исенеевы Айза и Айзара, учащиеся 7 «В» класса. Для виновников торжества приготовили интересные задания и конкурсы, с которыми они справились легко, потому что они всегда поддерживают друг друга и помогают друг другу. Среди учеников 8 классов провели конкурс на знание легенд и притч на казахском и русском языках. Ребята рассказывали притчи и легенды о верной дружбе, бескорыстной любви, о поступках, совершенных по совести. Говорили о том, какой урок они извлеки из рассказанной истории. Слушатели задавали вопросы, высказывали свое мнение. Ребята пришли к выводу, что притча содержит в себе несколько ценностей, которым надо следовать в жизни. Завершилась декада конкурсом рисунков, которые украсили холл школы. В работах дети отразили свое представления о способах обретения внутреннего покоя и проявление бескорыстной любви. Самые лучшие работы были отмечены дипломами и сертификатами. Камила Абилова, 11 “А” класс

[close]

p. 15

МЕКТЕП ТЫНЫСЫ 15 Поздравляем! Республиканский научно-педагогический центр «БілімОбразование-Education» с 20 по 25 февраля проводил конкурс для учителей общеобразовательных школ «Лучшая разработка урока». На конкурс было представлено более 200 работ со всего Казахстана по четырем номинациям. В номинации «Лучшая разработка урока» среди учителей НИШ I место заняла руководитель методического объединения учителей английского языка, учитель высшей категории Сауле Сайрановна Зикирина. На конкурс был представлен план урока английского языка для 11 класса по теме: «Реальность или вымысел: послания». По словам Зикириной, она приняла участие в конкурсе, чтобы поделиться опытом работы по организации критериального оценивания успехов учащихся на уроках английского языка в контексте основных задач обновления образования и внедрения в практику новых подходов в обучении. Коллектив Назарбаев Интеллектуальной школы поздравляет Сауле Сайрановну Зикирину с победой и желает дальнейших творческих успехов! «Вечные ценности человечества» Учителем самопознания Г. М. Ахметовой были проведены семинары для методических объединений учителей, администрации, технического персонала, воспитателей и кураторов, на которых рассматривались вечные ценности: истина, праведное поведение, внутренний покой, ненасилие и любовь. Участникам семинаров продемонстрировали короткометражные фильмы на нравственно-духовные темы, предложили прослушать притчи и легенды, просмотреть мотивирующие презентации. В дружном исполнении прозвучала песня Ю. Антонова «Живет повсюду красота». С большим удовольствием участники семинара играли в игры «Сними платок» и «Неужели это я?» На большом эмоциональном подъеме прошло упражнение «Аллея славы». Здесь звучали искренние комплименты в адрес коллег. Семинар закончился притчей «Крик», которая призывает не совершать зло, быть ближе к другим, чтобы достичь внутренней гармонии мысли и слова. Пресс-центр “Жалын”

[close]

Comments

no comments yet