үш тұғырлы тіл конференциясы

 

Embed or link this publication

Description

OKMPI

Popular Pages


p. 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ MINISTRY OF EDUCATION AND SCIENCE OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SOUTH KAZAKHSTAN STATE PEDAGOGICAL INSTITUTE «ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰЛТ БОЛУДЫҢ НЕГІЗГІ САТЫСЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының МАТЕРИАЛДАРЫ МАТЕРИАЛЫ международной научно-практической конференции «ТРЁХЪЯЗЫЧИЕ – ОСНОВА СТАНОВЛЕНИЯ КОНКУРЕНТОСПОСОБНОЙ НАЦИИ» MATERIALS of the international scientific and practical conference «TRILINGUALISM BASIS FOR THE FORMATION OF COMPETITIVE NATION» І - БӨЛІМ Шымкент-2016 1

[close]

p. 2

УДК 811 ББК 81.2 Ү 92 Редакция алқасының төрағасы: Аяшев Оңалбай Аяшұлы - п.ғ.д., профессор Редакция алқасы: Исабек Баршагүл Қашқынқызы Исаев Ғани Исаұлы Ибрагимова Жанат Абуталипқызы Мейрбеков Ақылбек Қайратбекұлы Сманова Ғазиза Лесқанқызы -т.ғ.к., доцент -техн.ғ.к. -ф.ғ.к., доцент - PhD. доктор -п.ғ.к. Ү 92 «Үш тұғырлы тіл: бәсекеге қабілетті ұлт болудың негізгі сатысы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары – «Әлем»: Шымкент: 2016. – 340 бет. І – бөлім. Материалы международной научно-практической конференции «Трёхъязычие – основа становления конкурентоспособной нации» – «Алем»: Шымкент, 2016. – 340 стр. І – том. Мaterials of the international scientific and practical conference «Тrilingualism basis for the formation of competitive nation» – «Alem»: Shymkent, 2016. – 340 page. І – volume. ISBN 978-9965-898-66-2 Жинаққа Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері ендірілді. Барлық жарияланымдар авторлардың редакциясымен берілген. УДК 811 ББК 81.2 ISBN 978-9965-898-66-2 © Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, 2016. 2

[close]

p. 3

АЛҒЫ СӨЗ Оңалбай Аяшев Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, п.ғ.д., профессор. Үш тұғырлы тіл – өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған. Сондай-ақ, бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Бүгінгі таңда да Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналуда. Тіл – халықтың ең негізгі байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – деген даналық сөз бекер айтылмаса керек. Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді. Әр азамат ана тілінің бай қорын игерумен бірге орыс, ағылшын тілдерінің де асыл қазынасынан сусындап, оны іске асыра білгені жөн. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу — әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс» екендігін баса айтты. Шетел тілін оқып үйренемін деушілердің саны да күннен күнге көбеюде. Көптілді меңгеру – мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаралық және мәдени қарым - қатынастардың аса маңызды құралы. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның тәжірибелік және зияткерлік іс-әрекетінде көптілдік сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта көптілді еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым - қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – бүгінгі күннің талабы. Тілді өркендету – бәрімізге парыз. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Қоғамда үштұғырлы тіл саясатын нығайту еліміздің негізгі басымдығы болып қала береді. «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекетік тіл – мемлекет құрушы ұлттың тілі, ал орыс тілін білуі — ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді»,— деген Елбасының сөзі ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы боларын айғақтайды. Орыс тілі – ресми тіл болса, ағылшын тілі – халықаралық қарым- 3

[close]

p. 4

қатынас тілі және дүние жүзіне кең таралған тіл. Қазіргі кезде ағылшын тілі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған мемлекеттердің ресми тілі, БҰҰ-ның алты ресми тілінің біреуі. Ағылшын тілі бізге әлемдік аренаға шығу үшін қажет. Бүгінгі таңда әлемдегі шығарылатын оқулықтардың 85 %-ы ағылшын тілінде. Қазақстанда 3,5 мың шетелдік компаниялар жұмыс істеуде. Көп тіл білу – уақыт туындатып отырған қажеттілік. Бұл талаптан ОҚМПИ тыс қалмақ емес. Үш тілде білім беру бағдарлмасына сәйкес тиісінше жұмыстар жүргізілуде. Осы тақырыпқа қатысты түйткілді мәселелерді шешуге және дұрыс бағыттауға арналған бүгінгі «Үш тұғырлы тіл: бәсекеге қабілетті ұлт болудың негізгі сатысы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына сәттілік, қатысушыларға табыс тілеймін. 4

[close]

p. 5

ҮШ ТІЛДІЛІК ЖАҺАНДАНУ ТАЛАБЫ: ТІЛ МЕН ӘДЕБИЕТТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИ АУДАРМАНЫҢ ДАМУЫ СИПАТЫ Бажикеев Қ., магистр, оқытушы, Абдикадирова А., магистр, оқытушы Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті Қарағанды қаласы Резюме В статье говорится о состоянии и развития художественного перевода в казахской литературе, анализируется и оценивается произведения казахских переводчиков, которые внесли вклад в развитие сферы переводе. Summary In this article the state and development of the artistic translation in the kazakh literature is told the works of the kazakh translatorsare analyzed and appreciated. ХХ ғасыр басында қолына қалам ұстаған, Алаш жұртының азат ел болуын қалаған, соған өз үлесін қосуды мақсат еткен әрбір оқыған Алаш азаматтары аудармамен, нақтырақ айтсақ, көркем аудармамен айналысты. Отарлық құрсауында жатқан,төл баспасөзі, жазба әдебиеті енді қалыптасып келе жатқан шақта бұл заңды құбылыс еді. Қазақ халқының ұлы ағартушылары Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев өздерінің жазушылық және аудармашылық қызметтерімен ХIX ғасыр соңында орыс мәдениетіне жол ашты. Ұлы Абайдың ақындықаудармашылық қайраткерлігінің құдіретімен «орыстың данасы Пушкин өзінің сүйікті Татянасын қолынан жетектеп, кең қазақ сахарасына алғаш рет қадам басты[1, 51]. Ал Ы.Алтынсариннің жазушылық-педагогтық қызметінің арқасында өзінің дана сөздерімен орыстың алып жазушысы Л.Н.Толстой келді. ХХ ғасыр басында бұл дәстүр өз жалғасын тауып, орыс әдебиетінің көркем үлгілері ана тілімізде сөйледі.А.С.Пушкиннің «Капитан қызы» повесі М.Бекімов аудармасында 1903 жылы Қазанда Харитоновтар бапаханасында басылып шықты. Кітап көлемі қырық сегіз бет. Араб әріпінде басылған. Аударушы кітаптың сыртқы бетіне: «Шығарушы Россияның артық шешен поэті А.С.Пушкин, перевод еттім М.Бекимов», - деп жазған. Кітаптың ішкі бетіне ол өзінің ұстазына екі тілде (орыс және қазақ), арнау жазған. «Бағыл еттім переводымды, есімі өшірілмес үшін сүйікті ұстазым Дмитрий Николаевия Григорьевке», - деген [2, 10]. М.Бекімов повесті бастан-аяқ толық, дәл аудармай, көп жерін ықшамдап, тіпті қысқартып, келте аударған. Мәселен, аударушы түпнұсқадағы мәні үлкен эпиграфтарды, повестегі тарихи оқиға, өлке, қала, жер, күн райы суреттелетін тұстарды бірқатар кейіпкерлердің бейнелерін, кірме өлең, әңгімелерді қысқартып, тіпті тастап кеткен. Аудармашы Пушкиннің түпнұсқадағы айтайын деген ойын дұрыс ұқпағанын көреміз.Ал, Молданияз Бекімов шығарманың негізгі идеясы Пугачев бастаған шаруалар қозғалысының халықтық, бостандықшылдық сипатын көрсету деп ұқпай, әңгімедегі Петр Андреевич 5

[close]

p. 6

Гринев пен Мария Ивановна Миронованың сүйіспеншілік, үй ішілік әңгімелері деп ұққан. Солай бола тұра тұпнұсқа мен қазақша нұсқаны салыстырған кезде байқайтынымыз Молданияз аудармасының сөз байламдары жеңіл, тіпті түсінікті. Жалпы алғанда, қазақтың сол кездегі жаңа жасалып келе жатқан – кітап тілі ғой. Бірақ аударманың сөз байламдарында да, тілінде де, мін жоқ деп айта алмаймыз. Әрине, мін де, бірқатар кемшіліктер де баршылық. Аудармашы бірқатар сөздерді орысшасынан дәл, дұрыс аудармаған. Мысалы, ол түпнұсқадағы «просил руку» деген сөз тіркесін «қызының қолын сұрады» деп береді. Ал «народ встретил с хлебом, с солью» дегенді «халық тұз бен нан алып шықты» десе, «выйти за ворота и дать сражение» дегенді «сыртқа шығып, ұрыс бергенді тәуір көрді» деп аударған[3, 77]. Осындай кемшіліктері бола тұра М.Бекімовтің көркем аударма жасау тәжірибесі әлі қалыптаспаған шақта «Капитан қызы» сынды көлемді шығарманы тәржімелеуі, орыстың ұлы тұлғасын қазақ халқына танытсам деген ұмтылысын ерекше бағалаймыз. Ғасыр басында бір ғана емес, әдебиеттің түрлі поэзия, әңгіме, повесть, роман, драма сынды түрлі жанрда әдеби көркем аударма көптеп жарық көрген болатын. Солардың бірі –мысал, мысал өлеңдер аудармасы. 1909 жылы А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал», 1910 жылы С.Көбеевтың «Үлгілі тәржіма» жинағының жарық көруі, одан кейінгі Б.Өтетілеуов, С.Дөнентаев шығармашылығында мысал аудармаларының кездесуі, Алаш көсемі Ә.Бөкейханның 1925 жылы шыққан «Жетпіс жеті мысал. Эзоп пен Толстой» аударма еңбегі мысал жанрының қазақ әдебиетінде орнығып, қалыптаса бастағанын көрсетеді. Аталған Алаш зиялылары Абай мен Ыбырай,Д. Бабатайұлы, М. Көпеев салған сара жолды дамытып, мысал аударуға белсене кірісіп, сол тұстағы қазақ қауымын ояту әрі тәрбиелеуде, өздерінің ағартушылық мұраттарын іске асыруда мысал өлеңдерді қажет теп тапқанын көреміз. «Әсіресе, А.Байтұрсыновтың аудармашылық дәсүрі, оның Крыловтан аударған «Қырық мысалы» – тұтас бір дәуір, үлкен бір мектеп» болғанын аңғарамыз [4, 262]. Қазан төңкерісіне дейінгі аударма көпшілігі 1911 жылдармен 1915 жылдар арасында Тройцк қаласында шығып тұрған «Айқап» журналдарында басылған. Әдебиеттің үлкен бір саласы болып табылатын көркем аудармаға кең жол ашылды. Әсіресе, орыс әдебиетінің туындылары көп аударылып басылды. Бұл журналдың беттерінен И.А.Крылов, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.С.Никитин, А.П.Чехов, А. Сорокин және тағы басқа орыс ақынжазушыларының шығармаларын сол кездегі қазақ елі өз тілінде оқи алатын болды. «Айқап» журналындағы аударма материалдар жайында сөз еткенде онда жарияланған көркем аударма үлгілері журналдағы материалдармен сабақтас, идеялас, бағыттас болған деп таныған жөн. Өйткені журнал және оның шығарушы редакторы Мұхамеджан Сералин қазақ даласындағы прогресшіл, демократияшыл абзал азаматтардың бәрін дерлік өзінің маңайына таратып, бір 6

[close]

p. 7

идеяның төңірегіне топтастыра білген, алғыр да шебер ұйымдастырушы болған, сонымен қоса аудармамен айналысқан адам. «Мұхаметжан Сералиннің аудармалары әр түрлі қырынан көрініс беріп отырды, ол - бір сырлы, сегіз қырлы аудармашы» [5, 100]. «Айқап» журналының беттерінде қазақ тілі мен әдебиетінің, ұлт баспасөзінің мәселелері жан-жақты жазылып отырған, орыс тілінен қазақ тіліне аудару туралы аударманың теориясы және практикасы туралы кейбір авторлардың пікірі жарияланып тұрған: соның ішінде «Айқаптың» өз бетінде жарияланған кейбір аударма материал оқушылардың талқысына түсіп, аударма шығарманың сапасы жайында кең пікір алысу, ұсыныстар жариялау ісі де ұйымдастырылған. Аударма жөнінде сол кезде айтылған кейбір пікірлер бүгінгі талап-тілектермен де үндесіп жатады. «Айқап бетіндегі көркем аудармалардың ең үлкені – парсы және тәжік халықтарының ұлы ақыны Фирдоусидің атақты «Шахнамасынан» үзінділер. Бұл эпопеяны «Рүстем Зорап» дейтін тарауын М.Сералин қазақ тіліне аударып, «Айқаптың» 1914-15 жылдардағы сандарында бастырады. Журнал бетінде бұдан бөлек ірілі-уақты 25 шақты шығарма орыс тілінен аударылып басылған.«Айқапта» жарияланған аударма шығармалары мыналар: Горчаковскийдің «Қазақ тұрмысынан» деген әңгімесі, аударған Хасен Мұхамеджанов, «Құдай жетімді тастамайды» деген өлең, аударған Уалихан Ғұмыров, И.А.Крыловтың «Өтірікші» деген мысалы, аудармашы Құсайын Мұхамеджанов, А.П.Чеховтың «Қара қарға» деген әңгімесі, аударған Ахмет Баржақсин, Л.Н.Толстойдың «Ілияс» деген очеркінде осы аударған, бұл елге танымал болып жүрген аудармашылар. Бұлар Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Бекет Өтетілеуов, Спандияр Көбеев сияқты аудармашылардың санын көбейте түсті. Әдеби көркем аудармалар ұлттық сипаттағы «Қазақ» газетінде де көптеп жарияланды. Газет бетінде А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлы т.б. авторлардың көркем аудармасы жарық көрді. «Қазақ» газеті ұлтшыл газет, бірақ ұлттық шектеушілікке бармаған. Мұның да мағынасын түсіне білуіміз керек. Әлиханның екі мақаласының бірі орыс зиялылары туралы болды. Петербургте орыс зиялылары қайтыс болып жатса, некролог берді» дегеніндей [6, 47], Әлихан бастаған қазақ зиялылары орыс әдебиетінде болып жатқан әр өзгеріс, жаңалықты қазақ оқырманына жеткізуді мақсат еткен Соған қоса орыс әдебиетіннен тәржіма жасаған. Ә.Бөкейханның көркем аудармадағы алғаш ізденістері – Н.Маркстен аударған «Қырым сөздері», А.Чеховтан «Хамелеон», Л.Толстойдан «Жұмыртқадай бидай», В.Короленкодан аударған «От» тәрізді біршама туындылары газет бетінде қазақ оқырманына жол тартты. М.Дулатовтың Пушкин, Лермонтов, Әбу Фирас сынды ақындардан аударған өлең-жырлары басылды. Бұдан бөлек «Ақжол», «Темірқазық», «Садақ», «Алаш», «Сарыарқа» сынды әр түрлі газет-журналдар бетінде аудармаға, көркем аудармаға орын берілді. Әрине, аударылған дүниенің бәрі классиктер шығармасы немесе 7

[close]

p. 8

аударма сапасы кереметтей болмаса да бұл сол замандағы көркем аудармада жасауға деген бетбұрыстың жоғары болғанын көрсетеді. Қай халықтың әдебиеті мен мерзімді баспасөзін алып қарасаңызда, аударма солардың белді бір саласы болып келген, жазба әдебиеті мен баспасөзі бар жерде аудармада бар. Олай болса, әдебиет, білім баспасөз қызметкерлерінің творчествосында аударма өнері елеулі орын алған. Сол кезде көркем аударма ісімен айналыспаған қаламгер ілуде біреу ғана болар. Қолына қалам ұстаған творчество қайраткерлерінің аудармамен айналысқандығын дәлелдейтін мысалды қай елдің мәдениеті мен әдебиетінің тарихынан да көптеп келтіруге болады. ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетінде жасалған әдеби көркем аудармалар әдебиеттің әр жанрын қамти алған болатын. Поэзиялық, прозалық және драмалық шығармалар аудармасы қарқынды дамыды. Тек көрші орыс халқының емес, әлем әдебиетінің небір жауһар туындылары қазақ жұртына таныстырылды. Бұрын жергілікті халыққа беймәлім болып келген француз, ағылшын, неміс, Шығыс халықтарының шығармалары тәржімаланды. Поэзияда М.Жұмабаев неміс классиктері Гейне мен Гетені, орыстың Кольцов, Фет, Лермонтов сынды асылдарын, араб ақыны Әбу Фирасты аударып, басқа жұрт туындыларына жаңа өмір сыйлады. Ұлт ұстазы болған «Ұлы Ахаң» А.Байтұрсынов А.Жадовская, В.Надсон, Вольтер, И.Крыловтың поэзиясын, Лермонтовтың «Мцыри» поэмасынан үзінділерін, А.Пушкиннің «Алтын әтеш», «Алтын балық» сынды ертегілерін Ахаңның өзіне тән ерекшелікпен мейлінше жатық әрі көркем етіп, арасына қанатты сөздерді қосып тәржіме қылды. М.Дулатов И.Крыловты, А.Пушкиннің «Гүл», Лермонтовтың «Айтыс», ағылшын ақыны Шиллердің туындыларын аударды. Міржақып аудармаларын оқи отырып Пушкин поэзиясындағы раушан гүлінің жұпар иісін, Лермонтовтың Қазбегінің күрсінісін, көне араб поэзиясының серілік рухын, Крыловтың астарлы мысалын, Шиллердің жанға жайлы лиризмін сезінесің. Ал Шәкәрім Хафиздің ойлы да мөлдір ғазалдарын еркін аударма үлгісімен қазақша төгілтеді. І.Жансүгіров Абай аударған Пушкиннің атақты «Евгений Онегинін» жаңаша қайта жырлап, ақындық қуатымен қос аудармашылық шеберлігін танытты. С.Дөнентаев татар классигі Ғабдолла Тоқайдан «Рамазан айында» деген сатиралық өлеңі мен «Калила мен Дамнадан» тәржіма жасаған. Б.Өтетілеуов Хемницерден «Құмырсқа мен дән», Пушкиннен «Көктемнің келуі», Жуковскийден «Туған жер», Лермонтовтан «Үш бәйтерек» шығармаларын аударып, т.б. тәржіме туындыларын дүниеге әкелген.Ғасыр басында бұдан басқа да ірілі-ұсақты лирикалық өлеңдер аудармалары көркем аударма көкжиегін кеңейтіп, көркем аударманың дамуына өз үлесін қосты. Өткен ғасыр басында Алаштың оқығандарының, көркем сөз шеберлерінің қатысуымен прозалық шығармаларда көптеп аударыла бастады. Жоғарыда аталған М.Бекімов Пушкиннің «Капитан қызын», Ә.Бөкейханов Л.Толстойдың «Қажымұрат», «Қапқаз тұтқыны», В.Короленконың «Макардың түсі» Г.Д.Мопассан әңгімелерін, Б.Айбасов И.С.Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романын, М.Жұмабаев М.Горький әңгімелерін, Д.М.Сибиряк, В.Иванов 8

[close]

p. 9

шығармаларын, Ж.Аймауытов С.Чуиков, К.Беркович, Г.Д.Мопассан, Р.Тагор, Дж.Лондон сынды әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерін көркем тілмен ана тілімізде жеткізе білді. Ал Ш.Құдайбердиев А.Пушкиннің «Дубровский әңгімесі» романы мен «Боран» повесін өлеңмен аударып, ақындық құдіретінің қаншалықты екенін танытты. Кейін Т.Жомартбаев Л.Толстойдың «Праведный судья», «Старый дед и внучек» әңгімелерін, С.Көбеев Толстойдың «Өтірікші» әңгімесін өлеңмен аударып, Шәкәрім дәстүрін жалғастырды. Ал қазақ әдебиетінде бұл дәстүр ұлы Абайдың М.Ю.Лермонтовтың «Вадим» атты романын өлеңмен аударуынан басталғанын еске саламыз. Алғашқы қазақ драма театрының ашылуы, жиын-той, әдеби сауық кештерде пьесалардың көбірек қойылуы ұлттық драматургиямен төл драмалық туындылардың пайда болуымен қоса көркем әдебиетте драмалық шығармалардың аударылуына алып келді. Ж.Аймауытов өз пьесаларынан бөлек А.С.Пушкиннен – «Тас мейман», «Сараң сері», Гогольден – «Ревизор» («Бақылаушы») пьесаларын, Ж.Құрманов М.Горькийден «Дұшпандар», Ж.Есбатыров Н.Виртаның «Үміті кесілгендердің қаскүнемдігі», Қ.Сағындықов, М.Жанғалиндер Островский пьесаларын, М.Дәулетбаев У.Шекспирдің «Гамлетін», Н.Гогольдің «Үйленуін», Қ.Тайшықов Гогольдің «Өлі жандарын», М.Әуезов Б. Пруттың «Жойқын князь Мстислав» пьесасын, сонымен қатар ішінара өзгерте аудара отырып, А.Афиногеновтін, «Қорқыныш» («Страх») пьесасын тәржімалады. Драмалық аудармалардың ішінде Ж.Аймауытов аудармаларын ерекше айтуға болады. Жүсіпбек Пушкиннен жасаған «Тас мейман» («Каменный гость») шығармасын аударуда мейлінше қазақша беруге тырысқан. «Лаура» деген қызды «Зәуре» деп, «Гитана» дегенді «Титан» деп, «музыкантты» «қобызшы» деп қазақы қалыпта береді. «Жалпы аударма сәтті шыққан, қазақ оқырманы оқи алатындай түсінікті етіп аударған»,деген пікірге біз де қосыламыз [7, 148]. ХХ ғасыр басындағы Алаш Арыстары көркем аудармадан бөлек қоғамның әр саласына қажетті ғылыми, саяи-публицистикалық т.б аударма үлгілерін жасай білді. Соның ішінде, сол кезеңдерде мектептер мен училищелердің, жоғарғы оқу орындарының ашылуы нәтижесінде көптеген оқулықтар түзіліп, оқулықтар аудармасы жасалды. Х.Досмұхамедов «Зоология», «Биология», «Гигиена», С.Асфендияров медицина ғылымына қатысты оқулықтарды, Е.Омарұлы геометрия, алгебра,Цингирдің физика оқулығын қазақшаға аударды. Ә.Бөкейханов Т.Тутковскийдың көлемі 102 беттей «Жердің қысқаша тарихы», К.Фламморионның «Астрономия әліп-биі», Д.Гровеннің «Дүниенің құрлысы» атты ғылыми еңбектерін де тәржімалаған М.Жұмабаев өзінің «Педагогика», Ж.Аймауытов «Психология», «Жантану» еңбегінде орыс, Европа ғалымдарының ғылыми еңбектерін тәржімалап, өз оқулықтарына қосты. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Әуезов М.Жиырма томдық шығармалар жинағы. Т. 14. – Алматы: Жазушы,1985. – 187 б 9

[close]

p. 10

2. Пушкин А.С. Капитан қызы. (ауд. М.Бекімов). – Алматы: Жазушы, 1968. – 125 б. 3. Тұрарбеков З. Әдебиеттер достығының дәнекері. –Алматы: Қазақстан, 1977. – 147 б. 4. Ысмағұлов Ж. Төл әдебиетімізді төркіндес мұралармен байыту үшін. Т. 2. – Астана: Фолиант, 2011. –490 б. 5. Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. – Алматы: Ғылым, 1987.– 263 б. 6. Қамзабекұлы Д.Алаштың рухани тұғыры.–Алматы:Ел- шежіре, 2008. – 357 б. 7. Қазыбек Г. Көркем аударма тәжірибесі. – Алматы: Қазақ Ұлттық Университеті, 2005. – 179 б. ӘОЖ 818.992.71 ОҢТҮСТІК АҚЫНДАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ – Ә.ОСПАНҰЛЫ Мустафаева Т.Т. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің магистранты Резюме В этой статье один из регионов Казахстана, казахской литературной науки, был одним из творческих поэтов эпохи поэтическая школа, имели место в литературной традиции высказывания. Summary In this article, one of the regions of Kazakhstan, the Kazakh literary science, was one of the poets of the era of creative poetic school, took place in the literary tradition of the utterance. Ғалым Ә.Оспанұлы бүкіл саналы ғұмырын қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуге, кемшін тұстарын толықтыруға арнады. Әсіресе Оңтүстік Қазақстанда туған, шығармашылық еткен Мәделі, Майлы бастаған біршама ақындардың әдеби мұрасын жинау, жариялау және зерттеу ісімен түбегейлі айналысты. Ол осы ақындардың әрбір жаңа табылған өлеңіне дейін мерзімді баспасөзге жариялап отырды. Ғалымның жанкештілік еңбегінің нәтижесінде осы ақындардың әдеби мұрасы жекелеген, ұжымдық жинақтарға ұласып жатты. Сонымен қатар, ғалым бұл еңбегін ғылыми зерттеу жұмысына өзек етіп, Оңтүстік Қазақстан өңірінің ақындары Мәделіқожа, Майлықожа, Құлыншақ, Мұсабек, Нұралы, Ергөбектердің шығармашылығын қарастырды. 1964 жылдың он төртінші қаңтарында «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің кейбір мәселелері (Майлықожа, Мұсабек, Нұралы ақындардың шығармалары негізінде)» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғайды [1]. Олар ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында Қаратау атырабы мен Қызылқұм, Сыр өзенінің жоғары ағысында өмір сүрген, шығармашылық еткен ақындар еді. Жалпы қазақ әдебиеттану ғылымында Қазақстанның белгілі бір өңірінде, бір дәуірде шығармашылық еткен ақындарды ақындық мектебі, әдеби дәстүрі дегендей тұтастандыра зерттеу орын алған. Бұл еңбектердің нәтижесі, түптеп келгенде, қазақ әдебиетінің тарихын, әдебиеттану ғылымын толықтыра түсетіні анық. Осындай зерттеудің бастауында қоғам қайраткері, қаламгер Халел Досмұхамедұлының Исатай-Махамбет қозғалысына, Махамбет, Шернияз, Мұрат ақындардың шығармашылығына арналған ғылыми талдаулары, «Мұрат 10

[close]

p. 11

ақынның сөздері» (Бірінші бөлім. Ташкент, 1924), «Исатай-Махамбет» (Бірінші бөлім. Ташкент, 1925), «Шернияз шешен» (Қызыл Қазақстан, 1925, №5, 79-83) жинақтау, жариялау еңбектері тұр. Ғалым Қ.Жұмалиев осы дәстүрді онан әрі жалғап, Қазақстанның батыс өлкесінде шығармашылық еткен Махамбет, Шернияз, Алмажан Азаматқызы, Шәңгерей мұраларын арнайы зерттеу, жариялау жұмыстарын жасады. Солардың қатарында ғалымның көлемді алғысөзімен жарияланған «Махамбет Өтемісов» өлеңдер жинағы (Алматы, 1958), «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» (І том, Алматы, 1958), «ХҮШ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (Алматы, 1967) сияқты еңбектерін атауға болады. Сол секілді ғалым Есмағамбет Ысмаилов та қазақ ақындары шығармашылығын мүмкіндігінше тұтас зерттеп, «Ақындар» (Алматы, 1956), «Әдебиет жайлы ойлар» (Алматы: Жазушы, 1968. -320 б.) секілді ғылыми зерттеулерін жариялады. Осы салада Абай шығармашылығын зерттеуші ғалым Қайым Мұхамедханов көп еңбек сіңірді. Ол Абай әдеби мұрасын зерттеумен қатар Абай ақындық мектебінің дәстүрін жалғаушы көптеген ақындардың шығармашылығын мұқият зерттеді, кітап етіп жариялады. Ғалымның «Абайдың ақын шәкірттері» атты әрі зерттеу, әрі шығармаларынан тұратын үш томдық кітабын ерекше атауға болады [2]. Бұл еңбектер ғалымның көптомдық шығармалар жинағының 1,2,3,4-томдарын қамтиды [3]. Қазақ әдебиетінің тарихына, өкілдеріне қатысты белгілі бір кезеңдер мен өлкелерге қатысты толымды еңбек еткен ғалымдар қатарында филология ғылымдарының кандидаты Қабиболла Сыдиықұлын айтуға болады. Ғалымның зерттеу еңбектері Қазақстанның батыс өлкесінде өмір сүрген, шығармашылық еткен ақындар әдеби мұрасын талдауға, арнайы ғылыми алғысөздер жазып жинақтар шығаруға арналады: ғалым құрастырып, баспаға әзірлеген, алғысөзін жазған ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының жырларын қамтыған «Ақберен» жинағы (Алматы: «Жазушы» баспасы, 1972). Жинақта аталған дәуірдегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Абыл Өтембетұлының әдеби мұрасы өзіндік құндылығы, ерекшелігі, көркемдік кестесі ғалым тарапынан жазылған алғысөзде талдана келіп, терме, толғаулары, айтыстары жинақталып беріледі. Ғалым талдауында Абыл ақынның «Қайыпалдыға айтқаны», «Баймағамбет сұлтанды әшкерелеуі» немесе «Заманақайым болар жер зыңыранса» деп басталатын толғауларының қайқайсысында Махамбет, Шернияздармен пікірлес келетініне назар аударады және Абылдың көне жыраулар дәстүріндегі парасатты сөз шебері екенін айтады. Оның шығармаларының «Қызыл тіл – өнер алды, білім» деп өзі айтқандай, терең тебіреністен туған көркем де қисынды, өткір де уытты боп келетінін айтады [4, 9-б]. Осы орайда, ғалым Абыл шығармашылығының ерекше бір қырына тоқталады: «Абыл жырларының қайнар көзі – халық әдебиеті мен көне жыраулар мұрасы. Мұрын жырау деректеріне қарағанда, «Қырымның қырық батырын» әуелі Сыпыра, одан кейінгі дәуірде Абыл дамыта жырлап, Қарасай, Қалнияз, Нұрымдарға ұластырған. Ал, олар арқылы Қашаған мен Ақтанға, Қазақбай мен Мұрынға, Нұрпейістерге жетеді», - деп Абылдың тек өз дәуірінің мәселесін өзек еткен терме-толғаулар жырлаумен шектелмей, 11

[close]

p. 12

көне классикалық эпикалық жырларды жырлап, кейінгі буынға жеткізуде үлкен еңбек иесі болғанын атап көрсетеді. Сол секілді Есет жырау Қараұлы, Қашаубай жырау, Қалнияз ақын, Сүгір Мырзалыұлы, Нұрым, Қашаған т.б. көптеген ақындардың әдеби мұрасы топтастырылады, талданады. Қ.Сыдиқов дайындаған бұл жинақ көлемді де толымды монографиялық еңбекке ұласады [5]. Еңбекте «Ақберен» жинағына топтастырылған ақындар мұрасы жеке-жеке зерттеу нысанына айналады. Ғалым осы бағыттағы ізденіс жұмысын Қазақстанның батыс өлкесінің ақындары шығармаларын топтастырып жинақ ету, талдау, кей ақынның жеке шығармалар жинағын көлемді ғылыми талдаумен алғысөз арқылы жариялау, зерттеу еңбектерімен жалғады [6]. Ғалым Ж.Асанов қазақ әдебиеті тарихының зерттелмей тың жатқан Ақтөбе өңірінде дүниеге келген, ХҮІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген, шығармашылық еткен, көпшілігі «ақтаңдақтар» күйінде жабылып қалған ақындар шығармаларын топтастырып, жинағын жариялады [7]. Осы жинақта жарияланған ақындардың бірі – Шекті Мөңке би Тілеуұлының әдеби мұрасын ғалым Ж.Асанов жеке ғылыми зерттеуінде талдайды [8]. Ж.Асановтың жоғарыдағы жинақта жарияланған ақындар шығармашылығын арқау еткен ғылыми еңбегі «Ырғыз, Шалқар өңірі ақындарының әдеби мұрасы. ХҮІІІ-ХІХ ғғ» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясы Түркістан қаласында 2002 жылы қорғалды. Аталып өткен жайлардан аңғарылатыны жеке ақындардың шығармашылық қалыптасуы оның туып-өскен өлкесіндегі ақындық, жыраулық мектептердің дәстүрі мен ұлағатына тығыз байланыстылығы. Қазақ әдебиетінің тарихы ғылымындағы бұл дәстүрдің сүбелі бір үлгісі ретінде ғалым әрі дәстүрлі жыршы Ұ.Байбосынованың XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басында Сыр өңірінде «Сыр сүлейлері» деген атаумен танымал болған дәстүрлі ақындық-жыраулық мектеп, шығармашы лық өкілдері Әзілкеш Шымырұлы, Ешнияз Жөнелдікұлы, Базар Оңдасұлы, Бұдабай Қабылұлы, Ерімбет Көлдейбекұлы, Оңғар Дырқайұлы, Баспан Құлымбайұлы, Тұрсынбай Салқынбайұлы, Даңмұрын Кенжебекұлы, Жүсіп Ешниязұлы, Мансұр Бекежанов, Омар Шораяқов, Молдахмет Дабылұлы, Рахмет Мәзхожаев, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Нұртуған Кенжеғұлұлы және т.б. арқау еткен «Сыр бойы ақындары шығармашылығындағы ислам тақырыбы» деген зерттеу еңбегін атауға болады. Қазақ әдебиеті тарихында әдеби мектеп, ақындық орта қалыптастырған дәстүрі заңдылықтарын танытатын Сыр сүлейлері шығармашылық өнер иелері туындылары, шығармашылық қырлары Ұ.Байбосынованың зерттеуінде жыршылық-термешілік орындаушылық өнермен тұтаса дамыған өнер дәстүрінің көрсеткіші ретінде қарастырылады. Ғалым Сыр сүлейлері ақындық поэзия өкілдерінің «жырау» атымен де аталатынын, мысалы, Базар жырау, Оңғар жырау, Тұрымбет жырау, Жиенбай жырау т.б. айтады. Бірақ бір ескерте кететін жайт, Сыр сүлейлерінің «жырау» аталуының өзіндік шығармашылық ерекшелігі - олардың жыраулар дәстүрінде шығармашылық етуі, дәстүр жалғауы болғанымен, шығармашылығы мемлекеттік қайраткерлікпен тұтаса өрілген жыраулықлық емес, көркемдік мектеп дәстүрінің жалғасы болуы. 12

[close]

p. 13

Сыр сүлейлері қазақтың фольклоры мен ауызша ақындық поэзиясын шығыстың классикалық әдебиеті дәстүрлерімен тоғыстыра дамытуы, ауызша және жазбаша ақындықты қатар ұстауы, шығармашылығында лирикалық сарындардың басым келуімен қатар олардың эпикалық дастандарының дидактикалық-философиялық сипатта жазылуына, олардың дастандарының мазмұны мен пішініне Құран кітабы, «Мың бір түн», «Тотынама», «Кәлилә мен Димнә», «Шаһнама», «Қабуснама» сынды ІІІығыс елдеріне ортақ діни, фольклорлық-мифологиялық және тарихи мұраларды сюжеттерін арқау ете жырлауына ғалым Ұ.Байбосынова ерекше мән береді. Демек, қазақ жерінің белгілі бір өлкесінде өмір сүрген, шығармашылық еткен, өздеріне ғана тән әдеби көркемдік мектеп, дәстүр қалыптастырған ақындар мұрасын кейде тұтас, кейде даралай зерттеп, жариялап қазақ әдебиетінің тарихының кемшін тұстарын толықтыру, тұтастандыру ісі қазақ әдебиеттану ғылымында осылайша жүйеленіп, зерделеніп келген. Осы күрделі әдебиеттану ісінің бел ортасында тұтастай бір өлкенің әдебиет өкілдерін бірыңғай да, даралай да қарастырған ғалым Әсілхан Оспанұлының орны ерекше. Ол «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің кейбір мәселелері (Майлықожа, Мұсабек, Нұралы ақындардың шығармалары негізінде)» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысын жасады. Жұмысқа М.О.Әуезов ғылыми жетекшілік етеді. Бұл жөнінде ғалымның өзі: «Республика Ғылым академиясының Әдебиет пен өнер институтында үш жыл ұдайы аспирант тіршілігін кешкен кезіміздің бір жарым жылдан астамы Мұқаң марқұмның жетегінде өтті», - деп еске алады. Өзінің аспирантураға түспес бұрын ғылыми ізденіс жұмысының тақырыбын көңілінде бекітіп барғанын: «... ХІХ ғасырдың екінші жарымы мен ХХ ғасырдың басында Қаратау атырабында жасаған ақында Мәделіқожа Жүсіпқожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Мұсабек (Молда Мұса) Байзақұлы, Нұралы Нысанбайұлы, Ергөбек Құттыбайұлы мұрасын зерттеуді нысана етіп барғанбыз»,- деп айтады. Бірақ осы ақындар мұрасын зерттеуде ғалым көптеген кедергілерге тап болады. Оның басты себебі төңкерістен кейін іле-шала қабылданған әдебиет пен өнерді жаңа өкіметтің ұраншысына айналдыру мақсатында Советтік Ресейде РАППтың, Қазақстанда КазАПП-тың құрылуы, әр ұлт әдебиеті мен мәдениетін таптық тұрғыда іштей екіге жіктеу саясатымен байланысты еді. «Байларды, молданы қойдай қу қамшымен» секілді жаңа өкімет ұраны қазақ халқына әлеуметтік және рухани апат әкелген еді. Байларды қойдай қуу арқылы ел әлеуетінен айырылды, аштан қырылды. Молданы қойдай қуу арқылы ел зиялы басшысынан айырылды, рухани тақсірет тартты, жолынан адасты. Жаңа өкіметтің айдауына көнді, айтқанына жүрді. Ғалым Ә.Оспанұлы зерттеу нысаны еткен ақындардың әрқайсысы кеңестік ұғыммен ойлағанда, қожа, молдалар еді. Сондай кеңестік идеология нәтижесінде ескі әдебиет туралы қалыптасқан ұғымдар мен түсініктер, кеңестік ұстаным ғалым жұмысына едәуір қиындық тудырды.Сондықтан да жетекшісі М.Әуезов шәкіртіне тақырып күрделілігін айтып, қамқор көңілмен кеңес өкіметінің көңіліне дөп келетін тақырыптар ұсынады, бірақ жас ізденуші Ә.Оспанұлы өзінің бағытынан 13

[close]

p. 14

айнымайды. Ғалым бұл сәттерді былай еске алады: «Білмейтіні болмайтын Мұқаң бұлардың да аты-жөніне қанық екен... Мұқаң өзім таңдаған ақындардың еңбегінің қайшылықты жақтары да бар екенін, ол сол тұстағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік жағдайдың қым-қиғаштығынан туындағанын жүйелеп айтып түсіндірді. Мүмкін мұндай тым күрделі тақырыптан гөрі зерттелуі зәруірек болып тұрған Ұлы Отан соғысы жылдарында туған солдат жырлары тақырыбын таңдарсың деп өз тарапынан маған қолайлырақ болады-ау деген ұсынысын айтты. Бірақ бұған мен ыңғай бере қоймаған соң, едәуір уақыт ойланып отырды да, әуелгі тақырыбымның мақұлдаушыларынан гөрі қарсыластарының көбірек болуы кәдік екенін айта келіп, бұл жолда идеялық қазықтың мықты болу қажеттігін, барды барша, жоқты жоқша айтқан жөн екенін ескертті. Мұқаңның көріпкел әулиедей боп айтқан сол бір ескертуі, арада үш-төрт жыл салып, асыл ағамыздың кенеттен мәңгілік бақи болғанынан кейін атойлап алдымнан шықты. Дер мерзімінде жазылып дайын болған диссертациялық жұмысымның дос-тілеулестерімен бірге сыншылары мен міншілері де, тіпті іске алғысыз деп білушілері де көбейді». Ғалым Ә.Оспанұлы өзі көрсеткендей қиындықтарға қарсы тұрып, Оңтүстік Қазақстан өңірі ақындарының шығармашылығын зерттеуде алған бағытынан айнымады. Ғалымның сондай табанды еңбектерінің нәтижесінде тұтастай бір өңір әдебиеті өкілдері шығармалары жиналды, жарияланды, зерттелді. Олардың мұрасы қазақ әдебиетінің антологиялық жинақтарына енді. Қазақ әдебиетінің тарихынан өздерінің лайықты орындарын алды. Яғни олардың еңбектерін әдебиет тарихының алтын қорына енгізуде жауапкершілігі мол, еңбекқор ғалым Ә.Оспанұлы - қарсылықтар мен қиындықтарға қасқая тұрып бас тартпаған қажыр-қайратты азамат болып табылады. Майлықожа, Мұсабек, Нұралы шығармалары 1960 жылдардан бастап мерзімді басылымдарда жарық көрді. Облыстық «Оңтүстік Қазақстан», республикалық «Қазақ әдебиеті», қалалық «Шымкент келбеті», аудандық «Ордабасы оттары», «Қызылқұм», «Отырар алқабы», «Сарыағаш» газеттерінде 2005 жылға дейін ақынның шығармалары, өміріне қатысты деректер үздіксіз жарияланып келді. Бұл еңбектің барлығы ғалым Ә.Оспанұлымен атқарылды. Сондай жұмыстар қатарында Қазақ КСР Ғылым Академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасы ұжымы тарапынан даярланып басылып шыққан «XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962 жылы) жинағына Майлықожаның бірнеше толғаулары мен термелерінің, өлеңдерінің, «XХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары» (1963 жылы) жинағына Мұсабек (Молда Мұса) Байзақұлының бірнеше өлеңдері мен мысалдары, Манат қызбен айтысының енуі еді. Ұжымдық жинаққа басшылық еткен және ғалым Ә.Оспанұлының қарсыласы көп болған ғылыми еңбегін қорғап, қатты қолдау көрсеткен профессор Ы.Дүйсенбаев: «Аспирант Ә.Оспанұлының зерттеуі әдебиетіміздің тарихында тың жатқан тақырыпты қозғауға арналған. Қазақстан күнгейінде, Қаратау атырабы мен Сыр бойында зерттелуін, әдебиет тарихына енгізілуін күтіп жатқан көптеген ақындар болатын. Егінші ел жағдайында өмір 14

[close]

p. 15

сүрген Майлықожа көрнекті лирик, эпик және айтыскер ақын болғанын көреміз. Ақын көзқарасындағы көлеңкелі жақтарда – діншілдік, қазақ халқының Россияға қосылуының прогрестік мән-маңызын ұғынбауы жеріне жеткізе айтылған. Сонымен бірге Мәделіқожа, Құлыншақ, Мұсабек, Нұралы ақындарға да дұрыс баға берілген. Әсіресе Мұсабек пен Манат қыз айтысы жөнінде келтірілген деректер дәлелді. Әсілхан істеген тағы бір тиімді іс – Майлықожа, Мұсабек шығармаларының институт шығарып жатқан жинақтарға енгізілуі. «XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» жинағында жарияланған Майлықожа өлеңдері жөнінде жұрт жоғары пікірде жүр». Ә.Оспанұлы өзінің зерттеу тақырыбына бірыңғай қарсылық емес І.Кеңесбаев, Б.Кенжебаев, З.Ахметов бастаған біршама ғалымдар тарапынан қолдау да тапқанын естелігінде айтып кеткен. 1965 жылы «Жазушы» баспасынан қазақ ақындарының шығармалары «Үш ғасыр жырлайды» деген атпен жарыққа шығады. Жинаққа Майлықожа мен Молда Мұса шығармалары енгізіледі. Осы еңбекті құрастырып, алғы сөзін жазған ғалым Ы.Дүйсенбаев әдеби жәдігерлерімізді жинап зерттеуде мұра біткеннің бәріне күдіктене қараудың салдарынан талай ақындардың шығармаларының шетке ысырылып жүргендігін ескерте келіп: «Алайда соңғы жылдарда қазақ әдебиетінің көп томдардан құралатын тарихын жазып аяқтау себепті ұзақ жылдар бойы тың қалпында қозғалмай жатқан Оңтүстік өлкесі мен Сыр бойының ақын, жыраулары да қолға алына бастады. Олар: Мәделі қожа, Құлыншақ, Нұралы, Майлы қожа, Базар жырау, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет, Молда Мұса т.б.» -деген пікірінде ғалым Әсілхан Оспанұлының зерттеу жұмыстары мен осы жинақтарға Майлықожа мен Молда Мұса шығармаларын жинап, даярлап, жалпы оңтүстік өлкесі ақындары мұрасын назарға алып отырғаны аңғарылады. Жоғарыда айтылып өткен жинақтарға Майлықожа, Молда Мұса шығармаларын енгізген ғалым Ә.Оспанұлы енді олардың жеке шығармалар жинағын кітап етіп бастыру ісімен де шұғылданды. Оның осындай еңбектерінің нәтижесі ретінде жеке кітап болып басылып шыққан Майлықожа, Молда Мұса мұраларын айтуға болады. Ғалым Әсілхан Оспанұлының ғылыми өмiр жолын ғaлым мен ғылым үндестiгi ретінде бағалаған ұрпақтары оның ғылыми еңбектерін «ғылыми зерттеулер, мақалалар, естеліктер, хаттар, библиография» етіп жүйелеп, «Мұрагер. Оспанұлы Ә.» деген атпен «Атамұра» баспасынан 2008 жылы 536 беттік көлемде кітап етіп бастырып шығарды. Пайдаланылған әдебиеттер 1 Оспанулы А. Некоторые вопросы изучения истории казахской литературы второй половины ХІХ века: автореф.канд.филол.наук. - Алма-Ата, 1963. – 23 с. 2 Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 1-том. –Алматы: «Дәуір», 1993. -330 б.; Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 2-том. –Алматы: «Дәуір», 1994. -336 б.; Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 3-том. –Алматы: «Дәуір», 1995. -320 б. 3 Қайым Мұхамедханов. Көптомдық шығармалар жинағы. –Алматы: «Алаш», 2005 4 Сыдиқов Қ. Ақберен. –Алматы: «Жазушы» баспасы, 1972. -225 б 5 Сыдиқов Қ. Ақын-жыраулар. –Алматы: «Ғылым» баспасы, 1974. -240 б. 15

[close]

Comments

no comments yet