Тәуелсіздік шежіресі

 

Embed or link this publication

Description

Тәуелсіздік, БҚАТУ, ЗКАТУ, СХИ, Қазақстан Республикасы, 25 жыл

Popular Pages


p. 1



[close]

p. 2

1991 жыл • 1991 жыл 19 наурыз – Қазақ ССР Президентінің Жарлығы бойынша Республикамызда наурыздың 22-сі халықаралық мереке – Наурыз мейрамы болып жарияланды. • 1991 жыл 24 тамыз Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ағымдағы жағдайды бағалау жəне Республика егемендігін нығайту шаралары туралы» Қаулы қабылданды. • 1991 жыл 29 тамыз Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына қол қойылды. Қазақ жерінде 40 жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте қойылды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мəлім тарихи фактіге жəне біздің ұлттық мақтанышымыздың мəніне айналды. • 1991 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады. • 1991 жыл Қазақстанда тамыз-қазан айларында Президенттің жарлығымен мынадай қайта құрулар болды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, əділет жəне сот органдары бөлінді. Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Одаққа бағынышты кəсіпорындардың Қазақ КСР үкіметінің қарамағына түбегейлі өтіп, республикада алтын қоры мен Алмас қоры, т.б. құрылды. • 1991 жыл 2 қазан Əубəкіров Тоқтар Оңғарбайұлы - қазақтың тұңғыш ғарышкері Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. • 1991 жыл 16 қазан-Қазақ КСР-інің Президентін сайлау туралы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы қабылданды. • 1991 жыл 1 желтоқсан-Қазақ КСР-інің Президентін сайлау өтті. Сайлау нəтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78% дауысын жинаған Н.Ə.Назарбаев Республика Президенті болып сайланды. • 1991 жыл 10 желтоқсан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылданды. Осы заңға сəйкес жаңа құрылған тəуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды. • 1991 жыл 16 желтоқсан күні - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қазақстанның бұл қабылданған Заңы бұрынғы КСРО елдерінің ішінде ең соңғы заңы болып табылады. Осы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі жарияланды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тəуелсіздігін жариялады. Осылайша əлем картасындаТəуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев сайланды. • 1991 жыл 12 желтоқсан күні - «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды. • 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі. • 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. • Қазақстанды басқару тағы да бұрынғы əдіс бойынша шешілген еді. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады. • Желтоқсанның 17 ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға жастар жиналды. Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты. • Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП ОК қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын түсірмеуге зор үлес қосып келеді.

[close]

p. 3

• 1991 жыл 20 желтоқсан «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы қабылданды. • 1991 жыл 21 желтоқсан Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамына енген он бір тəуелсіз мемлекет басшылары Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы Алматы Декларациясына қол қойды. Сөйтіп, ТМД-на мемлекеттік тəуелсіздік, тең құқылық жəне егемендік қағидаттарымен кіру туралы шешім қабылданды. 1992 жыл • 1992 жыл 10 қаңтар «Қазақстан Республикасында ішкі əскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып, мемлекеттің тəуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер əскері құрылды. • 1992 жыл 7 мамыр «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» №745 Жарлығымен өзінің дербес құрылымы, басқару мен қаржыландыру тəртібі бар республиканың Қарулы Күштер құрылысының негізі салынды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес Президент Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы болып табылады. • 1992 жыл 15 қаңтар «Діни сенім бостандығы жəне діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды • 1992 жыл 30 қаңтар Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына кірді. Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде бірінше болып 56 мүше елді біріктірген мемлекетаралық беделді ұйым Еуропа қауіпсіздігі жəне ынтымақтастығы ұйымына 2010 жылы төрағалық ету мүмкіндігіне ие болды. • 1992 жыл 18 ақпан Қазақстан балаларының мейірімділік қоры «Бөбек» дүниеге келді. • 1992 жыл Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті. • 1992 жыл 2 наурыз Қазақстан БҰҰ-на мүше болып, оның халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект сапасында ықпалдасуы басталды. 1991-1994 жылдар аралығында əлемнің 111 елі ҚР таныса, 92 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. • 1992 жыл 8 мамыр ҚР-ның дербес Қарулы күштері құрылды. • 1992 жыл 15 мамыр ТМД-ның 6 мемлекетінің (Армения, Қазақстан,Қырғызстан, Ресей, Тəжікстан, Өзбекстан) мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды. • 1992 жыл 22 мамыр Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді. • 1992 жыл 22 мамыр Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев жəне мемлекет басшылары Стратегиялық шабуыл қару-жарағы (СШҚ-1) туралы зымырандық-ядролық қаруды таратпау жəне бірте-бірте бөлшектеп, шығарып тастау туралы Лиссабон хаттамасына ядролық қарудан арылу міндеттемесін алды. Өз аумағын ядролық қарусыз аймақ деп жариялады. • 1992 жыл 4 маусым Қазақстан Республикасының тəуелсіздігі мен ұлттық сипатын жаңа мемлекеттік рəміздер бейнелейді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» жəне «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік əнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдар күшіне енді. 11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік əнұранының мəтіні туралы» заң қабылданды. • 1992 жыл қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Екі елде өз елшіліктері ашылды.      

[close]

p. 4

1993 жыл • 1993 жыл қаңтар Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. • 1993 жыл 25 ақпан Президент Жарлығымен Т.О.Əубəкіров Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры болып тағайындалды • 1993 жыл 26 ақпан республика аймағының тұтастығын, біркелкілігін, өзгешелігін дəлелдейтін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы өз күшіне енді. Қазақстан - əлемде аумағы жағынан 9-орынды иеленетін ірі мемлекет. Шекарасының ұзындығы шамамен 14 мың шақырым. Мемлекеттілікті құруға кіріскенде, ең алдымен мемлекеттік шекараны рəсімдеу мəселесіназарға ілікті. Бұл біріншіден, ҚХРсымен ұзындығы 1700 шақырымға созылған шекараға қатысты еді. 1994 жылы Қазақстан мен Қытай шекара сызығына қатысты ірі келісімдерге қол қойылды, Орта азиялық көршілеріміз Өзбекстан, Қырғызстан жəне Түркменстанмен екі жақты келіссөздердің барысында барлық мəселелер шешілді. Ресей мен Қазақстан арасындағы ұзындығы 7591 шақырым болатын заңды түрде рəсімделген шекараға иеміз. • 1993 жыл 31 мамыр – Президент Н.А.Назарбаев «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша кезінде кертартпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы мен тəуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, бəзбіреулердің өктем саясатымен жасалған тарихтың қателігі түзелді. • 1993 жыл наурыз айы Қызылордада «Арал - ғасыр қасіреті» атты халықаралық конференция қатысушылары мемлекет басшылары атынан Біріккен Ұлттар Ұйымына үндеу жолдады. Халықаралық Арал қорын құру жөнінде келісімге келді. Азиядағы ірі мемлекеттерді Аралды қорғау қозғалысына атсалысуға шақырған үндеу қабылданды. Аралды қорғау Халықаралық қорының төрағасы болып Н.Ə.Назарбаев сайланды. • 1993 жыл 29 қыркүйек – Венада өткен МАГАТЭ бас конференциясының 37-ші тұрақты сессиясы Қазақстанды осы халықаралық ұйымға мүше етіп қабылдады. • 1993 жыл 5 қараша «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. • 1993 жыл 3 желтоқсан – Бішкекте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаевқа халықаралық «Жыл адамы» сыйлығының алтын медалі мен дипломы салтанатты жағдайда тапсырылды. • 1993 жыл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын тағайындады. Осы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды. 1994 жыл • 1994 жыл 16 ақпан Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды. • 1994 жыл наурыз айында Ата Заң негізінде алғаш рет парламенттік сайлау өткізілді. • 1994 жыл 27 мамыр Қазақстан рамалы құжатқа қол қойып, НАТО-ның «Бейбітшілікке арналған серіктестік» бағдарламасының 19-шы қатысушы мемлекеті болды. • 1994 жыл 30 маусым – Байқоңыр айлағынан қазақтың ғарышкер ұлы Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.

[close]

p. 5

• 1994 жыл 6 шілде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. • 1994 жыл 22 қазан – Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ə. Назарбаевтың Жарлығымен Тоқтар Əубəкіровке «Қазақстанның ғарышкер – ұшқышы» атағы берілді. • 1994 жыл 5 желтоқсан Будапештте Ұлыбритания, Ресей жəне Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды. • 1994 жыл 7 желтоқсан мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Қазақстанда көп балалы аналар үшін «Алтын алқа» жəне «Күміс алқа» наградалары заңды түрде берілетін болды. «Алтын алқа» – сегіз жəне одан көбірек бала тауып, тəрбиелеп өсірген ардақты аналарға Үкімет қолымен тапсырылатын халық сыйы. Ал «Күміс алқамен» өз ғұмырында алты-жеті баланы жарық дүниеге əкеліп, ер жеткізген аяулы аналар наградталады. 1995 жыл • 1995 жыл 1 қаңтар – Қазақстан Республикасы халқын куəліктер мен паспорттармен құжаттандыру басталды. • 1995 жыл - Абай жылы деп жарияланды. • 1995 жыл 12 қаңтар Президент Жарлығымен қазақ ғарышкерлері Т.О.Əубəкіровке, Т.А.Мұсабековқа, Ресей ғарышкері Ю.И.Меленченкоға -«Халық Қаһарманы» атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі - «Алтын Жұлдыз» тапсырылды. Т.А.Мұсабековқа, Ю.И.Меленченкоға «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» құрметті атағы берілді. • 1995 жыл 23 ақпан – Лондонда Абай үйі ашылды. • 1995 жыл 1 наурыз мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган - Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты - қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды. • 1995 жыл 24 наурыз Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мəселелер: Президент Н.Ə.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. • 1995 жыл 29 сəуірде өткізілген бүкілхалықтық референдумда сайлаушылардың 95,4% Президент өкілеттілігінің мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуды жақтап дауыс берді. • 1995 жыл 26 мамыр Қазақстан аумағынан ядролық қарудың соңғысы шығарылды. • 1995 жыл 3 шілде Президент Н.Ə.Назарбаевтың «Алматы қаласында Тəуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы шықты. • 1995 жыл 30 тамыз Конституциялық өзгерістер процесі аяқталып, қазіргі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданды. • 1995 жыл 15 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Астанасы туралы» Жарлығы шықты. 1996 жыл • 1996 жыл - ұлы ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың жылы деп жарияланды. • 1996 жыл 25 мамыр Қазақстан Республикасы жəне Ресей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық жəне өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тəртібі туралы келісімге қол қойды.

[close]

p. 6

• 1996 жыл 23 қаңтар – Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Жарлығы шықты. Осы Жарлық бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы жəне Əнұраны бекітілді. • 1996 жыл 2 сəуір – Тəуелсіздік қолға тигелі күн тəртібінен түспей келе жатқан мəселе бойынша ресми тоқтам жасалды: Елбасының Жарлығымен ұлты қазақ азаматтардың тегі мен əкесінің атын жазуға байланысты мəселелерді шешу тəртібі белгіленді. Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен əкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тəн емес аффиксті (кəдімгі «ов» пен «ова» айтылып тұр) алып тастай отырып, өзгертуге қақылы, алайда тегі мен əкесінің атының түбірлік негізі сақталуға тиіс. Бұл ретте əкесінің атын жазған кезде оған азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері қосылып бірге жазылады • 1996 жыл 23 сəуір – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабының таныстырылымы болып өтті. • 1996 жыл 30 қыркүйек Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу (ЯСЖТ) шартына қосылды. • 1996 жыл 1 мамыр – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Жарлығына сəйкес 1996 жылдан бастап 1 мамыр мейрамы «Қазақстан халқының бірлігі күні» болып бекітілді. • 1996 жыл 14 тамыз – Президент Н.Ə.Назарбаев Атлантада өткен ХХVІ Жазғы олимпиадалық ойындарда Қазақстандық спортсмендер атылмыш додаға тұңғыш рет қатысқандарына қарамастан, айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Еліміздің көк байрағы Атланта аспанында 11 мəрте желбіреді. Қазақстандық спортшылар 3 алтын, 4 күміс жəне 4 қола медальды жеңіп алып, ресми емес қомандалық есепте 197 елдің ішінен 24 орынға табан тіреді. • 1996 жыл 9 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары кезінде Республиканың бостандығымен тəуелсіздігі жолында көрсеткен азаматтық ерлігі үшін Алматы сəулет-құрылыс институтының бұрынғы студенті Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке жоғары ерекшелік белгісі – «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын Жұлдыз тапсырылсын деген Жарлығы шықты. • 1996 жыл Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тəуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тəуелсіздік монументі» ашылды. Авторлары: архит. Ш.Уалиханов (топ жетекшісі, мүсіншілер: Н.Далбай, Ə.Жұмабав, сəулетшілер Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев т.б). • 1996 жыл 28 желтоқсан – Жаңа Астанада тұңғыш рет «Президент шыршасы» деген атпен белгілі болған балғындардың дəстүрлі мерекесі өткізілді. • 1996 жыл 30 желтоқсан – «1997 жылды Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. 1997 жыл • 1997 жыл 11 шілде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды. • 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Əкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Əкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сəуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар. • 1997 жыл 31 мамыр – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Өкімімен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілді.

[close]

p. 7

• 1997 жыл 20 қазан «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» №3700 Жарлығына сəйкес, Ақмола қаласы ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан астана болып саналады. 1998 жылдың 10 маусымы - астананың тұсаукесер күні ретінде белгіленді. • 1997 жыл 28 маусым – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен Бұқаралық ақпарат құралдарында демократиялық дəстүрлердi дамыту мақсатында 28 маусым Баспасөз қызметкерлерiнiң күнi деп жарияланды. • 1997 жыл 10 қазан Президент Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі жəне сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, əлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы жəне стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. • 1997 жыл 25 қазан – Алматыда, Парламент үйі алдындағы саябақта, қазақтың қос батыр қыздары Əлия мен Мəншүкке арналған ескерткіш ашылды. • 1997 жыл 13 қараша – Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге енгізілген күн – 15 қараша Теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кəсіби мерекесі болып жарияланды. • 1997 жыл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланды. 1998 жыл • 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланды. • 1998 жыл 20 қаңтар – Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының кəсіби мерекелері мен атаулы күндері бекітілді: Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске түсіру күні – 31 мамыр, баспасөз күні – 28 маусым, спорт күні – 13 тамыз, білім күні – 1 қыркүйек, Қазақстан Республикасының тілдері күні – 22 қыркүйек, ұлттық валюта күні – 15 қараша. • 1998 жыл 21 қаңтар – ҚР Президенті Н.Назарбаев Мəскеуде «Төртеудің шартына» (Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь жəне Ресей) қатысушы елдердің көшбасшыларының кездесуіне қатысты. Кездесу барысында бірыңғай кеден кеңістігін құру туралы Қазақстан көшбасшысының бастамасы қолдау тапты. • 1998 жыл 29 қаңтар – «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халық қаһарманы ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев басқарған халықаралық экипаж ғарышқа аттанды. • 1998 жыл 6 мамыр Ақмола қаласының жұртшылығының тілегі ескеріліп, ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Ақмола атауын Астана қаласы деп өзгерту туралы Президент Жарлығы шықты. • 1998 жыл 1 маусым - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Əуе қорғанысы күштері құрылды. • 1998 жыл 8 маусым – Астанада қазақтың үш ұлы данагөйі – Төле биге, Қазыбек биге, Əйтеке биге орнатылған ескерткіш-монумент ашылды. • 1998 жыл 10 маусым тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, астана күні тойланды. • 1998 жыл 6 шілде ХХІ ғасырға бағытталған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мəңгілік достастық пен одақтастық туралы Декларацияға қол қойылды. • 1998 жыл 3 желтоқсан – Тұңғыш рет қазақ қызы «Əлем əртісі» атанды. Айман Мұсақожаеваға ЮНЕСКО-ның президенті Ф.Майор «Əлем əртісі» сыйлығын өз қолымен

[close]

p. 8

табыс етті. Айман – Еуропа жəне Азия музыкасын жалғастыру арқылы мұндай құрметке жеткен бірінші қазақ қызы. • 1998 жыл 15 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевқа Астана қаласы елордасы ретінде қайта салуға, қалыптасуына жəне перспективалық дамуына қосқан зор үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. • 1998 жыл 28 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевқа «Түркі дүниесі халықтарының арасындағы қарым-қатынасты өркендетуге қосқан үлесі үшін» мəртебелі сыйлығы тапсырылды. • 1998 жыл 30 желтоқсан – Қазақстан халқының бірлігін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев 1999 жылды «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жариялады. 1999 жыл • 1999 жыл - Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы жылыдеп аталды. • 1999 жыл 10 қаңтар - өткізілген мерзімінен бұрын болған президенттік сайлауға қатысқан дауыс берушілердің 79,78 %-ы Н.Ə.Назарбаевты қолдады. • 1999 жыл 20 қаңтар – Астанада Конгресс-Хол сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың қызметке кірісу жөніндегі ант беру рəсімі болды. • "НҰР ОТАН" Республикалық саяси партиясы 1999 жылғы қаңтарда құрылды, ал сол жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде тіркелді. Төраға Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында, Астана жəне Алматы қалаларында "НҰР ОТАН" филиалдары бар. Басты мақсаттары ретінде партия қоғамды одан əрі демократияландыруға бағытталған экономикалық жəне саяси реформалардың жүзеге асуына белсенді түрде жəрдемдесу; азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру; əлеуметтік əділеттілікті бекіту жəне елдегі тұрақтылықты сақтау; ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімді нығайту; азаматтардың отансүйгіштік сезімі мен Қазақстан Республикасының жан-жақты жəне үйлесімді дамуы үшін жауапкершілігін тəрбиелеу деп жариялады. • 1999 жыл 25 ақпан – Тəуелсіздіктен кейін алғаш рет ұлттық халық санағы өтті. • 1999 жыл 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «Р.Қошқарбаевқа жоғары ерекшелік белгісі – Халық қаһарманы атағын беру туралы» Жарлыққа қол қойды. • 1999 жыл шілде айында Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Əлем қаласы» сыйлығымен марапатталды. • 1999 жыл 24 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Президенті халыққа «Жаңа жүзжылдықтағы тұрақтылық пен ел қауіпсіздігі» атты Жолдауын жариялады. • 1999 жыл 28 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен 2000 жыл – Мəдениетті қолдау жылы болып жарияланды. 2000 жыл • 2000 жыл - «Мəдениетті қолдау жылы» деп аталды. • 2000 жыл Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды. • 2000 жыл 16 ақпан – Н.Назарбаевқа «Ғасыр саңлағы» медалі тапсырылды. Бұл таңдау еліміздің маңдай алды қайраткерлерінен құрылған ерікті қоғамдық кеңестің шешімі бойынша жасалды.

[close]

p. 9

• 2000 жыл17 ақпан – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан əрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шықты. • 2000 жыл 8 сəуір – Бакуде түркі тілдес мемлекеттердің – Əзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы – IV саммиті өтті. Достық жəне өзара пайдалы ынтымақтастықты тереңдету туралы келісімге қол жеткізілді. • 2000 жыл 23 мамыр – «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығы шықты. • 2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды. • 2000 жыл 20 шілде – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы Конституциялық Заң қабылданды. • 2000 жыл 28 қыркүйек – Сидней Олимпиадасында 100 метрге кедергімен жүгіруде желаяқ спортшы Ольга Шишигина алтын медаль иеленді. Сонымен қатар боксшылар Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбырайымов Қазақстан қоржынын тағы екі алтын медальмен толықтырды. • 2000 жыл 10 қазан Астанада ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың төрағалық етуімен Кедендік одаққа қатысушы елдер - Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей жəне Тəжікстан Мемлекетаралық кеңесінің кезекті мəжілісі болды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды. • 2000 жыл 22 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен Тұңғыш Президент Қоры құрылды. • 2000 жыл 25 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен 2001 жыл – Қазақстан Республикасы тəуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жарияланды. • Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мəдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мəдениет орталығы құрылды. 2001 жыл • 2001 жыл ХХІ ғасыр бастамасы. 2001 жыл - осы жаңа ғасыр тұсында Қазақстан Республикасының тəуелсіздігіне 10 жыл толды. • 2001-2010 жылдары - Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы жəне Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлығы» ұлттық мəдени жобасы іске асырылды. • 2001 жыл 14 маусым «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» құрылды. • 2001 жыл 7 қыркүйек Ақтау қаласында, Қазақстан жастарының 1-ші Конгресі өтті. • 2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы басталды. Əуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды. • 2001 жыл ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мəдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала - Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған. • 2001 жыл 18 мамыр астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі орнатылып, Қазақстан Республикасы

[close]

p. 10

тəуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. 2002 жыл • 2002 жыл - «Денсаулық жылы» деп жарияланды. • 2002 жыл 4 маусым Алматы қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) Саммиті өтті. • 2002 жыл 25-26 қыркүйек - Ежелгі Тараз қаласының көптен күткен 2000 жылдық мерей той мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. • 2002 жыл 23-24 қараша Түркістан қаласында қазақтардың Екінші Бүкілəлемдік құрылтайы өтті. • 2002 жыл 24-26 қараша-Екінші Еуразиялық Медия Форум өтті (Алматы қаласында). • 2002 жыл Евразияның кіндігі - Астананың төрінде, сулы жасыл-желекті бульвар орталығынан - шыңына алтын шарды көтерген күміс түсті жарқыраған мұнара «Бəйтерек» монументі пайда болды. Ол көкке ұмтылған Астананың символына айналды. Н.Ə.Назарбаев жасаған сызба-нұсқаның жобасы негізінде тұрғызылған «Бəйтерек» халықаралық байқауда ТМД елдеріндегі 2002 ж. ең үздік нысаны ретінде алтын медальға лайық деп танылды. Оның биіктігі 97 метр. 2003 жыл • 2003-2005 жылдары - «Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды. • 2003 жыл 12 ақпан – Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабын таныстыру рəсімі өтті. • 2003 жыл 13 ақпан – Қазақстан Президентінің бастамасымен шақырылған бірінші халықаралық Бейбітшілік пен татулық конференциясы өтті. • 2003 жыл 19 ақпан – Мəскеуде Еуразия экономикалық қоғамдастығының бірінші экономикалық форумы ашылды. Оған ЕурАзЭҚ елдері Мемлекетаралық кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев қатысты. • 2003 жыл 23 ақпан – Беларусь, Қазақстан, Ресей мен Украинаның президенттері біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы мəлімдемеге қол қойды. • 2003 жылы берілген ойын-суық кешен-аквариум «Думан» дүниежүзілік мұхиттың ең шалғайдағы бөлшегі іспеттес Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. • 2003 жыл 23-24 қыркүйек Астана қаласында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды. • 2003 жыл 8 қараша – Сингапурде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағылшын тілінде басылған «Сындарлы он жыл» кітабының тұсаукесері болды. • 2003 жыл 24 қараша – Берлинде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың неміс тілінде басылған «Сындарлы он жыл» кітабының тұсаукесері өтті. • 2003 жылыБейбітшілік жəне келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік жəне келісім сарайы - ұлтаралық жəне конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тəрізді.

[close]

p. 11

2004 жыл • 2004 жыл - Ресейдің Қазақстандағы жылы. • 2004 жыл 13 қаңтар – Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен «Мəдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасы бекітілді. • 2004 жыл 4 наурыз – Елімізде тұңғыш рет табиғатымыз бен тарихымызды ұштастыра жазылған Қазақстанның географиялық атласы жарыққа шықты. • 2004 жыл 22 сəуір – Алматыда үшінші Еуразиялық Медиа Форум ресми түрде ашылды. • 2004 жыл 21 мамыр – ҚР статистика жөніндегі Агенттігі Қазақстанның 15 миллионыншы тұрғынын нақты анықтады. • 2004 жыл 18 маусым – Қазақстанда «Еуразиялық интеграция: осы заманғы даму үрдістері мен жаһандану талаптары» халықаралық форумы өтті. • 2004 жыл 23 қыркүйек – Елбасы Н.Ə.Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Афинада өткен XXVIII Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін қабылдап, мемлекеттік наградалармен марапаттады. Б.Артаев І дəрежелі «Барыс» орденімен, Г.Головкин, Г.Лалиев, С.Филимонов, Г.Цурцумия «Құрмет» орденімен марапатталды. Олимпиаданың қола жүлдегерлері «Ерен еңбегі үшін» медалімен аталып, жүлдегерлердің жаттықтырушыларына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. • 2004 жыл 16 желтоқсан – Жамбыл облысында Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевқа «Жыл адамы» құрметті атағы берілді. • 2004 жыл 24 желтоқсан – Астанада еліміздің басты ғимараты – «Ақорда», яғни Президент резиденциясының ашылу салтанаты болды. • 2004 жыл 31 желтоқсан – Қазақстанның тарихын, мəдениеті мен өнерін насихаттайтын ағылшын тіліндегі «World Discovery Kazakhstan» журналы жарыққа шықты. • 2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары бар. 2005 жыл • 2005 жыл 10 қаңтар – Қазақ сəулетшілері мен дизайнерлерінің қауымдастығы құрылды. • 2005 жыл 18 ақпан – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне жедел жаңару жолында» Жолдауын жариялады. • 2005 жыл 21 сəуір – Алматыда төртінші Еуразиялық медиа-форум өз жұмысын бастады. • 2005 жыл 30 сəуір – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Жарлыққа қол қойды. • 2005 жылы 2 маусымда Байқоңырдың 50 жылдығы аталып өтті. • 2005 жыл 9 маусым – ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» атты еңбегі жарық көрді. • 2005 жылдың 5 шілдесінде Астанада өткен Мемлекет басшыларының саммитінде астана декларациясына қол қойылып, антитеррорлық сипаттағы негізгі құжаттар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық тұжырымдамасы, ережесі бекітілді. • 2005 жыл 8 шілде – Астанада «ХХІ ғасыр: Əлем саясаткерлері Н.Ə.Назарбаев туралы» кітаптың таныстырылымы болды. • 2005 жыл 10 қыркүйек – Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ашылды.

[close]

p. 12

• 2005 жыл 12 қыркүйек – Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен екінші Азаматтық форум жұмысын бастады. • 2005 жыл 24 қараша – Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІ сессиясы болып өтті. • 2005 жыл 4 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 65-бабына сəйкес, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. • 2005 жыл 23 желтоқсан – Президент мəдениет орталығында Қазақстан Президенті туралы жазылған «Ақ Орда» атты кітаптың таныстырылымы болды. • 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. • 2005 жылы Кеңестер Одағының Батыры Əлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойы аясында Ақтөбе қаласында ескерткіш бой көтерді. Авторлары - мүсіншілер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бақытжан Əбішев жəне Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сергебаев. 2006 жыл • 2006 жыл 5 қаңтар – Кувейтте 2011 жылы қысқы Азиялық ойындар Қазақстанда өтетіні жарияланды. • 2006 жыл 11 қаңтар – Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевты ұлықтаудың салтанатты рəсімі болып, мемлекет басшысы жаңа жеті жылдық қызмет мерзіміне ресми түрде кірісті. Қазақстан Президентін ұлықтау рəсіміне қатысу үшін Астанаға əлемнің 70-тен аса елінен өкілдер келді. • 2006 жыл қаңтар айыында республиканың жаңа əнұраны қабылданды. Əнұран негізіне композитор Ш.Қалдаяқовтың (сөзі Ж.Нəжімеденовтың) 1950 жыдары жазылған «Менің Қазақстаным» əні алынды. Қолданыстағы əнұранның заңды авторларының бірі Н.Ə.Назарбаев. • 2006 жыл 22 ақпан – Астанада əйелдердің бірінші Еуразиялық саммиті болды. • 2006 жыл 1 наурыз – ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаев «Қазақстанның əлемдегi бəсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы» атты тақырыбында Қазақстан халқына Жолдауын жария етті. • 2006 жыл 1 қыркүйек – Астанада Бейбітшілік жəне келісім сарайы ашылды. • 2006 жыл 11 қыркүйек – Семейде Орталық Азияның бес елі – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан мен Түркіменстан Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қойды. • 2006 жыл 12 қыркүйек – Астана қаласында Бейбітшілік жəне келісім сарайында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі өтті. • 2006 жыл 18 қыркүйек–Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған «Тəуелсіздік таңы» мемориалының салтанатты ашылуы болды. • 2006 жылы академик Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. Ақтөбеде Ғ.Жұбанова атындағы филармония алдында А.Жұбановтың ескерткіші қойылды. Авторы - мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сіргебаев. • 2006 жылы Қазақстан Республикасының тəуелсіздігіне 15 жыл толды. • 2006 жылы - Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.

[close]

p. 13

2007 жыл • 2007 жыл «Қазақ тілін қолдау» жылы деп жарияланды. • 2007 жыл 21 мамыр Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сəйкес, бұрынғы консультативтік-кеңесші орган - Қазақстан халықтары Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясы деген жаңа атау берілді. • «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сəйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рəміздер күні ретінде мерекеленеді. • 2007 жыл 13 шілде–ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақ КСР Министрлер кеңесінің жанындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылды. • Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. • 2007 жылы қазан айында - 2008-2010 жылдарына арналған «Жасыл ел» бағдарламасы бекітілді. • Қазақстан Республикасында техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды • 2007 жыл 21 қараша – ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев Словакия Республикасының Ідəрежелі «Қос ақ крест» орденімен марапатталды. • 2007 жыл 30 қараша – Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымның 2010 жылы төрағасы болып сайланды. • 2007 жылы «Қобыланды батыр» кешені салынды. Авторы - ҚР еңбек сіңірген сəулетшісі Бек Ыбыраев. • 2007 жылы Ауғанстандағы соғыста шейіт болған интернационал жауынгерлерге арналған «Қақ жарылған құлпытас» атты ескерткіш орнатылды. Авторы - Ж.Кенбаев. 2008 жыл • 2008 жылы Астананың сол жағалауындағы əсем де зəулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы - Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр. • 2008 жыл 22 сəуір – Алматы қаласында VІІ Еуразиялық медиа-форумыашылды. • «Самрұқ-қазына» ұлттық əл-ауқат қоры Қазақстан Республикасының «Қазына» тұрақты даму қоры мен «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару холдингінің бірігуі туралы ҚР Президентінің Жарлығымен 2008 жылы 13 қазан айында құрылды. Қор қызметінің басты мақсаты мемлекеттік даму институттарын тиімді корпоративтік басқару жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларындағы инфестициялық жəне инновациялық белсенділікті арттыру мен ынталандыру болып табылады. Қор Директорларының Кеңесін Премьер-Министр басқарады. • 2008 жыл 25 маусым – «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының заңына толықтыру енгізілді. Толықтыру негізінде «6 шілде – Астана күні» болып бекітілді. • 2008 жыл 2 шілде–Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды. • 2008 жыл 8 шілде – ЮНЕСКО-ның Бүкілəлемдік мұра комитетінің 32-сессиясында «Сарыарқа – Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері» аумағын ЮНЕСКО-ның Бүкілəлемдік мұра тізіміне қабылдау туралы шешім қабылданды. Аталмыш аумақ құрамына облысымыздағы Қорғалжың мемлекеттік табиғат қорығы мен Қостанай

[close]

p. 14

облысындағы Наурызым мемлекеттік табиғат қорығы кіреді. Екі қорық та аталмыш тізімге енгізілген Орталық Азиядағы ең алғашқы нысандар. • 2008 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы тұрғын үй бағдарламасы қабылданды. • 2008 жылы қазан айында - Қазақстан азаматтарына патриоттық тəрбие беру бағдарламасы қабылданды. • 2008 жыл 17-19 қазан – Астанадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ислам əлемі жəне батыстың бірқатар мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері деңгейінде «Ортақ əлем: əр алуандылық арқылы ілгерілеу» атты форум басталды. Форумды Қазақстан Президенті ашты. Соңында конференцияның құжаты – Астана декларациясы қабылданды. • 2008 жыл 23 қазан – Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясы өтті. • 2008 жыл 2 желтоқсан – 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді. • 2008 жыл - Украинаның Қазақстандағы жылы деп жарияланды. • 2008 жылы халық жазушысы Əбдіжəміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» кітабының кейіпкерлеріне ескерткіш қойылды. Бұл - Қазақстанда əдеби шығарма кейіпкерлеріне қойылған тұңғыш ескерткіш. Оның авторы - Ерік Жауынбаев. • 2008 жыл 30 желтоқсан – Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Бейжің қаласында өткен ХХІХ жазғы Олимпия ойындарына қатысып, жеңімпаз жəне жүлдегер атанған бір топ қазақстандық спортшыларды қабылдады. Президент Олимпиада чемпиондары зілтемірші Илья Ильин мен боксшы Бақыт Сəрсекбаевты І-ші дəрежелі «Барыс» орденімен, ал күміс медаль иегерлері: зілтемірші Алла Важенина, Ирина Некрасова, дзюдошы Асхат Жіткеев пен еркін күрес балуаны Таймұраз Тигиевті «Парасат» орденімен наградтаса, Олимпиаданың қола жүлдегерлері: Мария Грабовецкая, грек-рим күресінің балуандары Нұрбақыт Теңізбаев пен Əсет Мəмбетовты, боксшы Еркебұлан Шынəлиев, еркін күрес шеберлері Елена Шалыгина мен Арман Шылмановті «Құрмет» орденімен марапаттады. 2009 жыл • 2009 жыл 12 қаңтар – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бірінші интеллектуалдық мектебін ашты. • 2009 жылы қаңтар айында – ҚР-да ұлттық халық санағы өтті. • 2009 жыл 12 ақпан – Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығына арналған партия Саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысы өтті. • Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды. • 2009 жыл 6 наурыз – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дəстүрлі «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын жариялады. • 2009 жыл 11 наурыз – Астанадағы Тəуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ІІ Астаналық экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Алқалы кеңес «Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» тақырыбына арналды. • 2009 жыл 11 сəуір – Иран астанасы Тегеранда қазақтан шыққан тұңғыш геолог, атақты ғалым Қаныш Сəтбаевқа ескерткіш қойылды.

[close]

p. 15

• 2009 жыл 28 сəуір – Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың төрағалық етуімен Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) құрылтайшы мемлекет басшыларының саммиті болып өтті. • 2009 жыл 15 мамыр – Астанадағы Тəуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен партияның кезектен тыс XII съезі болып өтті. • 2009 жыл 19 мамыр Қазақстан Республикасының білім ғылым министрлігінің № 224 Бұйрығымен - «Болашақ» халықаралық стипендиясы бекітілді. • 2009 жыл 1 шілде Əлемдік жəне дəстүрлі лидерлерінің ІІІ съезі өтті. • 2009 жыл 5 қазан – Астана қаласындағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясы өтті. • 2009 жыл 12 қазан – Елордада ІІ Астана экономикалық форумына «Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» атты құрылтайға əлемнің 40тан астам елінен келген ғалымдар қатысты. • 2009 жыл 23 қазан – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа Анкара қаласындағы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының «Еуразия» ордені табыс етілді. • 2009 жыл 26 қазан – Астанада Бейбітшілік жəне келісім сарайында еліміздің Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Ел бірлігі – біздің стратегиялық таңдауымыз» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясы өтті. • 2009 жыл 4 желтоқсан – Греция астанасы Афинада ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері ұйымы кеңесінің 17-отырысында Қазақстан Еуропалық қауiпсiздiк жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалық етудің тiзгiнiн ресми түрде қабылдап алды. • 2009 жылы Кеңестер Одағының екі мəрте Батыры, ұшқыш Талғат Бигелдиновке өзінің атындағы Ақтөбе жоғары əуе институтының алдынан ескерткіш мүсіні қойылды. Авторы – мүсінші, Жастар Одағы сыйлығының иегері Марат Габдрахманов, сəулетшісі Ж.Айнабеков. • 2009 жылы «Қазақ елі» монументі, Тəуелсіздік сарайы, Орталық концерт залы, футбол стадионы жəне өзге де ірі объектілердің салтанатты ашылуы болды. 2010 жыл • 2010 жыл 14 қаңтар Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ə.Назарбаев Европадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті. Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишин» (дəстүр), «транспаренси» (транспаренттік) жəне «толеранс» (төзімділік) болады. • 2010 жыл 29 қаңтар – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық – Қазақстанның жаңа экономикалық өрлеуі, жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты – еліміздің тəуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мəдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу. • 2010 жыл 10 сəуір – ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев АҚШ Президенті Б.Обаманың бастамасымен Вашингтонда өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке қатысып, сөз сөйледі. • 2010 жыл 20 сəуір – «Қазақстан Республикасы» тарихи дерекнамалық көптомдықтың алғашқы ресми тұсаукесер рəсімі өткізілді. • 2010 жыл 8 мамыр – ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне қатысты.

[close]

Comments

no comments yet