druzhban

 

Embed or link this publication

Description

druzhban

Popular Pages


p. 1

МАҢҒЫСТАУ – КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІКТІҢ МЕКЕНІ МАНГИСТАУ – КРАЙ СОГЛАСИЯ И ЕДИНСТВА

[close]

p. 2



[close]

p. 3



[close]

p. 4

МАҢҒЫСТАУ – КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІКТІҢ МЕКЕНІ ҚАЗАҚСТАН ХА ЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ - 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган болып құрылды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Қазақстан халқы Ассамблеясына ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төрағалық етеді. Ол конституциялық орган болып табылады. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ - бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

[close]

p. 5

Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. -Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл 17,5 млн қазақстандық, 100-ден аса ұлт өкілі -800-ден аса этномәдени бірлестік -28-і республикалық этномәдени бірлестік -15 тілде газет-журнал -8 тілде радиобағдарламалар -7 тілде телебағдарламалар шығады -88 мектеп өзбек , тәжік , ұйғыр және украин тілдерінде жүргізіледі -108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі -30 этнос тілдерін оқуға арналған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер бар -4 ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. -2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЛ БІРЛІГІ ДОКТРИНАСЫ қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні. Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие. Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен

[close]

p. 6

қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр. Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымастық Ұйымына қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымастық Ұйымына қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды. Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі Біріккен ұлттар ұйымының жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МАҚСАТЫ – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және руханимәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негізін қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этномәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын және дамуын қамтамасыз етеді.

[close]

p. 7

2015 жыл - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖЫЛЫ 6 ақпанда Қазақстанның барлық өңірінде салтанатты түрде старт берілді. Бұл күні Қазақстанның барлық өңірінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының Жылына Бастау» атты мерекелік республикалық акция өтті. Ақтау қаласында Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті алаңында Ассамблея Жылының Туын, жерлесіміз, 2012 жылы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Бакуде өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов пен Берік Әбдірахманов көтерді. Шара барысында 9 республикалық жоба жарияланды. «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» республикалық мега-жобасы аясында «Менің Қазақстаным» пойыз акциясы мен «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» акциясы жарияланды.

[close]

p. 8

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған «Менің Қазақстаным» пойыз акциясы 30 күн ішінде Қазақстанның 29 елді мекеніне аялдады. Ол Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына 1 сәуір келді. Ал, 2 сәуір күні пойыз Мұнайлы ауданының Маңғышлақ станциясында болды. Оған 1200 адам қатысты. Пойыз құрамында – депутаттар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, дәрігерлер мен өнер майталмандары бар. Олар республика жұртшылығының арасында Мемлекет басшысының «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған басты міндеттер мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық стратегиясының негізгі ережелерін халыққа түсіндіру жұмыстарымен айналысты. «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» республикалық эстафетасының символы «Тайқазан» 6 ақпаннан бастап, Қазақстанның барлық өңірінде болды. Тайқазан Маңғыстау облысына Оңтүстік Қазақстан облысынан 21 наурыз күні келіп, Мұнайлы, Қарақия аудандарында болып, 22 наурыз күні - Наурыз тойында халықтың көзайымына айналды. Оған 12 000 адам қатысты. 2015 жылдың 23 сәуірінде Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен «Мәңгілік Ел: бір ел-бір тағдыр» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІІ сессиясы өтті. Онда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 7 жаңа міндет қойды және оны жүзеге асыру ісіне Ассамблея мүшелері яғни, 17 млн қазақстандық тікелей қатысуы тиіс екендігін қадап айтты. Бұлар – бүкілқазақстандық мәдениетті дамыту, халық бірлігін ортақ рухани-моральдық құндылықтар негізінде нығайту, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттік тіл және үш тілді білім беруді одан әрі дамыту.

[close]

p. 9

2015 жыл – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫ 1465 жылы - Керей мен Жәнібек алғашқы хандықты құрды. Қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алды. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған. Керей мен Жәнібек салып кеткен сара жолды бүгінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жалғап келеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан әлемнің алпауыт елдерімен иық тіресіп, алдыңғы қатарлы елдің біріне айналуда. Бүгінде Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Мемлекет басшысы елдің елдігін көрсетіп, ерлігін танытуда. Бүгінгі күні Назарбаевтың есімі әлемінің көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің қатарында бірге аталады

[close]

p. 10

БИЫЛ АТА ЗАҢЫМЫЗҒА 20 ЖЫЛ. Конституция, Ата Заң (латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан). Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж. 30-тамызында бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекетіміздің Негізгі Заңы. Ол 9 бөлімнен және 98 баптан тұрады. 2015 жыл – ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ. 1941 жылы 22 маусымда ІІ Дүниежүзілік соғыс басталды. Соғысқа Қазақстаннан 1 млн 366 мың адам қатысқан. Ал, майдан даласында олардың 600 мыңы қаза тапты. Маңғыстау облысынан 6000 адам аттанып, олардың 1200-і ғана елге аман оралған. 1945 жылы 9 мамырда Кеңес армиясы Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. Биыл Ұлы Жеңіс мерекесіне 70 жыл. Атаулы датаны е с ке р е от ы р ы п , М е м л е ке т басшысы 2015 жылы - Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өтуді тапсырды. Осыған орай, Республиканың түкпіртүкпірінде көптеген шаралар атқарылуда. 7

[close]

p. 11

2015 жылдың 20 мамырында – МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ– «ҰЛТ ЖОСПАРЫ. БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАСЫН» ЖАРИЯЛАДЫ Ұлт жоспары - бес инстит уционалдық реформасының төртінші тармағы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына арналған. IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК 85-қадам. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» патриоттық актісі жобасын әзірлеу. 86-қадам. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ҮЛКЕН ЕЛ - ҮЛКЕН ОТБАСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «Астана - Еуразия жүрегі», «Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады. 87-қадам. Азаматтық біртектілікті нығайтудың «МЕНІҢ ЕЛІМ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соның бірі - «ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ - ӘРБІР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ. Порталға Қазақстан бойынша 3D бейне турлары, елдің тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардың өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бір есептен елдің «сапарнама карточкасына», ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына 8

[close]

p. 12

және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады. 88-қадам. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол « Н Ұ РЛ Ы Ж О Л » и н ф р а қ ұ р ы л ы м д ы қ д а м у, И Н Д У С Т Р И Я ЛАНДЫРУДЫҢ екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып,ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ ИДЕЯЛАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУГЕ, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады. 89-қадам. «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕНГІЗУ. 90-қадам. Бес институттық реформаны, сондай-ақ, БАҚ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондайақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТУ ЖӘНЕ ІЛГЕРІЛЕТУ. 9

[close]

p. 13

Маңғыстау облысындағы этномәдени бірлестіктер туралы мағлұмат этномәдени бірлестігі этномәдени бірлестігі этномәдени бірлестігі этномәдени бірлестігі Т.Г.Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігі Лесниченко Татьяна Степановна 10

[close]

p. 14



[close]

p. 15

Ассамблея народа Казахстана – это главный и прочный фундамент мира, согласия и дружбы всех этносов, живущих на благословенной земле нашей Родины. Она сыграла важнейшую роль в истории становления и укреплении Независимости, всенародном принятии Конституции Республики Казахстан, проведении глубоких реформ экономики, масштабных преобразований социальных и политических основ нашего общества. Нурсултан Абишевич Назарбаев

[close]

Comments

no comments yet